◷ 25 Қараша 2026

СҮТ ӨНДІРЕТІН ШАРУАШЫЛЫҚТАРДА СИЫРЛАРДЫҢ ЖАСЫРЫН ЖЕЛІНСАУЫН БАЛАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ

Желінсау – желіннің қабынуы және ауру туғызатын себептерге қарсы ағзаның жауап беруі. Желінсаулар үй жануарларының барлығында кездеседі. Әсіресе, олар сиырлар мен ешкілерде жиі болады, қойларда сирегірек, басқа үй жануарларында өте сирек кездеседі.

Желінсаудың себептері – желінсау қоршаған ортаның қалайсыз әсерінен болады. Желінсауды тудыратын нақты және жиі кездесетін себептерді атап айтатын болсақ олар: індет аурулары, ағзаның улануы, әртүрлі жарақаттар, сауу ережелерінің бұзылуы және сауу аппараттарының дұрыс пайдаланбауы.

Желінсаудың тікелей себептерінен басқа осы ауруға әкеп соқтыратын жағдайларды да айтуға болады: азықтандыру ережелерінің бұзылуы, сиырлардың қорасының антисанитарлық жағдайы, желіннің суыққа ұрынуы, малдың гиподинамиясы, ағзаның төзімділігінің төмендеуінен желін безіне микробтардың еніп дамуы.

Желінсаулардың көпшілігі жұқпалы болады. Микробтар желінің ткандерінде емшектің үрпі арқылы (галоктогендік жолмен) тері жарақаттанғандықтан (сөл арқылы) немесе қан арнасы арқылы (гемотогенді жолмен) кіріп кетуі мүмкін. Микробтардың желін ткандеріне кіруіне себеп болатын мал бағудағы кемістіктер. Осы себепті кейде маститпен көп мал ауырып, шаруашылыққа экономикалық зиян келеді.

Сиыр желінсауымен нәтижелі күресу үшін оны дер кезінде және дұрыс балау қажет. Ол үшін балауды кешенді түрде жүргізген жөн, сондықтан анамнез мәліметтерін, клиникалық және зертханалық зерттеу нәтижелерінің қортындысын біріктіріп пайдаланған дұрыс.

Мал дәрігері сүт үлгілерінің нәтижелерін тексеріп диагноз қояды, ал микрофлораның антибиотиктерге сезімталдығын ескере отырып ем қолданады

Желінсаудың алдын алу үшін:

Ұйымдастыру, зоотехникалық, малдәрігерлік-санитарлық шаралардың негізі – сауу ережелерін сақтау, малды дұрыс күтіп-бағу, дұрыс азықтандыру.

Қорыта айтқанда, шаруашылық бойынша айына бір рет желінсауға зертханалық және клиникалық зерттеулер жүргізу керек. Шаруашылық бойынша сиыр желінсауының алдын алу істерін үнемі жүргізу қажет.

Құралай АБДУЛЛАЕВА,

Түркістан жоғарғы аграрлық колледжінің «Ветеринарлық арнайы» пәндер кафедрасының оқытушысы.

Тиесілі мақалалар