СӨЗ ЖӘНЕ МИ

Әр алуан
874 Views

Бір мақсат пайда бола қалса адам баласы оны жарияға жар салуға дайын тұрады. Заман талабына сай қазір жеке өміріміз бен ойларымызды бөлісу барған сайын жеңілдеуде. Оның барлығы үздіксіз дамып жатқан мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің арқасы болса, оларды орындалмаған арман мен жарты жолда қалған мақсаттың себепшісі деуге болады. Бұл еңбек ми мен сөз байланысын түсініп, ойларыңызды бөтендерден сақтау жайлы.

Мидың иллюзия мен шындықты ажыратуы қиын. Сондықтан көп сөйлегенде, жақсы заттар айтқанда не басқа адамдарға ақыл айтқан кезде ми ол заттарды орындалды деп қабылдап алады да ол заттарды бітіріп қойған істер санатына жібереді. Осыдан соң басқаларға айтып қойған мақсатыңызды орындауға ынтаңыз қалмай күйзелесіз. Мақсатты орындауға ниетіңіздің болмауы, мидың оған байланысты қанағат сезімін сыйлап қойғанында. Осыдан да адамда кері даму процесі жүреді. Сондықтан, ақыл айтпас бұрын немесе кез келген жағдайға байланысты, өзіңіз сол затқа жетіп нәтижесін көргеннен соң ғана сөйлеген жөн.

Арман, мақсаттарды да «Ешкімге айтпа, көз тиеді!» деген түсінікте осыдан шыққан.

Мидан бөлек мақсаттарды айтуға болмайтыны жайлы тағы бірнеше түсіндірмелер бар:

АЙТПА. Адамдарға болашаққа жоспар туралы айтып отырғанда Сізде енді оны орындауға моральді қысым болады. Себебі Сіз оны тек өзіңіз қалағандықтан емес, сөзіңізде тұру үшін жасауға көбірек ниетті боласыз. Ал оған белгілі себептермен жете алмаған жағдайдағы өз-өзіңізді жеп, депрессияға түсесіз.

ОЙ КҮШІ. Барлығымызға белгілі, кеңінен таралған «ойлар заттанады» деген ұғым бар. Сіздің мақсатыңыз жайлы өзіңіз ғана білгенде, оның орындалуына әсер ететін ой күші жалғыз ғана еді. Ал енді оны қаншалықты көп адам білген сайын ол процеске әсер ететін ойлар саны, сонымен қатар кедергілер де көбейе береді. Мысалы, ол туралы естіген базбіреу «ол Сіздің қолыңыздан келмеуі мүмкін» деген ойда болады делік. Ал, әр ойдың өз адресатын табатын месседж екенін ескерсек, сонымен қатар әлемде әділеттілік меxанизмі болғандықтан барлық ойды қабылдайтынын мойындасақ, мақсатымыз бен арманымызды бөтендердің ықпалынан сақтауымыз керек.

Гүлнұр БАЙДУЛЛАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *