«БИЗНЕС БАСТАУМЕН» ОРТАЛЫҚ АШЫП, КӘСІБІН ДАМЫТУДА

Экономика Қоғам
524 Views

Созақ ауылының тұрғыны Тоғжан Асқар-бекқызы «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік негіз-дерін оқыту бойынша грант жеңіп алған еді.

Бүгінде ол «Togzhan cakes» кондитерлік өнімдер шығаратын орталық ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Оның тәттілеріне тапсырыс берушілер де көп. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылында болып, шағын кәсібін дөңгелетіп отырған Тоғжан Асқарбекқызының кондитерлік цехында болып, ондағы жұмыстармен танысты.

– Біз шағын кәсіпкерлікті дамытуға ниет білдірген тұрғындарды қашан да қолдаймыз. Өзінің кәсібін шебер меңгерген Тоғжан қарындасымызға алғысымды білдіремін, – деді аудан басшысы.

Тоғжан Асқарбекқызы кондитерлік өнімге ауыл тұрғындарынан, көршілес елді мекендер мен ауылдардан сұраныс көп екенін жеткізді.

– Әлеуметтік желіде арнайы парақшамыз бар. Кей күндері үлгере алмай жатамыз. Ең бастысы, кәсібім өзіме ұнайды. Әрбір тұтынушы тәтті бәліштің, ыстық тоқаштар мен мерекелік торттардың дәмді екенін білдіріп, алғыстарын айтқанда қуанып қаламын. Атам қазақ «алтын алма, алғыс ал» деген ғой. Мен үшін алғыстан асқан байлық жоқ, – дейді өзі.

Тоғжанның жолдасы Малохиддин Абламидов 2021 жылы грант ұтып алған. Сол уақыттан бері ағаш өңдеумен шұғылданады. Бүгінде оның ағаштан жасаған бұйымдарына да сұраныс көп. Абламид өз шеберханасында ауылдың екі тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *