Соңғы жаңалықтар

Азаматтарды қабылдау: 150-ден астам өтініш қаралды

173 ViewsШымкент қаласы әкімдігінде дәстүрлі азаматтарды қабылдау өтті. Кездесу барысында тұрғындар қала басшысына өздерін толғандырған бірқатар мәселелер бойынша жүгінді. Қабылдауда баспана және жер қатынастары, кәсіпкерлікті қолдау, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ қаланы абаттандыру бағытындағы түйткілдер көтерілді. Сонымен бірге, мегаполисті одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстар мен бастамалар айтылды. Олардың бірқатары алдағы жұмыс жоспарына енгізу үшін […]

Толығырақ

Шымкенттегі автотұрақтардағы қауіпсіздік – басты назарда

157 ViewsБүгін Шымкент қаласында қалалық прокуратураның бастамасымен Полиция департаменті және Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп жерасты және көпдеңгейлі автотұрақтарда профилактикалық іс-шара өткізді. Шара Сейітжан Қари мешітінің аумағында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қала тұрғындарының қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Рейд барысында мамандар автотұрақтардың жағдайын тексеріп, өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді, […]

Толығырақ

Сот ғимаратындағы жанжал сот үкімімен аяқталды

426 ViewsШымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Соттың анықтауынша, 2025 жылғы 26 тамызда шамамен сағат 14:30-да сотталушы таныстарымен бірге сот отырысына қатысу мақсатында Тыныбаев көшесі, 42 мекенжайында орналасқан сот ғимаратына келген. Сот приставы оларды сот залына кіргізу мүмкін еместігін түсіндірген. Соған қарамастан, топтағы бір […]

Толығырақ

Шымкентте жер учаскелерін ауқымды түгендеу жұмыстары жүргізілуде

447 ViewsШымкент қаласында жер учаскелеріне кезең-кезеңімен тексеру және мәліметтерді нақтылау жұмыстары басталды. Тиісті тапсырма қала әкімі тарапынан берілді. Негізгі мақсат – кадастрлық деректерді жаңарту және жер қатынастары саласында тәртіпті қамтамасыз ету. Іс-шараларға жер қатынастары басқармасының қызметкерлері және Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қалалық филиалының мамандары тартылған. Олар аумақтарды зерделеп, жер учаскелері бойынша мәліметтерді салыстырып, […]

Толығырақ

Шымкент дүкендерінде алаяқтық жасаған гастролер әйелдер ұсталды

169 ViewsШымкент қаласында полицейлер сауда орындарында алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйелді ұстады. Тергеу деректеріне сәйкес, олар шағын азық-түлік дүкендеріне кіріп, «қайтарым ақшаның айласын» қолданған. Яғни сатушыға ірі купюраны бергендей болып көрсетіп, сол сәтте әңгімеге тартып, асықтырып, назарын басқаға бұрған. Осыны пайдаланып, қайтарым ақшаны алып кеткен. Нақтысында, төлем мүлдем жасалмаған. Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі еліміздің басқа өңірінен, […]

Толығырақ

Шымкентте қарыздар мен есепте тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

180 Views«Оңтүстік» индустриалдық аймағында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық прокуратурасының бастамасы және ұйымдастыруымен алимент және басқа да қарыздары бар азаматтар, сондай-ақ пробация қызметінде және Шымкент қаласы полиция басқармасында есепте тұрған тұлғаларды жұмыспен қамтуға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдар мен индустриалдық аймақтағы жұмыс берушілер қатысты. Барлығы шамамен 100 адам — қарыздары бар […]

Толығырақ

АИДА БАЛАЕВА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ САЛАЛАРЫН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН БЕЛГІЛЕДІ

139 ViewsАстанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен министрліктің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға вице-министрлер, комитет төрағалары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жетекшілері және салалық құрылымдардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында министрліктің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары сараланып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық басымдықтар айқындалды. Алқа отырысын ашқан Аида Балаева Негізгі заңға енгізілген ауқымды өзгерістерге […]

Толығырақ

Түркістанда әйелді заңсыз психиатриялық мекемеге жатқызу ісі бойынша үкім шықты

131 ViewsТуркестан қаласының ауданаралық сотында адам ұрлау, психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру және оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша үш жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралып, үкім жарияланды. Сот материалдарына сәйкес, айыпталушылардың бірі қаладағы базарлардың бірінің аумағынан 16 дана жауынгерлік оқ-дәрі тауып алып, бұл туралы құзырлы органдарға хабарламай, өзінде сақтаған. Тергеу барысында отбасылық жанжал салдарынан ер адам […]

Толығырақ

«Қыз тағдыры – ел тағдыры»: Шымкентте сталкингке қарсы ауқымды форум өтті

197 ViewsШымкент қаласында қыз-келіншектердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға арналған «Қыз тағдыры – ел тағдыры» атты кең ауқымды форум ұйымдастырылды. Іс-шараны Полиция департаменті өткізіп, оған 1000-нан астам адам қатысты. Форумға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Полиция департаменті бастығының орынбасары Еркебұлан Ережепов, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау саласының мамандары, теологтар мен қоғам белсенділері қатысты. Іс-шара барысында сталкингтің қоғамға […]

Толығырақ

Шымкент қаласында Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай республикалық дебат турнирінің қалалық іріктеу кезеңі өтіп жатыр

197 Views«Жамбыл мұрасы – мәңгілік қазына» тақырыбындағы интеллектуалдық сайысқа 9–11 сынып оқушылары қатысуда.Турнирге 100-ден астам мектеп оқушысы тартылған. Дебат ойындары үш тілде ұйымдастырылған. Орыс лигасында 12 мектептің командалары, қазақ лигасында 40 мектептің командалары, ал ағылшын лигасында қаланың 20-дан астам мектебі бақ сынауда. Қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, сыни ойлау қабілеттерін, өз ұстанымын дәлелді қорғау және […]

Толығырақ