ЕҰУ КАДРЛАР ДАЯРЛАУҒА ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЕНГІЗУДЕ

Білім Қоғам
124 Views

Еуразия ұлттық университеті бакалавриат деңгейіндегі оқу үдерісіне жаңашылдық енгізуде. 2024-2025 оқу жылынан бастап 1-курс студенттері жасанды интеллектті оқып, ғылыми зерттеулер жүргізетін болады.

Жаңа оқу жылында ЕҰУбарлық педагогикалық бағыттар бойынша бакалавриат деңгейіне арналған Minor бағдарламасын енгізеді. Студенттер инклюзивті білім берудің үш қосымша пәнін оқиды: «Инклюзивті сыныпта оқытудың әмбебап дизайны», «Ерекше білім беруді қажет ететін баланың отбасына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» және «Ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларды тьюторлық қолдау». Осы бағытта ЕҰУ қызметкерлері ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс жасаубағытында оқытушыларға арналған әдістемелік ұсынымдар әзірледі.

Дарынды жастардығылымға тарту мақсатында 2024-2025 оқу жылынан бастап бакалавриатбағдарламаларына екі жаңа модуль енгізіледі. Олардың бірі ғылыми компонентті қарастырады және студенттер оқудың бірінші жылынан зерттеу жұмыстарымен айналысады. Екінші модуль жасанды интеллектті зерттеуге бағытталған. Студенттер осы бағытта білімдерін кеңейтіп, озық цифрлық технологияларды меңгереді.

«Жыл сайын техникалық, инженерлік және педагогикалық мамандықтарды меңгеруге ниет білдіргендер саны артып келеді. Біздің университет еңбек нарығының қажеттіліктеріне және технологияның дамуына сәйкес білім берубағдарламаларын үнемі жетілдіреді және жаңаларын әзірлейді. Біз жұмыс берушілермен, шетелдік университеттермен, ірі компаниялармен бірлесіп еңбек нарығының сұранысы бойынша жаңа инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеудеміз. Қазір бізде 40-қа жуық инновациялық бағдарлама бар. Олардың 18-і педагогикалық, инженерлік және техникалық бағыттарды қамтиды. ЕҰУ-да оқытупроцесі 3 тілде жүргізіледі және 45 білім беру бағдарламасы ағылшын тілінде қарастырылған. Сондай-ақ, университетіміз қысқартылған білім беру бағдарламасыбойынша үш жыл математика пәні мұғалімдерін дайындаса, биылғы жылы «Ғарыштықтехника және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша докторантура ашылды», — деді ЕҰУ Академиялық мәселелер департаментінің директоры Байжұман Қашхынбай.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде педагогикалық, инженерлік, техникалық бағыттағы жоғары білікті кадрларды даярлауға көп көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда университетте осы салаларда үшдеңгей бойынша 12 мыңнан астам студент білім алады. 244 білім беру бағдарламаның 100-і педагогикалық, инженерлік-техникалық бағыттар бойынша қарастырылған.

ЕҰУ-нің ақпараттық орталығы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *