САҚТАНДЫРЫЛҒАНМЫН: МЕНІҢ ҚҰҚЫҒЫМ ҚАНДАЙ?

Денсаулық
259 Views

Егер сіз МӘМС жүйесінде сақтандырылып, медициналық сақтандыру қорына жүйелі түрде төлемдер енгізсеңіз, сізге қолжетімді болады:

Қажет болған жағдайда және көрсеткіштер бойынша барлық консультациялық-диагностикалық көмек. Бұл:

— ауруды диагностикалау, емдеу және бақылау бойынша бейінді мамандардың кеңестері.

— диагностикалық қызметтер, соның ішінде зертханалық қызметтер және КТ, МРТ, ПТР, ИФА және т. б. сияқты қымбат тексерулер.

— тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бекітілген тізбесі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету.

— ересектерді профилактикалық тексеру-жатыр мойны обырына, сүт безі обырына, колоректальды обырға, гепатитке скринингтік тексерулер.

— жоспарлы және шұғыл стоматология-халықтың жекелеген жеңілдікті санаттары үшін (балалар, жүкті әйелдер, көп балалы аналар, зейнеткерлер, мүгедектер, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және т. б.).

✅ Стационарды алмастыратын көмек, оның ішінде үйдегі стационар. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, күндізгі стационарда емдеу, медициналық манипуляциялар мен шағын хирургиялық операциялар жүргізу.

✅ Жоспарлы стационарлық көмек. Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып және тәулігіне 24 сағат медициналық бақылаумен тәулік бойғы стационарда емдеу, хирургиялық операциялар жүргізу.

✅ Инсульттан, операциядан және ауыр сырқаттан кейінгі медициналық оңалту, оның ішінде ковидтен кейінгі оңалту.

Г. ТУРСЫНБАЕВА,

№6 қалалық емхананың СӨСҚ мейіргері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *