ЖОЛДАУ ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ел және Елбасы Рухани жаңғыру
972 Views

Шымкент қаласы әкімдігінде Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша мәжіліс өтті. Жиынға қала активі, мәслихат депутаттары, құрылымдық басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер қатысты.

Жиында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Жолдаудағы негізгі 6 басымдықты атап берді.

– Елбасы Жолдауының басты міндеті – қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың жаңа моделін құру. Халықтың әл-ауқатын көтеріп, тұрмыс сапасын жақсартуда не істеу қажеттігін айқындап берді. Нақты тапсырмаларды жүктеді. Біздің мақсат – Жолдауды қайталау емес, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, нақты шешім қабылдау. Қалада нақты іс-шаралар қабылдау үшін Жолдауды іске асыру бойынша жол картасы дайындалады. Соны әзірлеуді аппаратқа тапсырамын. Әр бағытта жасалатын жұмыстарға қала әкімінің орынбасарлары бекітіледі, – деді қала әкімі.

Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі мәжілістің форматы өзгеше ұйымдастырылды. Жиында басқарма басшылары Жолдаудағы негізгі міндеттер бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және ветеринария, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, энергетика және коммуналды шаруашылық, тұрғын үй қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы басшылары баяндама жасап, негізгі атқаратын жұмыстар жөнінде өз жоспарларынан хабардар етті.

Қалада Жолдауды іске асыру бойынша негізгі атқарылатын жұмыстар жоспары түзіліп, нақты іс-шаралар қолға алынбақ. Қалалық және аудандық насихаттық топтар құрылып, өткізілетін іс-шаралардың кестесі бекітіледі.

Shymkent.gov.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *