ДАМУ ҚОРЫ ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ МЕХАНИЗМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КІРІСТІ

Экономика
698 Views

Шымкент қаласының әкімдігінің қолдауымен басымдықберілген жобаларды несиелеу механизмі бойынша іс-шара болып өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолайлы бизнес орта қалыптастыру арқылы ел экономикасындаоның үлесін ұлғайтуға үнемі көңіл бөліп келеді. «Нәтижелі жұмыспен қамту жәнекәсіпкерлікті жаппай дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» –соған бір дәлел.

Қолжетімді несие механизмі – жеке кәсіпкерлік субьектілері, оның ішінде экономиканың Қазақстан өңірлері үшін басымдық берілген салаларындағы жобалардың дамуына серпін береді. Осы бағытта жобаның негізгі артықшылығы шағын, орта және ірі кәсіпкерлермен жұмыс жасау. Кез келген жүзеге асырылатын жобалар үшін берілетін жалпы максималды суммасы шектелмеген. Инвестиция және қаржыны толықтыру мақсаттарында да алуға болады. Жалпы алынатын қаржылық несиенің пайызы 15 пайыздан аспауы керек. Оның ішінде 8 пайызын жеке кәсіпкердің өзі төлесе, ал қалған бөлігін яғни 7 пайызын «Даму» қоры арқылы субсидиялауға болады. Және де бұл жерде қайта қаржыландыру қарастырылмаған.

Екінші деңгейлі банктер Ұлттық банк пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есебінен жалпы құны 600 млрд. теңгені құрайтын, сырттан тартылған және банктердің өз қаражаты келесі бағыттар бойынша басымдық берілген жобаларды қаржыландыруға бағытталған. Ол үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші, агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым. Олардың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өндіреді. Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы бар. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қана қоймай, оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін тұтынушы халыққа өз мерзімінде жеткізуді қамтамасыз ету керек. Сол себепті ауыл шаруашылығының қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасын тікелей байланыстырып отыратын агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі мақсаты – халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету. Соның барлығын ескере отырып Агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеуге 100 млрд. теңге қаржы бөлінді. Екінші, өндіріске – 100 млрд. теңге. Үшінші: Мемлекетіміздің өнеркәсібі тиімділігі әлемдік стандартқа сай емес. Айталық, Қазақстанда 1 доллар ЖІӨ шығару үшін 2,8 кВт-сағ қуат жұмсалса, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 0,2 – 1,2 кВт-сағ шамасында. Мұның басты себебі: көптеген кәсіпорындар шикізатты бастапқы өңдеумен ғана айналысады, ал шикізатты ақырғы өнімге дейін өңдейтін кәсіпорындар аз. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі озық технологиялар да жоқтың қасы. Сол себепті де өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласы негізгі құралды құруға, жаңалауға және жаңасын сатып алуға – 400 млрд. теңге үйлестірілген. Ал жобаларды «Даму» Қоры арқылы субсидиялау қажет болған жағдайда тек өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету және Агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеу саласындағы жобаларға ғана қатысты берілетін болады. Бұл жобалардың барлығы бизнестің «Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының қазіргі кездегі талаптарына сай келуі керек.

Екінші деңгейлі банктерге (ЕДБ) қаржы салудың негізгі талаптары: ЕДБ өз капиталының минимал шегі – кем дегенде 60 млрд. теңгені құрауы тиіс. Берілген несиенің жалпы сомасынан кем дегенде 17 пайызы ШОБ жобаларын қаржыландыруға жұмсалады.

Кәсіпкерлерді қаржыландыруда қойылатын негізгі талаптар бар. Борышкерлер несиесінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылына 15 пайызға дейін болуы қажет. Субсидия көлемі – номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 7 пайызын құрайтын болады. Бір борышкерге берілетін лимит – шексіз. Инвестиция үшін алынған несиені субсидиялау мерзімі 7 жылға дейін созылатын болады.

Қаржыландыру қайта қалпына келетін негіздегі айналым қаражатын толықтыруға беріледі. Әңгіменің төркіні несиеге келіп тірелгенде, көпшіліктің көңілін күпті қылатыны даусыз. Несие алу үшін кез келген жылжымайтын мүлік (үй, қора-жай, қаладағы пәтер, автокөлік), мал, шаруа қожалығының жер телімі кепілдікке жарайды.

Бұл орайда кәсіпкерлікті дамыту бойынша жан-жақты ақпаратты «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалдарынан ала аласыз.

Ағабек ТӨРЕ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *