Құқық
2 199 Views

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің еңүздік PR стратегиясы» атты республикалық конкурсына қатысқан Түркістан облысыМКД-нің бірнеге қызметкері марапатталды. Бұл аталған республикалық байқауаясында марапатталғандардың ең жоғары көрсеткіші болып саналды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасынарттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылғандай:

«…«Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал, өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс.

Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс. Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі».

Осындай міндеттерді жүзеге асыруда Мемлекеттік кірістер комитеті республикалық байқау ұйымдастырған болатын.

Шығармашылық байқауға Түркістан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері белсене қатысты. Түркістан облысы бойынша барлық аудандардан 20-ға жуық жоба қабылданды.

Қоғаммен, БАҚ-пен тығыз байланыс орнату, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кадрлық әлеуетті жетілдіру – біздің тұрақты жұмысымыз. Қызметкерлер байқауға қатысу арқылы мекеме имиджін көтеруге деген талпыныстарын көрсетті.

Байқауға қатысқан қызметкерлер марапаттау рәсімінен ерекше тебіреніспен оралды. Марапаттау рәсіміне танымал тұлғалар, журналистер мен эстрада жұлдыздары шақырылды. Түркістан облысынан барған байқауға қатысушыларды Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев марапаттады.

Сонымен, конкурстық комиссияның шешімімен Түркістан облысынан қатысқан Мемлекеттік кірістер комитетінің он қызметкері ынта-жігері мен мемлекеттік кірістер органдарының дамуына қосқан үлесі үшін барлық қалған қатысушылар ҚР ҚМ МКК-нің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бұлар – Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас мамандары – Баян Тұлғабаева, Назгүл Ахметова және жетекші маманы Хафиз Төреқұлов. Дәл осындай Құрмет грамотасына бірқатар Түркістан облысы бойынша аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері де ие болды. Олар – Ордабасы ауданы бойынша МКБ бас маманы – Еркін Зияев және жетекші маманы – Назгүл Түлтаева; Сайрам ауданы бойынша МКБ-ның бас маманы – Тахиржан Каримов; Төлеби ауданы бойынша МКБ-ның бас маманы – Мария Бимурзаева және Түлкібас ауданы бойынша МКБ бас маманы – Жанат Байғұт.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы алдағы уақытта да өз міндеттерін жоғары деңгейде орындап, ақпараттық саясат пен билік және халық арасындағы сенімнің ұлғаюына өз үлестерін қоса беруіне тілектестік білдірді.

Әлібек ЛЕСОВ,

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *