ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Қоғам Құқық
1 116 Views

8 қараша күні Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Абылайхан атындағы №93 жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында семинар өткізілді. Бұл – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес аталмышбілім ордасы мен республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газеті редакциясының бірлескен жобасы болатын. Іс-шараға ауданәкімінің орынбасары М. Оразалиев, аудандағы білім беру ұйымдарының басшылары,директордың оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Семинардың жұмысын ашқан аудандық білім бөлімінің басшысы К. Шадиева оның мән-маңызын қысқаша түсіндіріп өтті. Кейіннен басқосуға модераторлық жасады.«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің тілшілері – Салтанат Маханбетова баяндамажасап, Ғалымжан Алтынбеков бейне-фотоға түсірді. Тыңдармандар тарапынанқойылған сауалдарға жауап берді.

Жарыссөзге шыққан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдіқадыров, аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі ЮПТ-ның полиция майоры Айдос Маликов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Талғат Уралов өздерінің ой-пікірін ортаға салды. Жиынға қатысушылар бұл біріккен жобаның берер жемісі мол екенін айта келіп, редакция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

«Әділет-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *