ТАҒЫ ДА CHALLENGE

Жастар
13 Views

Карантин уақытында өз оқырмандарының көңілін аулауды әдетке айналдырған Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығы кезекті сайыстар туралы хабарлады. Олардың бірі – отбасылық құндылықты дәріптейтін және оның нығайуына ықпал ететін «Менің отбасым!» атты challenge.

Орталықтыңинстаграм парақшасында Қайырлы кеш, достар! «Менің отбасым!» атты challenge басталғанын қуанышпен хабарлаймыз! дей келе жоба ережелері нақтыланған жазбажарияланған.

Байқауға қатысу үшін:

Жанұяңыздың бұрынғы және қазіргі уақытта түсірілген фотоларын салыстырмалы түрде әлеуметтік желідегі парақшаңызда жариялап, @resurstyq_ortalyq белгілеп , #менің_отбасым хэштегімен бөлісу қажет.

Жеңімпаздар 1 маусым күні сағат 17.00-де парақшамыздың тікелей эфирінде анықталатын болады.

Конкурс жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Жариланған келесі сайыс – «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы. Мақсаты – Тарихи-мәдени мұраны сақтау, тарихи, мәдени ескерткіштерді және мемориалды кешендерді қалпына келтіру бойынша жобаларды жүзеге асыруда ел азаматтарының санын арттыру. 2020 жылдың 23 сәуірі мен 23 мамыры аралығында өтеді.

Шағын гранттар байқауына қатысуға жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарына рұқсат етіледі. Барлық өтініш берушілер Qazvolunteer.kz платформасына тіркелген болуы тиіс. Өтінішті жекелей берген жағдайда оны берушінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс. Бастамашыл топтың атынан өтініш берген жағдайда, топ жетекшісінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс. Топтың қалған мүшелеріне қойылатын талаптар – жасы 14 жастан жоғары. Жобалар волонтерлік қызмет тәжірибесіне азаматтарды тарту үшін тиімді механизм мен жағымды жағдай жасау арқылы волонтерліктің жүйелі дамуына бағытталған «Birgemiz» Волонтерлер жылын өткізу концепциясына сай болуы тиіс. Байқауға қатысу үшін жобалық өтінімдерді Ереженің Қосымша №1 сай рәсімделіп, PDF форматында 2020 жылғы 23 мамырдың Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18:00-ге дейін birgemizasylmura@gmail.com электронды почтасына жіберу қажет. Байқау ережесімен танысу үшін @birgemiz_asyl_mura био сілтемеге өтіңіз немесе zhasulan.kz сайтынан оқи аласыз!

Сан түрлі сайыстарда топ жару мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Еске сала кетейік, карантин басталғалы бері аталмыш орталық «Үйде бірге оқимыз» марафонын ұйымдастырған болатын. Екінші және үшінші орынды иеленген жеңімпаздарға жүлделер табысталып, Бас жүлде иегері Құндыз Сейтке Iphone 11 pro сыйлығы табысталған болатын. Ең бастысы – Шымкент жастарының кумиріне айналған орталықтың осындай жобалары өз оқырмандарының көңілінен шығуда.

Гүлнұр БАЙДУЛЛАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *