АҚЫННЫҢ ТОЙЫ – ХАЛҚЫНЫҢ ТОЙЫ

Мерей
42 Views

Күншуақты Оңтүстік өңірінде айтулы ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бақытжан Алдабергенұлы Алдиярдың ердің жасы – елуге толған мерейтойы  зор салтанатпен атап өтілді. 13 қараша күні Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды қаламгерді арнайы қабылдап, тиісті сый-құрмет көрсетті.

14 қарашада Түркі әлемінің мәдени және рухани орталығы – Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында облыс әкімдігінің қолдауымен ақын Бақытжан Алдиярдың 50 жасқа толған мерейтойына арналған «Аналардың анасы» атты  шығармашылық кеші өтті. Оған  зиялы қауым өкілдері мен қала жұртшылығы қатысты.

Салтанаттыкешті айтыскер һәм жазбагер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының  Астана қаласындағы  өкілі Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді. ҚазақстанРеспубликасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев құттықтау сөз сөйлеп,Мемлекет басшысының атынан Бақытжан Алдиярға арнайы Алғыс хат пен «Алтын Барыс»төсбелгісін табыстады. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен ақын, Халықаралық ТURKSOU  ұйымы жанындағыТүркі мемлекеттері Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ҰлықбекЕсдәулет құттықтап, өздерінің сый-сияпатын жасады. Айтыскер ақын, ҚазақстанРеспубликасының мәдениет қайраткері,  «Алтын домбыра» сыйлығының иегері БекарысШойбеков қалың жұртшылыққа өзінің арнауын ұсынды. Кеш барысында  ақындар – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жарас Сәрсек, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Ерлан Жүніс, әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы   өздерінің жүрекжарды ізгі тілектерін жарысажеткізді.

Әнші, сазгерлер Роза Әлқожа мен Құралай Сәтмұхамбетова ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының көркемөнерпаздар үйірмесінің оқушылары ақын өлеңдерін оқыды. «Жаңалеп» өнер ұжымы әдеби композия ұсынды. Ел арасында кеңінен таралған «Ерке қыз»әнін орындады. Кеш барысында Бақытжан ақын өзінің бірнеше өлеңін оқыды.

15 қарашада ақынтойы шырайлы Шымкент шаһарында өз жалғасын тапты. Жастар ресурстық орталығында«Қолтаңба» деп аталатын әдеби-сазды кеш өтті. Оған айтулы ақын Бақыт Беделхан модераторлық жасады. Мейіржан Жақып арнау өлеңін оқыды. Шымкент қаласы әкімініңорынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек сөз сөйлеп, қала басшысы Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбековтың  құттықтау хатын оқыпберді. Шайырдың иығына оқалы шапан жапты. Ақындар – Ханбибі Есенқарақызы,Ұлықбек Есдәулет, Дәулеткерей Кәпұлы, Жанарбек Әшімжан, Ерлан Жүніс, Сабырбек Тұрлыбек өздерінің ізгі ниетке толы тілектерін жарыса жеткізді. Әдебиет сыншысыАмангелді Кеңшілікұлы Бақытжан Алдиярды «ХХІ ғасырдың Бас ақынына» балады.Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қаласындағы өкілі Момбек Әбдәкімұлы,Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетініңатынан Қайрат Анарбаев құттықтау сөз сөйледі. Осы жоғары оқу орнының біртоп  студенттері ақын өлеңдерін нақышынакелтіре мәнерлеп оқыды.  Әнші, сазгерРоза Әлқожа әуелетіп ән шырқады. Бақытжан Алдияр өзінің «Өмірбаян», «Бір түрлі өлең», «Сот залынан репортаж», «Элиталы өлең» секілді өлеңдерін оқыды. ДәулеткерейКәпұлы «Алтай», ал Бақытжан Алдияр «Салтанат» күйлерін күмбірлетті. Салтанат қаладағы«Көркем» тойханасында жалғасын тапты. Онда да ізгі тілек айтушылар көп болды.

Ә.КЕЛЕСҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *