КЕЛЕСТЕ ЖАҢА ЗАУЫТ

Қоғам
259 Views

Түркістан облысы Келес ауданында ет және шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорын іске қосылатын болады. «Сарыағаш — QZ» ЖШС қолға алған жоба, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жүзеге асырылмақ. Зауыттың жалпы құны 350 млн теңгені құрап отыр.

Жаңадан басталатын жұмыс орнында болашақта 100 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Игі бастама шеңберінде Келес ауданында жұмыс күшін азайып, жұмыссыздар еңбекпен қамтылмақ. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев арнайы брифинг барысында мәлімдеме жасады. Аудан басшысының сөзінше, Келестің ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 62 млрд. теңгені құраған. Ол көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,8 млрд.теңгеге артығымен орындалған. Озық технологияны қолдана отырып, заманауи үлгіде ауданда біршама жоба іске асырылған. Нақтырақ айтатын болсақ, аудан бойынша бір алқаптан 2-3 қайтара өнім алу бойынша 316 жоба тіркелген. Сонымен қатар, Келес ауданы 121 мың тонна бақша және көкөніс өнімдерін алып, облыс бойынша үздік көрсеткіш көрсеткен. Ал, ағымдағы жылы бюджет есебінен 133 млн теңгеге 101 шақырымды құрайтын тазалау жұмыстары жүргізілмек. Каналдар мен қашыртқыларды механикалық тазалау жұмыстарының нәтижесінде, 217 гектар жер қайта айналымға түсетін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *