РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Билік
905 Views

Қазақстанда 5 маусымда референдум өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамыр күніКонституцияға өзгеріс енгізу туралы республикалық референдум өткізу жөніндегіЖарлыққа қол қойды.

Сонымен бірге Президент тікелей эфирде ел халқына видеоүндеу жолдады. Онда Қ. Тоқаев Конституция реформасы мемлекеттің барлық моделін кешенді түрдетрансформациялауға бағытталғанын баса айтты. Соған сай Қазақстан «суперпрезиденттік» басқару формасын өзгертеді де, бұдан былай ықпалды парламент пен жауапты үкіметі бар президенттік республикаға өтеді.

АТА ЗАҢҒА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ?

Қазақстан Конституциясының 33 бабына түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Атап айтқанда, жер мен оның байлығы халықтың меншігі етіп жарияланады. Халықтың атынан жерге мемлекет иелік етеді.

Сонымен қатар, өлім жазасына тыйым салу көзделген.

Бұдан бөлек, Конституциялық, Жоғары және де өзге судьяларға Орталық сайлау комиссиясының мүшесі және төрағасы болуға тыйым салынады.

Әскери қызметкерлер, ұлттық қауіпсіздік қызметіндегілер, құқық қорғау органында қызмет ететіндерге саяси партияларға кіруге, кәсіби одақтарға тіркелуге, саяси партияның үгіт-насихат жұмысына қатысуға тыйым салынады.

Заң жобасында президенттікке екі мерзімнен артық сайлануға жол бермеу көзделген. Қазақстан президентіне, сондай-ақ, депутат болуға, құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге, өзге де ақылы қызметтерді иеленуге, кәсіпкерлікпен айналысуға, партияға тіркелуге тыйым салынады. Сонымен қатар президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметте лауазымды иеленуге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушы қызметін атқаруға да тыйым салынады.

Сондай-ақ 91-баптан Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, тұңғыш президент — Елбасы мен оның статусын алып тастау қарастырылған.

РЕФЕРЕНДУМДА ҚАНДАЙ СҰРАҚ ҚОЙЫЛАДЫ?

Республикалық референдумда қазақстандықтарға бір ғана сұрақ қойылады:

«2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?»

Азаматтар бұл сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп дауыс беруге тиіс.

ОҒАН КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Орталық сайлау комиссиясы үгіт жұмыстары 4 маусымда сағат 00-00-де аяқталатынын хабарлады. Сосын республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімі жасақталады. Оған әрбір учаске бойынша әкім қол қояды. Тізім сайлау комиссиясына дауыс беру басталғанға дейін, жиырма күн бұрын, яғни 15 мамырдан кешікпей тапсырылу керек.

Осыдан кейін учаскелік референдум комиссиясы 25 мамырға дейін азаматтарға дауыс беру уақыты мен орны туралы хабар таратуы тиіс.

Учаскелік комиссияларда дауыс беру әдетте 5 маусымда жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (егер өзге уақыт белгіленбесе) өтуі керек.

Аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамы, комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты, референдум учаскелерінің шекаралары туралы ақпарат БАҚ-та жарияланады.

Дауыс беру қорытындысы 7 күн ішінде Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылады. Ол хаттамамен ресімделіп, оған Орталық референдум комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері қол қояды және қаулымен бекітіледі.

ӨЗГЕРІСТЕН НЕ КҮТЕМІЗ?

Қазақстан тарихи дәуірді бастан өткеріп жатыр. Конституцияға өзгеріс енгізу арқылы бізді алда үлкен саяси қоғамдық, реформалар күтіп тұр. Саяси жүйені жаңғыртып, демократиялық жолға бағытталған бірқатар жаңашылдық енгізілді. Қоғамда және саясатта азаматтардың құқықтық мүмкіндігі артты. Билік пен халықты жақындастыра түсетін жаңа құқық қорғау институттары енгізіледі. Конституциядағы осы түзетулерден кейін азаматтар құқықтық жағынан жақсы қорғалады.

Парламент жұмысына қатысты да үлкен өзгеріс бар. Бұдан былай мәжілістің отыз процентін халық тікелей сайлайды. Ал сайлаушыларға өздері таңдаған депутаттың жұмысы ұнамаса оның мандатын қайтаруға құқылы болады. Президенттің сенаттағы квотасы 15-тен 10 ға азайды. Мәжіліс заңды дербес қабылдап президентке жолдай алады. Сондай-ақ Үкіметтің жұмысын жеделдету үшін ерекше актілерді қабылдауына мүмкіндік беріледі.

Зерек ДҮЙСЕМБЕКОВ

Дана НҰРЖІГІТ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

«Осындай күрделі өзгерістер үшін заңдық негіз керек. Ал референдум Қазақстан Республикасының азаматтарын пікірін біліп, халықпен санасып жасалған жұмыс, яғни референдум осы өзгерістерге заңдық негіз болады. Сондықтан қадірлі отандастар, жаңа Қазақстанның жаңа тарихын бірге жазатын, бірге шешім қабылдайтын, бірге талқылайтын сәт – дәл осы сәт!»

Нұртөре ЖҮСІП, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

«Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум — Мемлекет басшысы бастамашылық еткен саяси реформалардың маңызды кезеңі. Біз 5 маусымда ұсынылған алдағы өзгерістердің бағыттары бойынша таңдау жасайтын боламыз»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *