«БИЛІК ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ДАМЫМАЙДЫ»

Мәселе
85 Views

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Бас редакторлар клубыныңмүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Арыстанбекұлы Құрманәлиев азаматтың айтулы шағы – 60-қа толды. Әйгілі ғалымның мерейтойымұқым еліміздің көлемінде кеңінен атап өтілуде. Әсіресе астанадан басталғанғылыми шаралар Алматыда жалғасын тауып, халықаралық деңгейдегі іргелі шараларға ұласты.  Тілім, ұлтым дептыным таппай жүрген академиктің қоғамдық-саяси өмір мен ғылым саласындағыерекше еңбектеріне жоғары баға беріліп, мерейтойлық шаралардағы сый-сияпаттарда парасатты профессордың азаматтық келбеті де айқын айшықталды.

Оқырмандарымызға анықтама үшін айта кетейік Құрманәлиев Кәрімбек 1962 жылы 20 сәуірде Түркістан облысында дүниеге келген. Филологияғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымакадемиясының академигі, ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері. Алматышет тілдері институтын (1986, қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлемтілдері университеті) бітірген. Осы институттың кәсіподақ комитеті төрағасыныңорынбасары (1986–87), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында(қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) оқытушы, доцент,кафедра меңгерушісі (1987–2000), «Қайнар» университетінің вице-президенті –ректоры (2000–03), ҚР Білім және ғыл. мин-лігі Жоғары білім беру департаментідиректорының орынбасары, директоры (2003–07), Еуразия ұлттық университетініңинновация жөніндегі проректоры (2007–08) қызметтерін атқарды. 2008 жылданҚазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылым академиясының вице-президенті. «Қазақтіліндегі сөзжасамдық ұя мәселесінің теориялық негіздері» тақырыбында доктордиссертация қорғады. 80-нен астам ғылыми жарияланымның, 4 монографияның авторы.

Академик Кәрімбек Құрманәлиев еліміздің ғылым саласындағы белгілі қайраткер ретінде медиакеңістікте жарқырай көрініп, өзінің азаматтық ұстанымдарын ашық айтып жүр. Жақында «Астана ақшамы» газетіне берген «Тіл тұғырға қонбаса – ел өгей» сұхбатында тіл тағдыры туралы тәлімді ой айта келіп, ойын былайша өрбітті: «Тіл тәуелсіз болмай, ел тәуелсіз болмайды. Билік қазақша сөйлемей, мемлекеттік тіл дамымайды. Қазір бізде айтқыштар көп, қазақ тілі дегенде қабырғасы қайысып, қан жылайды. Бірақ өзінің балалары, немерелері бір ауыз қазақ тілін білмейді, тіпті қазақ тіліне пысқырып та қарамайды. Өз отбасына сөзі өтпеген адамның қоғамға қалай сөзі өтеді? Сондықтан мен ондайларға тіл туралы мәселені өзіңнен баста дер едім».

Ал бүгінгі саяси өмірдегі мына позициясына қалайша ризаболмасқа: «Бұрын халықтың үні Ақорданың мінбесіне көп жете бермейтін. Айтылмадыемес, айтқызбады, ал қазіргі билік «айт, шындықты айт» деп ерік беріп отырғандабіз өзекті мәселелерді ортаға салып, оны шешудің тәсілдерін ұсына алмасақ,біздің азаматтығымызға сын. Демек біз тайсақтамай, билік өкілдерінің алдындамәймөңкелемей, халық жағында тұрып, көптің үнін билік өкілдеріне жеткізу. «ЖаңаҚазақстанды» Тоқаев жалғыз құрмайды, оған бәріміз атсалысуымыз керек. Халыққолдамаса, ханның да жоспары құр айқайдан аспай қалатыны белгілі. Өз басым осыатауды тым дұрыс деп есептемеймін, әсілі «Жаңа Қазақстан» емес, «Жаңарған Қазақстан» болуы керек еді. Егер «Жаңа Қазақстан» десек, 30 жылғы сіңірген еңбегіміз қайда қалды?! Ескілік боп есепке алынбай ма?! Демек «ЖаңарғанҚазақстанға» жаңарған идеялар, жаңаша көзқарастар керек».

Абыройы асқақ академиктің қоғамдық өмірдегі азаматтық келбеті, ғылым жолындағы қыруар істері туралы республикалық, жергілікті басылымдарда жаппай жазылып жатыр. Бұл Құрмет, Парасат ордендерінің иегері Кәрімбек Арыстанбекұлының маңдай терінің жемісі. Өз күшімен ауылдан шығып, академик дәрежесіне дейін көтерілген пайымды профессорды 60 жылдық мерейтойымен тағы бір мәрте құттықтай келіп, саясат пен ғылымдағы қадамдарына сәттілік серік болсын дегіміз келеді.

Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН,

Бас редакторлар клубының бірінші вице-президенті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *