ҚАНТ ПАЙДАЛАНУДЫҢ БАЛАЛАР СЕМІЗДІГІНЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ

Денсаулық
328 Views

Балалар арасында семіздіктің көбеюі дүниежүзінің барлық елдерінде байқалады, ол дамыған елдерде аздап көбейген (он жылда орта есеппен 30 – 50 %-ға) және дамушы елдерде қатты көбейген (бастапқы төмен деңгейлерді есеп ала отырып, он жылда 400%-ға жуық). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректеріне сәйкес, дұрыс тамақтанбау семіздік, қант диабеті, жүрек ауруы және қатерлі ісік сияқты 60 пайыздан астам созылмалы ауруларды тудырады. Аурудың себептері ретінде тамақтану факторларының маңызы қимыл-қозғалысы аз өмір салты, темекі шегу және ішімдік ішу себептерінен де басым. Тамақтану балалардың денсаулығы мен дамуы үшін ерекше рөл атқарады.

Қазақстанда Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) жүргізген ДДСҰ-ның Еуропалық бастамасы шеңберінде іске асырылатын балалар семіздігін эпидқадағалау деректері (COSI) қалалық және ауылдық жерлерде 7-8 жастағы балалардың 27%-ы және тиісінше 20%-ы артық салмақтан және семіздіктен зардап шегетінін көрсетті. 2015 және 2020 жылдары 8 жастағы балалар арасында семіздікті эпидқадағалау нәтижелерін салыстыра отырып, балалар арасында дұрыс тамақтанбаумен тікелей байланысты жеткіліксіз және артық салмақ мәселесі өткір сипат ала бастағанын көруге болады: 2015 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 8 жастағы артық салмағы бар және семіздікке шалдыққан балалардың үлесі 18.7%-дан 21%-ға дейін, ал салмағы жеткіліксіз балалардың үлесі 3%-дан 5.6%-ға дейін артқан.

Г.ТҰРСЫНБАЕВА,

Шымкент қалалық N6 емхананың СӨСҚ мейіргері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *