КӘСІПКЕР ӨЗ ҚЫЗМЕТІН ОҢАЙЛАТЫЛҒАН ТӘРТІППЕН ТОҚТАТА АЛАДЫ

Қоғам Құқық
750 Views

Құрметті салық төлеушілер! Дара кәсіпкердің қызметіноңайлатылған тәртіппен тоқтату. ҚР Салық кодексінің 67-бабының 1-тармағына сәйкес, дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылғантәртіппен тоқтату осы Кодекстің 95-бабында белгіленген камералдық бақылаужүргізілмей жүзеге асырылады:

1. Салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтініші;

2. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда-салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтықөтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісім;

3. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда-арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режиміне ауысқан кезде ондакөрсетілген келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

Салық кодексінің 67-бабы 3-тармағына сәйкес осы баптың 1) тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:

1. Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2. Таратудың салықтық есептілігін;

3. Осы Кодекстің 169-бабында айқындалған тәртіппенбақылау-касса машинасын (ол болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 67-бабының 4-тармағына сәйкес салық органы осы тармаққа сәйкес салықтық міндеттемеорындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеуесебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсындадара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

Гүлмира ЕШИМБЕТОВА,

Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *