МҰСАТАЙ МЕН СӘКЕНТАЙ

209 ViewsМен үшін елуге енді иек артқанда мына жалған дүниеден озған талантты жазушы Мұса Рахманбердиевтің орны бөлек. Екеуміз жас кезімізде Жамбыл облыстық «Еңбек туында» бірге қызмет атқарып, арман қуып, Алматыға келіп едік. Қаламы қарымды досым «Қазақстан» баспасында, «Қазақ әдебиетінде» еңбек етіп, үлкен шығармашылық жолдан өтті. 1990 жылдардың басында «Қазақтелефильмнің» Бас директоры болды. Үш жинағы жарық […]

Толығырақ

СҰЛТАНБАЙ ЖІГІТТІҢ СҰЛТАНЫ ЕДІ

277 ViewsКөзден кетсе де көңілден кетпейтін, соңында ізгілік жолын қалдырған, есімін ел ардақтаған азаматтың бірі – маңғыстаулық Сұлтанбай Нәубетов ағамыз еді. 1936 жылы Форт-Шевченко қаласының маңындағы Құлалы ауылында дүниеге келген Сұлтанбай 1955 жылы Форт-Шевченко қаласындағы қазіргі Е.Өмірбаев атындағы мектепте орта білім алды. 1957 жылы Гурьев педучилищесін, ал, 1962 жылы Гурьев мемлекеттік пединститутының филология факультетін бітірді. […]

Толығырақ

ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАННЫҢ ҚАС ТАРЛАНЫ ЕДІ…

892 Views АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫН АЛҒАШ ҚҰРЫП, БЕДЕЛДІ ҰЙЫМ ЕТТІ Қазақтың қайратты да қайраткер қариялары қандай болады десе, ойланбастан бірден көрсететін қариямыз – Жарылқасын Әзіретбергенұлы еді… Ағамыздың марғасқа інілерінің бірі Марғұлан Марайым бауырымнан «Жарылқасын көкеміз өмірден өтті» деген суық хабарды ауырып жатып естіп, одан сайын қабырғамыз қайысып, көңіліміз құлазып кетті…Шетелде жүрген белгілі қоғам қайраткері, Жақаңның жақсы […]

Толығырақ

САҒЫНЫШТАН ТУҒАН СЫР

579 ViewsӨмірден беймезгіл өткен асыл жар, ардақты ана хақында Сенсіз өмір өтіп жатыр сырғып ағып,Шуақты күлкіңді іздейміз сенің сағынып. Өткен шақпен сөйлеу, жақын болған жанды еске алып, жүректегі сағынышты қағазға түсіру – ең ауыр іс. Бірақ көңілде көмескіленбеген бейне, жүректе өшпеген із барда, мұндай естелікті жазу – парыз секілді. «Сағыну – жүректің үнсіз күрсінісі», – […]

Толығырақ

ЖОМАРТ ЖҮРЕКТІ ТҰЛҒА ТҰҒЫН

722 Views «Адамзат бүгін адам – ертең топырақ,Бүгінгі өмір жарқылдап алдар, бірақ,Ертең өзің қайдасың – білемісің,Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ…»Шәкәрім Құдайбердіұлы. 2010 жылдың көктемі біз үшін ауыр болды. Алдымен сәуір айында Алматыда Жұмағазы ағайым ұзаққа созылған науқастан кейін өмірден өтті. Жұман ағайым да жігіттің төресі, серісі еді. Ағайынның берекесі еді иманды болғыр. Жұман ағамның жерлеуіне […]

Толығырақ

БАСҚАРБЕКТІҢ ЕСІМІ ЕЛ ЖАДЫНДА

725 ViewsЖұлдыздай ағып өтіп, небәрі 36 жас ғұмыр кешкен Басқарбек Битанов сегіз қырлы, бір сырлы азамат еді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген талапты жас Алматы облыстық«Жетісу», республикалық «Егемен Қазақстан», «Халық кеңесі», «Ауыл» газеттерінде жемісті еңбек етті. Қаламы қарымды журналистің жазған туындылары қалың оқырманның көңілінен шығып, республика өміріндегі өзекті мәселелерді көтере білді. Журналистік […]

Толығырақ

ӨҢІРЛІК ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ КӨРНЕКТІ ҚАЙРАТКЕРІ

960 ViewsАқмола облыстық «Арқа ажары» газетінің тарихында есімі алтын әріппен жазылатын тұлғалар бар болса, соның бірі – өрімдей жас жігіт күйінде келіп, бар саналы ғұмырын осы басылыммен байланыстырған, он алты жыл бойы редакторлық тізгінін ұстаған ардақты азамат – Октябрь Қайырұлы Әлібеков.Биыл еліміздегі өңірлік журналистиканың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті қаламгер, бір кездегі Целиноград, бүгінгі Ақмола […]

Толығырақ

ТӘҢІРІ АЛДЫНАН ЖАРЫЛҚАСЫН!

698 ViewsАдамзат тарихының бір белесінде “Аңыз адам” атанған ел ардақтысы, қазақ қоғамында, Сыр өңірінің өсіп өркендеуіне өзіндік үлес қосқан қоғам қайраткері Баянбай Сыздықұлының мәңгілік сапар-қайтпастық кемесіне мініп, пейіштің төрінен орын алғанына да 40 күн толып отыр. Тағдыр, Алланың ісіне не шара? Оған да шүкіршілік етеміз. Алла алдынан жарылқасын!Баянбай Сыздықұлы Қызылорда облысында туып өсті. Текті әулеттің […]

Толығырақ

АҚИҚАТТЫҢ АЛДАСПАНЫ ТЕМІРХАН ДӘУІРІ ЕНДІ БАСТАЛАДЫ!..

651 Views АЛЫПТАРДЫҢ КЕТУІ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР…Қазақ поэзиясының темірқазығына айналған Темірхан Медетбек көкеміз де өмірден озды… Алла алдынан жарылқасын. Иә, өмірден Алаштың алдаспан ақыны Темірхан Медетбек те өтті.Биыл жыл басталғанда Мұқтар Мағауин мен Мекемтас Мырзахметұлы ағаларымыз бірінен соң бірі кетіп, артынша келесі айда Дулат Исабеков те кеткенде “Алыптар кетіп жатыр. Асылдар бізді тастап кетіп жатыр…”-деп жазып […]

Толығырақ

ҰЛТ АРДАҚТЫСЫН ҰМЫТПАЙЫҚ, АҒАЙЫН!

966 ViewsЗамандастарының есінде коммунизм идеясына құлай сенген қаламы жүйрік, ойысергек мерзімдік басылымдардың журналистері де партияның сөзі мен ісінің арасында алшақтық пайда болған кезде халқының мүддесі үшін өз қызметін құрбандыққа шалып жататын. Осындай батылдықтарымен есте қалған баспасөз басшыларыныңбірі – Құрманбек Сағындықов дер едік. Иә, коммунист Сағындықов. Коммунистболғанда да «Қазақстан коммунисі» журналын табандатқан 18 жыл басқарған. Партиятарихи […]

Толығырақ