КӘСІПТІК МАМАНДЫҚ — БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Қоғам
1 060 Views

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті «ИЧ-167/9 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесінде орналасқан Леңгір қалалық № 8 колледждің оқу бөлімі 2003 жылы ашылды. Колледж  6 мамандық бойынша 150 сотталған азаматтарға кәсіптік білім береді. Әр мамандық бойынша топтарда 25 сотталғаннан  оқиды. Колледждің   8 оқу кабинеті, 1 әдістемелік кабинет, 1 компьютерлік сынып, кітапхана, спорт залы, спорт алаңы, 6 оқу шеберханасы бар. Колледжде оқитындар оқулықтар мен оқу құралдарымен мекеме есебінен қамтамасыз етіледі. Өндірістік оқу процесі шеберханаларда өткізіледі. Оқыту шеберханалары қажетті қондырғылар және  құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Колледжге жетекшілікті жоғары сыныпты мұғалім Ерғали Көпбаев Бейсенұлы басшылық жасайды. Колледжде 6 пән мұғалімі және 6 оқу шеберлері қызмет атқарады. Олардың барлығы да өз істерінің шеберлері. Көп жылдардан беру мұғалімдік қызметін жалғастырып келе жатқан білікті мамандар.

Колледж мұғалімдері сағат 13.00-ге дейін негізгі сабақтарын өткізіп, содан кейін шығармашылық, өзін-өзі тану, өлкетану  үйірмелерінде оқушылармен жұмыс жүргізеді. Сотталған азаматтардың тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Әрбір мұғалім жасақ тәрбиешілер кеңесіне мүше. Мекемедегі өткізілетін мерекелік және тәрбиелік, мәдени іс-шараларға белсене қатысады, – дейді колледж басшысы Е.Көпбаев.

Қазіргі таңда мемлекетімізге білікті мамандар көптеп қажет. Сондықтан мамандық алып, бостандыққа шыққан кезде қиналмай жұмыс табу үшін кәсіптік мамандықтың иесі болу қажеттілігін сотталған азаматтар да түсініп, оқуға көп көңіл бөлуде, – дейді сотталғандар арасында тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы, әділет майоры А.Ауелбеков.

Б.БУРИБАЕВ,

ИЧ-167/9 мекемесің заң кеңесшісі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *