АТЫШУЛЫ ҚАЙРАТ БОРАНБАЕВТЫҢ САРЫАҒАШТАҒЫ БЫЛЫҒЫ

Қоғам Құқық
671 Views

Осыдан екі ай бұрын Дариға Назарбаеваның құдасы, белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаев ұсталғаны белгілі. Қайрат Боранбаев бұған дейін Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің рейтингісінде 14-ші орында болып келді. Оның үлесінде Беларусьтегі жәнеРесейдің бірнеше өңіріндегі McDonald’s франчайзингі, минералды су шығаратын«Алекс-Сарыағаш» компаниясы, «Алмалы» активтерді басқару компаниясы» және Алматыдағы Aparking ақылы тұрақтары, Fitnation фитнес-клубтар желісі, «РахатПалас» отелі, Esentai Mall СОСО-ның 50%-ы, Esentai Tower БО-ның 50%-ы, «Қайрат»футбол клубы бар.

Бүгінгі әңгіме отыз жылдық тарихы бар «Алекс-Сарыағаш» минералды су шығару зауытына қатысты болмақ. «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің редакциясына ұзақ жылдар кәсіппен айналысып келе жатқан Үмбет Артықбаев хабарласып, мән-жайды хабардар етті. Үмбет Сабырұлы екі жылдың көлемінде құқық қорғау органдарының есігін тоздырып, әділдік іздеп, шындыққа жете алмағаным осында арыздануыма тура келді дейді.

Үмбет Артықбаев отыз жылдың көлемінде кәсіпкерлікпен айналысып, 100-ден астам отбасын жұмыспен қамтып, мемлекетке ірі көлемде салық төлеп келген. 2017 жылы Сарыағаш қаласында орналасқан «Алекс-Сарыағаш» минералды су құю зауытының жеке дара дистрибьютері болады.

2017 жылы «Алекс-Сарыағаш» минералды су құю зауытының иесі олигарх Қайрат Боранбаевтың қайнысы яғни «Алекс-Сарыағаш» зауытының қауіпсіздік қызметінің бастығы Тимур Нұрланұлы Байболов оған «Смарт Логистик» ЖШС кәсіпорнының реквизиттерін беріп:

— Бұл Қайрат Боранбаевтың тікелей тапсырмасы! Осыдан былай өзіңе пайдадан түскен 4 теңгенің, 2 теңгесін, осы реквизитке, яғни ТОО «Смарт Логистик» мекемесіне аударып отырасың», — деп тікелей тапсырма беріп келген.

Кәсіпкер Үмбет Артықбаев бұған дейін Тимур Байболовтыңтапсырмасын бұлжытпай орындап жүрдім дейді. Содан 2018 жылы «Алекс-Сарыағаш»минералды су құю зауытының директоры Арман Төлегенұлы Бакеев деген мырза, «ИПМадира» деген жеке кәсіпкердің реквизитін беріп «енді бұрынғыдай 2 теңгені ТОО «Смарт Логистик» кәсіпорнына емес, осы ИП «Мадира»-ның есеп шотына аударыпотырасың!», — деп қосымша тағы тапсырма береді.

«Жазған құлда жазық бар ма?», Ү.Артықбаев 2017-2019 жылдар аралығында жалпы соммасы 107 697 543 теңгені «Смарт Логистик» ЖШС және жеке кәсіпкер «Мадираға» Шымкент қаласының банктері арқылы аударуға мәжбүр болады.

Көп ұзамай «Смарт Логистик» ЖШС және жеке кәсіпкер «Мадира» кімге тиесілі екені белгілі болады. Яғни кәсіпорындардар Қайрат Боранбаевтың активтерді басқару компаниясы (КУА), яғни «Алмалы» компаниясының қауіпсіздік қызметінің бастығы Қайрат Боранбаевтың күйеу баласы Болат Қолдауовтың анасы Қолдауова Мадираға тиесілі мекемелер екен.

-Осы айтылған тұлғалар менің сеніміме қиянат жасап, алдап жалпы соммасы 107 697 543 теңге қаражатымды иемденіп алды, — деген кәсіпкер аталған жайт бойынша алаяқтарға заң шеңберінде шара көру туралы Шымкент қалалық Полиция департаментіне арызданған.

2020 жылдың 14 маусымында Шымкент қалалық ПД-інің Тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 190 бабының 4 бөлімі яғни алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғайды. Аталған қылмыстық істің тергеп тексеру жұмыстарын жүргізу Шымкент қалалық ПД-нің тергеу басқармасының тергеушісі Әнуар Тұрабековке жүктеледі.

Бірақ қылмыстық істі тергеп зерттеу жарты жолда кілт тоқтап қалады.

Барлық дәлелдемелер жинақталып, тиісті сараптамалар мен бұлтартпайтын айғақтар бола тұра неге іс сиырқұйымшақтанып кетті?

Қылмыстық істің өндірістен тоқтатылуының басты себебі — тергеуші Әнуар Тұрабеков және оның басшысы, яғни Шымкент қалалық ПД-і Тергеу басқармасының басшысының орынбасары Серік Беркімбаев тарапынан, қылмыстық іс бойынша күдіктілердің мүдделерін қорғағаны, оларды әртүрлі айла тәсілмен, қылмыстық жауапкершіліктен босатқандығы көңілге күдік ұялататындай.

Тергеуші Ә.Тұрабековтің — куәлер Гүлмира Артықбай және Ділшат Қорғанбаевдың жауаптарын, беттестіру хаттамаларын, бұдан бөлек Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза елдімекенінде орналасқан «Дарбаза» минералды су құю зауытына қатысты жинақталған құжаттарды, түсірілген фото-видео жазбаларды жойып жібергендігі күдікті одан бетер қоюландыра түскендей.

— Бұл құжаттар неліктен қылмыстық іске тіркелмей, не себепті жоқ болып кеткендігін сұрағанымда, тергеуші Ә.Тұрабеков ешбір уәжсіз «мен процессуалды шешім қабылдайтын тұлғамын, сондықтан құжаттар бойынша не шешім қабылдайтынымды өзім білемін!», — деп маған істен құжаттардың не себепті жоқ болып кеткендігін түсіндіріп бере алмады, — дейді кәсіпкер Үмбет Артықбаев.

Өзімбілермендікке салынған тергеушінің іс әрекетінен соң әрі қарай қалай өрбіген?

Үмбет Артықбаевтың сөзін тыңдасақ:

— Ал, тергеуші Ә.Тұрабековтың тікелей басшысы С.Беркімбаев мырза, қылмыстық іс бойынша қарамағындағы тергеушінің жұмысын қадағалап, тергеудің жан-жақтылығын қамтамасыз етуді ұйымдастырудың орнына «Біз қалалық прокуратурамен келіскенбіз!», — деп ешбір тұщымды жауап берместен, қылмыстық істің өндірістен тоқталуына тікелей ықпал етті. Алайда, С.Беркімбаев мырзаның қалалық прокуратурамен не келіскені, оның маған не айтпақ болғаны сол күйі жұмбақ, түсініксіз болып қалды, ал, қылмыстық істің С.Беркінбаев мырзаның маған айтқан мәлімдемесінен соң өндірістен тоқталғандығы тайға таңба басқандай анық болды.

С.Беркімбаев мырзаның қылмыстық іс бойынша күдікті тараппен өзара ымыраласып іс бойынша «осындай шешім қабылдап отыр ма?» деген күмәнім бар. Себебі 2020-ші жылдың желтоқсан айының басында қылмыстық іс бойынша басты күдікті Қолдауов Мейрамның ағасы Қолдауов Болат, мені Шымкент қаласының Г.Иляев көшесі бойында орналасқан «WОК-WОК» мейрамханасына шақырып, келіссөз жүргізбек болды. Сол арада ол маған келтірілген шығын 107 697 543 теңгенің орнына, үштен бірін яғни 30 000 000 теңге қайтарып беріп, істі тоқтатуды яғни маған арызымды қайтарып алуымды сұранды. Алайда, мен оның бұл ұсынысына келіспей, «тергеу барысы шешсін» дегенімде, Б.Қолдауов мысқылдап, «тергеу болса, тергеуін де көреміз» — деп ашық айтқан болатын. Сол уақыттан бастап қылмыстық істің тергелу барысы ешбір негізсіз созбалаңға салынып, тергеу әрекеттері мүлдем жүргізілмеді, Тергеуші Ә.Тұрабеков пен С.Беркімбаев мырзаның мақсаттары тек қылмыстық істі қандай жағдай болмасын, өндірістен тоқтату болды. Арыз бойынша оған, не Шымкент қалалық прокуратурасы, не Шымкент қалалық ПД-нің ӨҚБ-сы, не ТБ-сы, тарапынан ешқандай шара көрілмеді, тек қағаз күйінде қалды.

Шымкент қалалық прокуратурасы осы мән-жайдан толық хабардар бола тұра, ешқандай тексеру, прокурорлық қадағалау жүргізбегенім ме? Сонда С.Беркімбаев мырзаның «қалалық прокуратурамен келіскенбіз» деген ашық мәлімдемесі, іс-әрекеті, заңдылықты қадағалайтын прокуратураның өкілеттігінен, барлық заң талаптарынан жоғары болып тұр ма? Олай болса, біз әділдікті қайдан іздейміз, шындыққа қалай қол жеткізуге болады?

Бұл қылмыстық іс бойынша қазір журналистік зерттеу жүргізілу үстінде. Алдағы номерден бұлжалғасын күтіңіздер!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *