ЖҰМЫС ЖАҚСЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

Мәселе Тәрбие
1 007 Views

Жасөспірімдік жас – сындарлы кезең. Бұл кезеңде адам өзінің ішкі жан дүниесіне алғаш ретүңіліп, айналасына жаңаша көзбен қарай бастайды. Өсіп әлі толық қалыптаспағанжас санаға дұрыс бағдар беріп, бағыттамаса арты үлкен өкінішке алып келуіықтимал. Бүгінде қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар менжасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандарарасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Қазіргі таңда көкейтесті мәселелердіңбіріне айналып отыр. Себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердіңсаны азаяр емес. Бұл санатқа көбінесе отбасылық жағдайы нашар, ата-анасы көңілбөлмейтін, өздеріне өздері билік етіп жүрген балалар жатады.

Бұл дертпен күрес өте күрделі жұмысты талап ететіні тағы бар. Қылмыстың алдын алу жолында Шымкент қаласындағы Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейі де біршама істер атқарып келеді. Мектеп директоры Жанар Ержанқызы Саржанованың айтуынша ұжым «Жыл мектебі» атағын жеңіп алса, ұстаздары олимпиада мен сайыстарға қатысып, жүлдегер атанып келеді. Мектеп салалық білім беру бойынша Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесіп жұмыс істеуде. Химия пәнінен қалалық деңгейде өтетін Менделеев олимпиадасының жүлдегерлері осы жоғары оқу орындарының студенттері. Мектепте химия пәнінің жоғары деңгейде өтуіне көп жағдай жасалған. Ұстаздар оқушының тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлуде. Мектеп бітірушілер «Құрмет» сертификатымен марапатталады. Шәкірттері Ұлттық бірыңғай тестілеуден үздік нәтиже көрсетіп, алдыңғы қатарлардан көрініп келеді. №15 мектеп-лицей білім мекемесі ғана емес, сондай-ақ оқушылар қоғамының, мұғалімдер мен ата-аналардың татулығының көрсеткіші ретінде ұлттық дәстүр мен мәдениетті құрметтейтін орта. Мектеп философиясы жеке тұлғалық білімге және ізденімпаздыққа негізделген.

Атқарылған шаралар жайлы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанна Өтемісқызы Жабишевамен (суретте) сұхбаттасып, білген болатынбыз.

– Кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қандай шаралар атқарылуда?

– Қазіргі таңда мектебіміздің тәрбие бөлімінде сегіз бағыт бойынша жұмыс жасалуда. Атап айтар болсақ, бірінші бағыт Қазақстандық патриотизм және адамзаттық тәрбие, құқықтық тәрбие. Бұл бағыттың басты мақсаты патриоттық және адамзаттық сипаттағы Отанға ұжымды қалыптастырып, эмоционалды қатынастық негізде жүйеленген мемлекеттің және қоғамның заңдарын ұғыну мен сақтау. Саяси-құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға дайын, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Осы бағытта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары аптасына екі рет жүйелі түрде жекеленген ұлдар мен қыздар жиналысын өткізіп тұрады.Сонымен қатар мектеп инспекторы таңғы сағат 7:50-ден бастап 19:00-ге дейін мектеп тәртібін күзетеді. Мектепте құқықбұзушылық орын алмауын қадағалайды. Әр аптада рейд жұмыстары өткізіледі.

Мұндай атқарылып отыратын іс-шаралардың енді ғана көкжиекке көз тастап, әлемді танып келе жатқан жас ұрпақты жаман қылықтар мен әдеттерден қорғап, оның болашақта дұрыс адам болуына ықпал етеді деп үміттенеміз.

Қолға алынған мұндай іс-шаралар тек біздің мектепте емес, жалпы қала бойынша жастар қадағалаусыздығының алдын алып отыр десе де болады.

– Мектептің арнайы ережесі бар ма?

– Құқықбұзушылықты болдырмау, тағы басқа да тәртіп бұзушылыққа жол бермеу мақсатында жыл басында мектептің ішкі тәртіп ережелері бекітіледі. Мектеп мұғалімдері ата-аналар мен оқушыларға түсіндіру жұмысын жүргізіп, ережемен толық таныстырады. Осылайша мектептің өзіндік талаптары қалыптасқан. Мектепте алты күндік оқу жүйесі болғандықтан, мұғалімдер аптаның барлық күнінде таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап кешкі 19:00-ге дейін кезекшілік қызметін атқарады. Екі ауысым бойынша ауысып, кезекшілікте тұрады.

Мұндай ереженің болуы өз кезегінде оқушыларды назардан тыс қалдырмай, тәртіптің қатаң сақталуына ықпал етеді.

– Мектептегі қылмыс ахуалы қандай?

– Қазіргі таңда мектебімізде білім алушылар құқықбұзушылық бойынша ешқандай есепте тұрған жоқ. Бізде «Адал ұрпақ», «Жас ұлан», «Жас қыран» сынды мектеп клубтары жұмыс жасайды. Оқушылар уақытын тиімді пайдалануда. Сондай-ақ, жыл сайын үздік оқушылар арасында сайлау өткізіліп, мектеп президенті тағайындалады. Ол өзінің тобымен оқу жылының соңына дейін жұмыс жасайды. Мәселен, қалалық «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесе отырып қалалық деңгейдегі іс-шараларда жоғары деңгейде көзге түсіп келеді. Мектебіміздің оқушылары республикалық деңгейдегі дүбірлі додалардан топ жарып, спорт сайыстарынан үздік атанып жүргенін мақтанышпен айта аламыз. Тарихы терең мектеп химия бағытындағы лицей болғандықтан, химия саласындағы үздік мектеп ретінде танылғаны баршаға мәлім.

Айта кетейік, қазіргі жастар өте алғыр, білгір балалар. Оларға осындай мүмкіндіктерді жасау да керек. Себебі өскелең жас өзіндегі энергияны бағыттайтын, өзінің бос уақытын жұмсап, өзінің «менін» көрсете алатын орта таппаса, ол оны басқа жақтан іздей бастайды. Осылайша теріс қылықтарға әуестік пайда болады. Сол себепті біздің мектеп бұл бойынша өте жақсы жұмыс атқаруда деп нық айта аламын. Жоғарыда айтылған үйірмелер балалардың бойындағы потенциалын ашып, олардың заманауи бәсекелестікке қабілетті, бойында азаматтық ұстанымы нық қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде. Оқушыларымыздың құқықбұзушылық бойынша ешқандай есепте тұрмауы да осы атқарылған жұмыстың жемісі.

– Мектептердің қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкеніне байланысты, онлайн шаралар өтіп тұра ма?

– Әрине, онлайн түрде де іс-шаралар өз жалғасын тауып келеді. Мысалы, 20 сәуірде Шымкент қалалық білім басқармасының бастауымен Халықаралық «Жер күні» мерекесі өткізілді. Табиғатты аялауға үндейтін, экологиялық шараға мектебіміздің оқушылары белсене қатысты. Табиғатты қорғау тақырыбында бейнероликтер мен презентация түрінде жұмыстарын жіберді. Сонымен қатар 1 мамыр күні болған Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде ата-аналарымен қосылып, бейнероликтер жіберді. Мақсат – бір шаңырақ астында тұрып жатқан әртүрлі ұлт өкілдерінің достығын насихаттау болды. Шара аясында қашықтықтан оқыту жөнінде өз пікірлерін білдіріп, еңбегі биік ұстаздарға алғысын жаудырды. Құқықбұзушылық орын алмау үшін ата-аналардың тәрбиесі маңызды. Осы мақсатта ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, әр дүйсенбі онлайн жиналыс өткіземіз. Сынып жетекшілері ата-аналардың қатысуымен сынып сағаттарын өткізеді. Мектеп психологтары түрлі тақырыпқа сай сан алуан сұрақтарға жауап беру мақсатында ата-аналармен онлайн жұмыстар жүргізеді. Осылайша онлайн оқудағы қиындықтарды бірге шешіп келеміз.

Алда келе жатқан 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Ұлы жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шараларды онлайн түрде өткізу ұйымдастыру үстінде. Осылайша оқушылардың уақытын тиімді өткізуін қамтып, ата-аналармен байланысты арттырып келеміз. Бұл жобалар қылмыстың алдын алу жолында жасалған маңызды қадам дер едік.

Әлия ТҮГЕЛБАЙ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *