БІР ӨЗІ – БІРТҰТАС ДӘУІР

Тұлға
387 Views

Тұлға – өзімен ғана емес, елімен, халқымен тұлға. Оған өзін ғана өсіру, өзін ғана қамтамасыз ету аз. Елін, халқын өсіруге, жетілдіруге тырысқан тұлға ғана ел есінде қалады. Тұлғаны қоғам және тарихи уақыт туғызады. Тұлға дегеніміз – субъект. Ол басқаларға ұқсамайды. Оның өз келбеті мен ойы, пікірі мен көзқарасы болады. Ол өзінше әрекет жасайды. Басқаның жетегінде жүрмейді, керісінше, соңынан көпшілікті ерте біледі. Өйткені, олардың көбіне көшбасшылық тән. Сондай көшбасшы тұлғаның бірі – Ресейдің Кемеров облысын ұзақжылдар басқарған, Халық губернаторы атағына ие болған жалғыз қандасымыз Амангелді Төлеев. Егер Ресей Федерациясында 89 субъекті бар екенін ескерсек, ол Халық губернаторы атағын алған жалғыз саясаткер екенін ұмытпағанымыз абзал.Елден жырақта жүрсе де ормандай орыстың арасында ұлтының қазақ екенінжасырмаған ол ісі мен сөзі арқылы халық жүрегіне жол тапқан қайраткер тұлға.Қанға біткен қайсар мінезі арқылы ол өз ұстанымымен өмір сүрді. Дара бітімді болмысымен биліктің пирамидалды төріне жарасар тұғырлы тұлғаға айналды. ОлРесей билігіне өзінің кемел басшы, мемлекетшіл тұлға ретінде мойындатты.

Бір ұлттың баласы болып өмір есігін ашқан ол, өсе келе бүкіл адамзаттың перзентіне айналды. Ол – уақыт туғызған ұлы тұлға. Ал ұлылар ұлтқа, руға бөлінбейді. Өзіңе, отбасыңа, ұлтыңа, одан қалды адамзат мұратына қызмет етуадамдық қалыпқа жатады. Сондай азаматтық мұратынан айнымаған Амангелді Төлеев 1944 жылы Түркіменстанның Красноводск қаласында дүниеге келді. Одан кейінгі барлық тұтас өмірі Ресейде өтті. Бірақ қазақ даласын тарихи отаным деп өсті. Сол топырақтан кіндігін үзбеді.

Асыл азаматтың әкесі Молдағазы Төлеев Ақтөбе облысының Ойыл ауданындадүниеге келген. Оқыған, көргені мол Молдағазы аға Саратовтағы заң техникумынбітіріп, еңбекке ерте араласады. Ел басына күн туған сонау отызыншы жылдардағыұлы нәубет кезінде атақонысынан еріксіз үдере көшкен жұртпен бірге үстірт асып, Түркімен жерінен сая табады. Оқыған біліміне сай қызметке тұрып, тезкөтеріледі. Отыз жасында Красноводск облыстық сотының төрағасы, ТүркіменстанРеспубликасы әскери трибуналының мүшесі қызметтерін үлкен жауапкершілікпенатқарады. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, аман-есен оралған соңҚазақстанның Түркістан облысы Шардара ауданына ағайындарының ортасына келіпсіңісіп кетеді. Бірақ оған әкесімен аман-есен көрісуді тағдыр маңдайына жазбады. Әкесінің асыл сүйегі Шардара ауданында жерленеді. Оның туған жертуралы: «Маған жұмақтың төрі қайда десе, ол қазақ жерінде деп жауап берер едім. Себебі, менің жеті атамның сүйегі осы топырақта жатыр», – деуінің өзі осыдаланың бір ұланы екенін дәлелдесе керек.

Өмір ақиқатын көре білмеген жанның адасатыны да белгілі. Молдағазы аға жанжары Мунира Файызқызымен дәм-тұзы жараспаған соң ажырасып тынады. Бала қашандаанасының бауырында қалатыны белгілі. Мунира жеңгеміз содан төрт жасар Амангелдіні жетектеп, төркін жұртын сағалайды. Санасын өмір ақиқаты емдегесінбасын күйттеп, бағытын Краснодар өлкесіне қарай бұрады. Бала Амангелдіжастайынан өте өжет, алғыр болып өседі. Бертін келе анасынан әкесін сұраудыәдетке айналдырады. Шындығында, балаға әке керегі анық. Анасы алғашындашатып-бұтып әрнәрсені айтқан болады. Мұндайда не айта қойсын. Баласының түпкілікті ақиқатына жетпей қоймасын білген соң, «әкең соғыстан оралмады» депсоғып қалады. Амангелді осында ержетіп, кейін Кубань теміржол техникумынбітіреді. Мамандығы бойынша еңбек ету үшін, сонау Кузбасқа барып, осы ортада өмір тағдырын жалғастырады. Содан бері осы өңірге кіндігімен байланады.

Нағыз ұлтшыл жан сатылмайды, жат ниетке ұлт намысын аяқ асты еткізбейді. Жақындарының «Аты-жөніңді өзгертейік, Роман бол» дегеніне көнбей, өзінің әуелгіесімімен қалады. Осы табандылығы үшін кейін бірнеше рет таяқ та жейді. Шыққантегі қазақ екенін елге белгілі қайраткер дәрежесіне көтерілген кезде де бетінебасқандар аз болмайды. Әйтсе де, ол көп нәрсе талғамға байланысты екенін жақсытүсінеді. Ол үш мәрте Ресей президенттігіне сайлауға түседі. Ресей премьер-министрі Черномырдиннің үкіметінде ТМД елдері жөніндегі министрқызметін атқарады. Сол тұста Ресей үкіметі құрамының 60 пайызын қазақстандықтарқұрайтын. Қазақстанда дүниеге келген премьер-министрдің бірінші орынбасары Олег Сосковец, министр Герман Греф, Мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасы Альфред Кох, Ақпарат министрі М.Полторанин, Ресей Қауіпсіздік комитетінің төрағасыВ.Глушко, Ресей бас прокуроры О. Гайданов және өзін қолдаушы МемлекеттікДуманың төрт шақырылымының депутаты С.Бабурин сияқты қайраткерлер қызмет атқаратын. Әйтсе де, оның атқарып отырған қызметіне қарамастан аты-жөнінетыжырынып қараушылар да болды. Бірақ тағдыр әділеттіліктен тым мақұрым емеседі. Ұлтыңа, жүзіңе, тегіңе қарамайтын, дініңе қарап ешкімді алаламайтын бірқұдірет бар. Ол – халыққа танымал қайраткердің биік адамгершілік парасаты,жарқын қасиеттері, адалдығы мен дарыны, қарым-қабілеті мен білімі, ішкі мәдениеті.

Өзі жақсы адамға қашанда бір кісілік орын бар. Амангелді Молдағазыұлы аз ғана уақытта станция бастығы, кейін 70 мың жұмысшысы бар Кемеров теміржол басқармасының басшысы қызметіне тағайындалады. 1985-1987 жылдары Кемеров облыстық партия комитетінің көлік және байланыс

бөлімінің меңгерушісі болып, партиялық тәртіптің дәмін татады. Осы қызметте жүріп ол облыстық кеңеске депутаттыққа түседі. Кейін облыстық кеңес төрағасы,Ресей Федерациясының депутаты болып бірнеше мәрте қайта сайланады. Бұл бірғасыр бойы қалыптасқан, шаруашылық жүйесінің күйреп, билік механизмі екіполюске бөлініп, өзара қырқысқа түскен кезі еді.

1991 жылы оның Ресей президенттігіне сайлауға түсуі ұзақ уақыт құпия болып келген өмір ақиқатының құлпын ашады. Алғашқы сайлауда-ақ Амангелді Молдағазыұлына Кузбас халқының басым көпшілігі дауыс береді. Сайлау оның абыройын көтереді,атағын халықаралық қауымдастыққа танытады. Сайлау жүйесі болашақ қайраткерге үлкен дивидент алып береді.

1997 жылдың қазан айында 3,56 миллионға жуық тұрғыны бар, оның 90 пайызы орыстар болып келетін, Ресей экономикасының күретамыры атанған Кемеров облысысайлаушыларының 95 пайызы Аман Төлеевті жақтап, губернаторлыққа сайлағанда, солқазақпен ұзақ жылдардан жаудай жағаласып келе жатқан мүйізі қарағайдай орыссаясатшылары шалқаларынан түседі. Сөйтсе, осы уақытқа дейін Ресей губернаторларсайлауында 90 пайыз дауыс алған бірде-бір қайраткер болмаған екен. Қазақтансайланған тұңғыш губернатор барша қарсыластарының саяси амбициясын басып, шаңына тұншықтырады. Бұл тартыста оның негізгі бәсекелесі, Мемлекеттік Думаныңдепутаты болған жергілікті ұлт өкілінің 2,03 пайызы ғана дауыс алғаны Аман Төлеевтің құдірет-күшін, беделін арттырып, аймақта мықты саясаткердің өміргекелгенін сездіреді. Ал, 1991 жылғы президенттік сайлауда оны бүкілресейлікақпарат құралдары бірауыздан жамыраса сынайды. Әйтсе де, айтаққа ермейтінКузбасс халқы Борис Ельциннің өзін Амангелдінің алдында тізе бүктіріп, сағынсындырады. Сол тұста Ресей президенті аймақ бойынша 37 пайыз дауыс алып, халықсаяси электораттың аптығын басып, ойландырып тастайды. Осыдан соң БорисЕльциннің Аман Төлеевті мойындамасқа амалы қалмайды. Алғашқылар қатарында оның Үкімет құрамына шақырылуы да соның ықпалы болатын. Өз таңдауы бойынша саясибелсенділігіне жол ашқан Кемеров облысы әкімшілік басшылығына жібергенде Ресейпрезиденті өзінің кешегі оппонентін орталықтан алшақ ұстауды ойластырған амалыболатын.

Өзінен басым болғанды ешкім де ұнатпайды, әсіресе, ресми адамдар. Кім биікте тұрса, одан да жоғарыда үстемдік еткісі келеді. Жеңу дегеніміз – өзіңе жеккөрушілік туғызу, ал өз мырзаңды жеңу – жөнсіз, тіпті қауіпті синдром. Шындығына сайсақ, шыққан тегі мен болмысы бөлек адамның сол тұста шығысславяндарына билік етуі мүмкін емес еді. Оның өзге ұлт өкілі екені үнеміалдынан шыға береді. Әсіресе, 1990 жылы Ресей президенттігіне сайлауға түскендеоның қазақ ұлтының өкілі болғандығы көп кедергі келтіреді. «Қазақ бола тұраРесейдегі ең жоғары лауазымнан дәмеленуге қандай құқығыңыз бар?» деушілер де болады. Тіпті, Ресей президенті Ельциннің «Сен осы басқа қазақ екенсің ғой» депсұрауының өзі оның арынын басқысы келгендігін білдіреді. Ал Аман ағамыздың күндердің күнінде дәл осындай сұрақтың қойыларын білгендей: «Иә, Борис Николаевич, дұрыс айтасызмен басқа қазақпын, руым – Адай» деп үн қатуы оның меселін қайтарғандай болады.Губернатор болып тағайындалғаннан кейін де ол Ресей президенті Борис Ельцинтуралы ойын бүкпесіз білдіруден қаймықпайды. «Ол Ресей үшін өте қауіпті, елдегі қалыптасқан бүгінгі режим ұрлық пен зорлыққа құрылған» дей келе, биліктарапынан оған қарсы анафема жариялаудың бастамашысы болады. Алмағайып солкезеңде Ресей билігі мықтап адасуға түседі. Қолына ілінгенін бөліп алып,билеуге дейін барады. Ал Аман Төлеев билікке қол жеткізген сәттен-ақ,айналасына еркін ойлы, ішкі харизмасы күшті жергілікті кадрларды топтастырады.Осы уақыттан бастап, оның өмір тарихының жаңа, жарқын беттері ашыла бастайды.

Аман Төлеев губернатор болып сайланған алғашқы жылдары әлеуметтікхал-ахуалына көңілі толмаған жұмысшылар мен халықтың наразы дауыстары қаттырақестіледі. Қоғам кедейшілік шегіне жетіп, билік буындарының өздеріне көмеккөрсетуді сұраған миллиондаған қарапайым адамдардан сырт айналып, олардыңжағдайына немқұрайлы қарау мен сезіктену белең алған мазасыз кезең еді. Дәл осыуақытта Аман Төлеев өндірісшілер тарапынан болатын классикалық «штаб ойынын»,яғни, «ақылды экономикалық ойынды» ойлап табады. Осы арқылы губернатор «индустриялық стратегияны» іске қосып, аймақ экономикасын түзу рельске бұрады.Бұрын келісім-шартта көрсетілген шараларды іске асыруға ерекше мүдделі болып,сол үшін елдегі басқа прогрессивті күштермен тізе қосып әрекет етеді. Осыарқылы аймақта жұмысшылардың өзіндік рөлін көтеріп, көптеген демократиялық өзгерістердің іске асуына мүмкіндік тудырады. Сөйтіп, кейбір қиын жағдайдатығырыққа тіреліп, одан жол табуда парасатты тұлғаның прагматизмі үнемі жеңіпотырады. Аман Төлеевтің осы күшті қасиеті оның көп баламалы нұсқалардың ішіненең қажеттісін таңдап алу кезінде жинақы, иілгіш етіп шыңдайды.

Бұқараның саяси белсенділігінің төмен болуы қалыптасқан сүреңсіз ахуалдыкүшейтіп жібереді. Ол, ең біріншіден, халықтың белсенділігін арттырады.Өркениеттен жырақ, анклавта қалуы халықты интеллектіден, мәдениеттен, этикаданмеңіреу қалуға әкеп соқтыратын еді. Губернатор осы жағынан келгенде аймаққаорталық биліктің баса назар аудару керектігіне көзін жеткізеді. Ресей субьектілерімен өзара байланысын дұрыс жолға қояды.

Аман Молдағазыұлы Ресей вариантында нарықтық экономиканың қалай өрбитініналдын ала көре білді. 1992 жылы шілде айында Кемерово қаласында Біртұтас исламакционерлік коммерциялық банкі құрылғанда оның қоғамдық негіздегі басқармаөкілі болып сайланады. Ислам банкінің құрылтайшылары ретінде «КамАЗ», «ЕлАЗ», Батыс-Сібір металлургиялық комбинаты сияқты ірі өнеркәсіп орындары мен МәскеуИслам мәдениет орталығы, Бүкілресейлік татар мәдени-ағарту орталығын тартады.Ол мұнымен де тынышталмайды. 1993 жылы «Сібір келісімі» аталып кеткен, Сібір қалалары қауымдастығының басқосуында аймақ лидерлері алдында Сібір Республикасын құру жөнінде идеямен шығып, уақытша Ресей астанасын Новосібір қаласына көшіру қажеттігін алға тартуы көпшілік тарапынан қолдау табады. Бұл шын мәнінде отпен ойнау еді. Бірақ биліконың соңын күтеді.

Адамның ғұмыры – қысқа, жүретін жолы – ұзақ. Арпалысқа толы ғұмырының ұзын жолын ой үстінде өткізген ол осы жылдары тумысынан көрмеген туыстарын табады. Ұлттық сезім Отанын іздеп табудан басталады. Көруге ынтызар болған ел мен жерді көріп, көңілдің мауқын басқаны да осы жылдардың еншісінде.

Ол «Мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың 1999-2003 жылдарға арналған негізгі бағыттарын» мұқият зерттей келе, көп нәрсеге көзін жеткізеді. Бұл бағдарламаныңмақсаттары мен міндеттері, өнеркәсіптің дамуына ықпал ететін негізгіпроблемалары мен факторлары онда өте нақты белгіленген болатын. Ең бастысы,негізгі стратегиялық міндет – Ресейдің сырттан өнім тасымалдау тәуелсіздігін біртіндеп төмендету, еңбекті және капиталды көп қажет ететін өндірістен, технологиялық-ғылыми өндіріске ауысу міндеті белгіленеді.

Амангелді Молдағазыұлы қоғаммен, халықпен біте қайнасып, қарапайымдылығымен, сыпайы сөзімен, мәрттігімен, адамгершілігімен көпшіліктіңкөңілінен орын ала білді. Ол өз ортасында аса зиялылық танытады. Ал, зиялылық – адамның ментальдық сапасын білдіретін ұғым. Аман Төлеев үнемі өзін осы формада ұстайды.Осылайша ол индустриялы қоғам алға тартқан мәселені шешуде қабілетін көрсетті.

Ресейдің ірі, бай аймақтарының бірін басқарған қандасымыз игі бастамакөтеруден жалыққан емес. Губернатордың бастамасына орай, Кузбасс аймағындағыстуденттер бірқатар жеңілдікке қол жеткізді. Бастама бойынша, Кемеровгуберниясының басшысы үйлі-баранды, балалы болған студенттерге жылына бір мәртетөленетін губернаторлық стипендия тағайындайды. Күндізгі бөлімде оқитын студенттерге тегін жолдамалар беру туралы шешім шығарылады. Сондай-ақ, күндізгі бөлімде оқитындардың пәтерге төлейтін ақшасының 20 пайызын облыстық бюджеткөтереді.

Ұлтаралық қатынастар – бүгінде әлемдегі ең көкейкесті мәселе. 10-15 жылбұрын бұл мәселелер теориялық айтыстар шеңберінен шығып, көптеген шиеленістердің негізгі себебіне айналды. Тұтас халықтар сол толқынмен бой көтерді. Бірақ,сонымен қоса, олардың ту сыртындағы өзге адамдар мен өзге мемлекеттер геосаяси, қаржылық, экономикалық, шикізаттық және басқа да проблемаларын шешіп жатты.

Өткен жылдар оқиғалары бұл салада келеңсіздіктің аса бай тәжірибесін үйретті, ал оны зердеге салу жаңа қателіктердің алдын алуға мүмкіндік берді.Осы мақсатта губернатор таптық мүдделердің идеялық тайталасуы кезіндегі конфронтациядан, халықты біртұтастыққа үндейтін консолидацияға топтастырабілді.

Кузбасс – жүзден астам халықтардың өкілдері достық пен келісімде өмір сүріпжатқан көпұлтты өлке. Аймақта ешқашан ұлтаралық проблемалар, ұлттық немесе діниэкстремизм орын алып көрген емес. Мұнда адамды ұлттық белгілеріне, «көзініңқиығына» қарап емес, ісіне қарап бағалайды. Облыс әкімшілігінің қолдауыменаймақта тұратын шор және телеут халықтарының қауымдастығы (олар облыстың байырғы тұрғындары), татар, чуваш, неміс, еврей, армян және әзірбайжан ұлттық-мәдени орталықтары белсенді қызмет етеді. Өкінішке қарай, қазақ орталығыжоқ. Ол, бәлкім, тұтас отырған қазақ ауылдарының жоқтығынан болар. Әйтсе де, Кузбаста барлығы 3,5 мыңға жуық қазақ өмір сүреді.

ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРҒАН

Аман Төлеевтің Ресей Федерациясының бұрынғы президенті Б.Ельцин ұсынған мемлекеттік марапат – «Құрмет» орденін қабылдаудан бас тартуы да кезінде үлкендауға айнала жаздап, әрең басылды. Ол президент жарлығына қатысты ойын былайша түсіндірді: «Соңғы жылдары мен әр жерлерде қазіргі жүргізіліп отырған бағытқақарсы екенімді білдіріп келдім. Кузбастық ресейліктердің басым көпшілігінің өмір сүру деңгейінің барған сайын нашарлап бара жатқанымен келіспеуім мүмкінемес. Мен елді қайыршылыққа әкеліп ұрындырған ел өкіметінің наградасын қабылдайалмаймын. Өйткені, халық арасында жұмыссыздық барған сайын көбейіп барады, айлықтары мен балаларына берілетін жәрдемақыларын жұрт айлап, жылдап ала алмайжүр. Халық геноцидке ұшырауда, адамдардың тууынан өлімі көп. Сондықтан менібасымнан бастап аяғыма дейін ордендер мен медальдарға орап қойсаңыздар да, бәрібір мен өз дегенімнен қайтпаймын!».

Қазір Төлеевте бұрынғы кеңес заманында алған екі награда ғана бар. Олөкімет наградасын қабылдаудан бас тартқан әзірге тұңғыш қазақ. Есесіне қандасымыз Қазақ елінің марапатын сүйіспеншілікпен қабылдады.

Қазақстанның Ресейдегі сол кездегі елшісі Тайыр Мансұров Кемерово облысыныңгубернаторына «Астана» медалін тапсырды. Ресейдің танымал мемлекеттік саясиқайраткері еліміздің «Достық» орденімен де марапатталды. Оған бұл марапат екіел халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшінберілді. Әттең, ол марапатты Ақордаға шақырып, бүкіл ел алдында тапсыру керекеді. Оған ондай құрмет көрсете алмадық. Кейін ол Ресей мемлекеті алдындағы адалеңбегі үшін РФ Президенті Путиннің Жарлығымен Александр Невский орденімен марапатталды. Марапатты Ресей президентінің өзі кеудесіне қадады. 2019 жылы бірінші дәрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» орденімен марапатталды. Бұлорденмен Ресейде 65-ақ адамның марапатталғанын ескерсек, бұл атақтың оғаноңайлықпен берілмегенін білуге болады.

1993 жылғы атышулы тамыз оқиғаларынан кейін саяси оппоненттер оны Хасбулатовқа қосып, қолына болат кісен салып, түрмеге апарып тығу үшінжанталасып бақты. Бірнеше рет жол апатын қолдан ұйымдастырды. Періштесі сақтап,аман қалды. Пәтерінің есігі атқыланып, онда да Құдай сақтады.

Ресейдің саржағал ақпарат құралдары шешендердің Шора атты жоғарғы діни соты Төлеевті өлім жазасына кесті деп те шуласты. Оны христиан дініне өтіп кетіптідесті. Кейін бәрі бекер болып шықты. 1992 жылы Аман Молдағазыұлы сол тұстағы РесейЖоғарғы Кеңесінің төрағасы Руслан Хасбулатовпен бірге мұсылмандық парызын орындап, Меккеге қажылық сапарына барып, парызын өтеді.

«МЕН ӨЗ ҰЛТЫМДЫ МАҚТАН ТҰТАМЫН»

Ресейдегі «Путч» пен «ГКЧП» сияқты саяси дүрбелеңдердің лаңымен Амангелді Төлеев Кемерово облыстық кеңес пен атқару комитетінің төрағалығынан заңсызбосатылып, қызметсіз қалған кездері де болды. Бұл енді саяси сатқындықтыңықпалынан болды. Аман Төлеевті сол тұста билікке ұмтылған екі параллель де:солқылдақ Горбачев те, екі партияның сүзгісін сүзген Ельцин де, Шеварднадзе де,Яковлев те сатып кетті.

Аймақта оның қазақ болғанын ұнатпайтындардың бір тобы бар. Кейбіреулер мұнысаяси тартыстарда көзір етіп қарсы қолдануға тырысып бақты. «Сен қазақсың,демек, Ресейдің билігіне ұмтылуға қандай хақың бар?» деп бетіме тіке айтатындармен ұшырастым. Менің не істеуім керек? Әкем – қазақ, шешем татар болса, шешелес бір іні, бір қарындасым бар, олар орыстар, өгей әкемнен. Өмірбойы Сібірде орыстардың арасында өмір сүріп келемін. Олар маған сан рет дауысберді, депутат етіп сайлады, екі рет қатарынан президенттікке ұсынды. Бірақ менәрдайым тұла бойымды қазақтың қаны қыздырып тұрғанын мақтаныш тұтамын. Ал бұрынғы Кеңес Одағында мен сияқты аралас некеден жарық дүниеге келген 70миллион халық бар екен, Ресейде де сондай. Қазақ болғаным үшін қысылатын, тартынатын жағдайым жоқ. Мен өз ұлтымды мақтан тұтамын». Бұл оның өзі туралыөзгеше ойлаушыларға берген жауабы.

Азаматтың қоғамдық белсенділігі өзі өмір сүрген кезеңнің саяси-әлеуметтікөзгерісінен, әрине, тыс қала алмайды. Ұзақ уақыт билік дәлізінің сұрыпталғансынынан өткен оның Кремльдегі жайлы орынтақтардың біріне жайғасуы оған берілгенаванс еді. Ресейдің ТМД елдерімен байланыс істері жөніндегі министр қызметіне тағайындалуы жанып тұрған от пен судың ортасы еді. Сол шақта Амангелді Молдағазыұлын Ресей билігі ТМД елдеріне қарсы бағытталған пікірлер айтуғаитермеледі. Бірақ ол батылдығы мен шыншылдығына сүйенді.

Кезінде Ресейдің «Известиядан» бастап, бірқатар орталық газеттері орысұлтының рухын көтеретін мақалалар жариялады. Осыған байланысты АмангелдіТөлеевтің сыртынан Ресей үкіметі мен федералдық жиналысына «Ресей өз отандастарын, олар қайда да болса, қорғауы тиіс» деген атпен жолдаған ашықүндеуін жариялады. Шындығында оны осылай жасауға мәжбүрледі. Көтерілген мәселелергеорай, мақалалардың жүйелі түрде шығуына қарағанда оның үздіксіз жүргізіліпжатқан даңғаза пиар-науқан екені байқалды.

Рас, аса дарынды адамдардың өздері өз заманына тәуелді болады. АҚШ президенті Теодор Рузвельттің «Саясатта кейде істеуге болмайды деген нәрсеніңөзін істеуіңе мәжбүр болатын сәттер болады» деген сөзі бар. Егер оныңіс-қимылында бір кемшіліктер болса, оны осы формуланың шешіміне табуға болады.

Оның батылдығы кез келген сәтте шындыққа тура қарау болды. РесейдіңКемерово қаласындағы сауда, ойын-сауық орталығында болған алапат апаттан кейіноблыстың губернаторы, қандасымыз Аман Төлеев халықтан кешірім сұрап, орынтағынбосатты. Ресми деректерге сүйенсек, төрт қабатты түгел қамтыған тілсіз жау 64 адамның өмірін жалмаған. Ал, кейбір жерлерде қаза тапқандардың одан да көпболуы мүмкін екені айтылады. Бұл қайғылы оқиғаға басты кінәлі деп губернатордыкөрсетіп жатқандар бар. Денсаулығына байланысты ауруханада жатқан губернатордыңөрт кезінде 11 жасар немересі қайтыс болды. Кемердегі қайғылы оқиғадан соң,облыс губернаторы Ресей президентіне өз еркімен қызметінен кету жөнінде өтінішберді. «Бұл өзім үшін дұрыс, сарапқа салынған, ең әділ шешім деп есептеймін,өйткені мұндай ауыр жүкпен губернатор болып отыруға болмайды, моральдықтұрғыдан мүмкін емес», – деді. Аман Төлеев отставкаға кетсе де, «Халық губернаторы» болып қала берді. Бұрынғы отырған резиденциясын босатпады. Оған айсайын 50 мың рубль зейнетақы тағайындалды. Ол көп ұзамай, облыстық халық депутаттары кеңесінің депутаты мандатына ие болды. Сол тұста хайп қуғандар АманТөлеевті мәскеулік хайп пиарщиктермен жағаласып жамандады.

Төлеевке бірнеше рет қастандық жасалды. Ол сынбады, тіптен төрт дүркін Олимпиада чемпионы Тихонов сырттай тапсырыс беріп киллер жалдады. Сонда дасынбады. 1991 жылы Мәскеудегі Қызыл алаңда кепілдікке алынған қыздың орнынаөзін ұстауын өтінген губернатор 1995, 2001 және 2009 жылдары әртүрлі лаңкестікәрекет кезінде бейбіт азаматтарды құтқарып қалу үшін аянып қалмады. Өрт жайлаған «Зимняя вишня» қожайынын Кемероводан қуып шықты. Ресей бойыншаолигархтар билемеген жалғыз облыс Аман Төлеев басқаратын Кемерова облысы еді.Тұрғындар жалақысы да басқа аймақтардан жоғары болды. Ресей бойынша Кемерқылмыс әлемі ең төмен өңір аталды. Облыс өзін асырады, артығын орталыққа жіберді. Осы қызметте жүріп дертті болды. Биліктен өз еркімен кетуді көздеді. Путин қалатұруын өтінді. Кузбастықтар өз губернаторларын ең қиын кезде де сатпады, барынша қорғады, қолдады. Еріктілерден жасақ құрып, оның қауіпсіздігінқорғаушылар да табылды.

Мәскеулік ақпарат құралдары оны сынаудан бас тартпады. Өткен жиырма жылдамәскеулік БАҚ-қа бас имеген жалғыз губернатор Аман Төлеев болды. Ол Кузбасын көтерді, халықты риза етті. Халықтың әлеуметтік мәселесін шешуге барын салды. Қиын жағдайға тап болғандарға бұрын бес миллион рубль шамасында жәрдемақы төленіп келсе, губернатор оны отыз миллионға көтерді. Яғни, әлеуметтік өтемді европалық деңгейге жақындатқан бірінші халық губернаторы атанды.

Облыс губернаторының отставкаға кетуі бұл өрттің себебі ғана. 53 жастағы Аман Төлеев Кемер облысын 1997 жылдан басқарды. Соңғы кездері аймақты билеугеқұмар адамдардың ойыны өршіп кетті. Әйтпесе, Ресейдің Мәскеу облысы, Раменскауданында ұшақ апатынан 71 адам көз жұмғанда да, Иркутск облысында «Боярышник» сұйықтығынан 74 адам уланып, қапияда қаза болғанда бірде-бір губернатордың отставкаға кетуге батылы бармаған еді.

Оны аяқтан шалушылар да аз болмады. Атақты ресейлік кәсіпкер Михаил Живило Кемерово қаласы сотының шешімі бойынша губернатор Аман Төлеевке жала жапқандығыүшін моральдық шығын ретінде 25 мың рубль төлеп, әрең құтылды. Осыған орайҮндістан көсемі Махатма Гандидің «Алдымен сені елемейді, одан кейін сағанкүлетін болады, одан кейін сенімен күреседі, соңында сен жеңіп шығасың» дегенданалығы еске түседі. Ол осылайша барлық оппоненттерін жеңіп шықты.

Бұл оқиға сонау тоқсаныншы жылдарға жетелейді. Сол шақта аймақты уысынаұстап отырған кәсіпкер Михаил Живило мен оның бауыры Юрий металлургиялық-инвестициялық компания құрады. Аз уақыттың ішінде Кузбасстыңнегізгі көмір және металлургиялық кәсіпорындарын конгломератқа айналдырып алғанкомпания нағыз қожайынға айналады. Ағайындылар сол дәуірге тән стандарт бойыншаеңбек етеді, кәсіпорындарға шикізат жөнелтеді. Олардың арасында ірі-ірі қалайызауыттары, металлургиялық комбинаттар да бар болатын. Аралық фирмалардыңкөмегімен жоғары бағамен өнімдер сатып алынады. Соған қарамастан дайын өнімтүрлі заң бұзушылықпен төмен бағада саудаланады. Ал өндіргіш кәсіпорындардың өзінде болмашы ғана түсім қалатын болған. Бұдан облыстық бюджет миллиардтағансом қаржыдан қағылып келген. Сөйтіп, ұйымдасқан қылмыстық жүйе өз дегенін ұзақуақыт жалғастырып келген. 1997 жылғы губернатор сайлауында бұл компания Аман Төлеевтің кандидатурасын қолдап, қаржылай көмек те бермек болады. Ал, Аман Төлеев болса бұдан бас тартады. Кейін губернатор болып сайланысымен компанияғақарсы ашық «соғыс» жариялады. Онсыз болмайтын еді. Ешқандай тосқауылғакөнбейтін қаржы мен ақпарат ағындарының әрбір мемлекеттің өзіндік жолмендамуына қатері зор. Парақорлық, жемқорлық сияқты адами дамуға керағарқұбылыстар тексіздіктің көрінісі ғана емес, мемлекеттің күйреуіне апаратын жатәрі жағымсыз қылықтар. Мемлекет пирамида сияқты құрылған, егер оның бір тасынқозғасаң, оның құрылысы бұзылатынын Аман Төлеев дер кезінде сезе білді. Осылайшаол тұтастай бір аймақты күйреуден аман алып қалды. Осы әрекеті арқылы облыстықбюджеттің кіріс бөлігін миллиондаған қаржымен толықтырудың жолын ашты.

АДАЛДЫҚ МОСЫСЫНДА

Көптеген ресейліктер демократияның баға жетпес құндылықтарының ауыр күрес арқылы келгенін және бүкіл Ресей бойынша маңызды өмір орнату үшін ұрпақтар күш-жігерінің бірлігі қажет екенін ұмытып кетті.

Бүгінде Ресейде демократпыз деп жүргендер Аман ағамыздың қолына су құя алмас еді. Жалпы, демократияның мәні неде? Демократияның мәні бостандықидеясында жатқанын ресейдің зиялы тобы білсе де, оны өздерінің билікқұмарлығымен тәкаппарлығының табанында езіп жаншыды. Оны жан-тәнімен қорғағандар даболды. Ондай жандар өз заманының саяси сахнасын бақылаған адам екенін ұмытпау керек. Аманкелді Молдағазыұлы сондай қайраткерлердің қатарынан табылды. Оныңфилософиялық концепциясы билік басындағылардың қарапайым адамдарды қорлауыболды. Билеуші элитаның халықты құлға айналдырған таңғаларлық мазохистік мистицизмін түсіне алмады. Рационалист және табиғи шыншылдықты сүйетін оладамзаттың егіз дұшпаны – қараңғылық пен тиранияның Ресей жерінде тамыр жайыпкетпеуіне бел байлау жолындағы күресі оны саясатқа шындап күресуге алып келді.

Осы жолда ол моральдық жетілдіру жоспарын жасап, олардың сақталуы кемелдікке жетуге жол ашатынына сенді. Ресей державасының байырғы тәжірибесіне сүйене отырып, біз Амангелді Төлеевтің барлық шығармаларын адамгершілік жағынан кемел және оқырман үшін өте қызықты ететін қасиеттерін санамалап шықтық. Сонымен:

1) Әр нәрседе абсолютті адалдық.

2) Ашық болу. Ол барлық деңгейдегі оқырмандарынан ештеңе жасыруды мақсат етпей, саяси жолында бірнеше рет сүрінгенін де жасырмайды.

3) Идеалға берілгендік. Ол догматикалық тұрғыда емес, әлемнің шын мәнінде өзгеріп жатқанын көреді және онымен бірге өзі де өзгереді. Бірақ ол өмір бойы бір «догманы» – жалпы адамзаттық құндылықтар мен құқықтарға берілуді сақтап қалады.

4) Жазу қабілеті. Амангелді Төлеев шығармаларының әдеби концепциясы даусыз ақиқат. Ол ХХІ ғасырға тән стильді сақтауымен құнды.

5) Ақылдылық. Кез келген ситуациядан жол тауып сытылып шығу.

6) Ирония. Бұл да айтарлықтай артықшылық, әсіресе, ол басқаларға ғана тән емес, өзіне де тән болуын қалайды.

7) Мейірімділік. Амангелді Молдағазыұлына қарсы қаскөйлер көп болды. Ол ондайларды келемеждеуді де, тарлық көрсетуді де қаламады және ашуланбады. Ондай жандарды кім болса да таптап өтуге құлшыныс танытпады.

8) Көзқарас пен білімнің кеңдігі. Оның аса сабырлы, байыптылығы, өз ісіне адал, шынайы берілгендігі болды. Бұл саяси қайраткердің тұлғалық қадір-қасиетін арттырды.

9) Қолжетімділік. Төлеевтің шығармаларында абстракция жоққа тән. Сондықтан оның философиясы бәріне түсінікті.

10) Логикалық байлам – Амангелді Төлеевтің ең көрнекті қасиеттерінің бірі. Бұл оның шығармаларында көрініс табуымен де құнды.

11) Тарихи алғышарттар. А. Төлеев ХХ – ХХІ ғасырда өмір сүрді және тінін сыбайластық ортада суғармады, саяси өмірін ұлы оқиғалар мен айтулы істерге арнады.

12) Батылдық. Ол қате түсінуден қорықпай сөйлеп, ойлағанын еркін жазатын батыл адам болды.

Оған Ресей президенті тағында отыру бұйырмады. Бұл шынайы ой мен мақсат болды. Амангелді Молдағазыұлы Ресей президенттігіне түскен жалғыз басқа ұлттың өкілі болды. Шындығында ол бүкіл адамзат үшін үлкен талпыныс жасады. Ол саясатта өзін сынау арқылы Ресей билігінің ешуақытта басқа ұлт өкілін ең жоғары билікке жібермейтінін дәлелдеп берді. Бұл тұста АҚШ-та қара түсті саясаткердің билік басына келуі көп нәрсені аңғартады.

Ол үйлесімсіз болып көрінетін нәрселерді таңқаларлық түрде біріктіре білді. Алайда Ресей билігінде бұдан кейін де прагматизм мен бірізділік болмады. Ол өз өмірін нақты жоспарлады, өзіне берілген аймақта кемшіліктерді жоя білді, пайда табумен, ақша жымқырумен айналыспады.

Амангелді Молдағазыұлы ең күрделі уақытта басқару жүйесінде қызмет атқарды.Оның өмірі елге, қоғамға және өркениетке қызмет етуден тұрды. Қажет болғанда, ол қоғам игілігі үшін кез келген уақытта жеке басын құрбан етуге дайын тұрды. Қоғам мен ел игілігіне келгенде оның жеке мүддесі кейінге ысырылды. Сондықтан да ол – адамзаттың дамуы және оның прогресс жолындағы қозғалысы үшінмаңыздылығын асыра бағалауға тұратын бірегей тұлғаға айналды.

Ресей халқының ыстық құрметіне бөленген асыл азамат 2023 жылы 20-қарашадаКемер қаласында ауыр науқастан қаза тапты. Сүйегі анасы Мунира мен баласы Тимурдың жанына қойылды. Асыл ердің 40 күндік садақасы Шымкент қаласында, 100 күндік садақасы Алматы қаласында беріліп, дұға жасалды.

Бекет ТҰРҒАРАЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

заң ғылымының докторы, профессор

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *