ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ САҚ ДӘУІРІ

Уақыт Қоғам
1 826 Views

Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық академиялық кітапханасындағы Мырзатай Жолдасбеков атындағы оқу залында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттықуниверситетінің журналистика және саясаттану факультетінің деканы, белгіліалаштанушы-ғалым, бірнеше буын журналистердің ұстазы, профессор ҚайратӨмірбайұлы Сақтың қос бірдей кітабы оқырмандарға таныстырылды. Оның бірі «Алаш көсемсөзі: Шаруашылық мәселесі» және «Елу деген бір белес…» атты сиясы кеуіпүлгермеген жаңа туындылар. Алғашқысы осыған дейін «Алаш көсемсөзі: Жермәселесі», «Алаш көсемсөзі: Тіл мәселесі», «Алаш көсемсөзі: Дін мәселесі» аттыкөптомдықтың жалғасы.

Шараға астанадағы зиялы қауым өкілдері, профессор, оқытушылар мен Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орындарының докторанттары, магистранттары және студенттер қатысты. «Дөңгелек үстел» басындағы алқалы жиынға белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар ашық-жарқын пікірлерімен бөлісті. Олардың арасында Кенжеболат Жолдыбай, Дихан Қамзабекұлы,Құдайберген Тұрсын, Қырықбай Аллабергенов, Дүрәлі Дүйсебай, Кенже Жұмағұлов, Ринат Кертаев, Оңайгүл Тұржан, Роза Нұртазина, Амангелді Кеңшілікұлы, Төрегелді Тұяқбай, Елена Нечаева, Наталья Калашникова, Индира Рыстина, Сағымбай Жұмағұл, Сәуле Тапанова, Жұлдыз Тойбек, Гүлжауһар Болатова, Мақпал Ештанаева, тағы басқа бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен кеш иесінің қадірлі қонақтары болды.

Тұсаукесерге жиналғандар ең алдымен студенттердің Қайрат Өмірбайұлы туралы дайындаған шағын сюжеттеріне назар аударды. Кеш жүргізушісі Кенжеболат Жолдыбай Қайрат Сақтың осы күнге дейін жеткен жетістіктері мен бағындырған белестерін «Сақ» дәуірі деп атай отыра өткенге көз жүгіртті. Алқалы басқосуда елімізге кеңінен танымал алаштанушы ғалым, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Дихан Қамзабекұлы риясыз ниетпен жылы лебізін білдіріп, Қайрат Өмірбайұлының отандық ғылымға қосқан сүбелі үлесін атап көрсетті. Белгілі журналист Кенже Жұмағұлов автордың балалық шағына айрықша тоқталып, өздерінің Тауман Амандосов,Темірбек Қожакеев, Зейнолла Қабдолов, Намазалы Омашев секілді нар тұлғалы ұстаздардан білім алғаны туралы сөз қозғады.

Еліміздің белгілі тұлғалары бас қосқан алқалы басқосуда тағы басқа да азаматтар ақ тілектерін жаудырып, жиналған қауым алдында Дихан Қамзабекұлы, Серіктай Баймұханов, Құдайберген Тұрсын, Қырықбай Аллаберген, Кенжеболат Жолдыбай, Қойшыбай Есентаев том-том болып әдемі буылған кітаптардың лентасын кесті.

Кітаптардың тұсауы ресми түрде кесілгеннен кейін сонда отырған қонақтарға қос-қостап сый ретінде ұсынылды.Алғыс ретінде авторға шоқ гүлдер және естелік сыйлықтар берілді. Сонымен қатар Ұлттық кітапхана қорына кітаптың бірнеше томы тапсырылды. Жиынға жиналған барша қауымға ыстық ықыласқа толы үлкен алғысын жеткізіп, Қайрат Сақ шығармашылық шарасына қатысқандарға алғысын білдіріп, салтанатты түрде аяқтады.Сөйтіп қазақ руханиятының қорына «Алаш көсемсөзі: шаруашылық мәселесі» және «Елу деген бір белес…» атты екі кітап жол тартты.

Назерке СЫРЫМОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *