ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ НЕСИЕ РӘСІМДЕТПЕК БОЛҒАН

Қоғам Құқық
33 Views

Бүгінгі таңда В., Б., Н., В. есімді азаматтармен жасалған әлеуметтік желілер арқылы интернет алаяқтық қылмыстық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ​Күдіктілер азаматтарды жаңылыстыру мақсатында түрлі айла-тәсілдерді қолданған. Атап айтқанда:

— өздерін банк қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырып, онлайн түрде несие рәсімдеу арқылы берілген ақша сомасын қауіпсіз есеп-шотқа аударту;

— жәбірленушінің атынан онлайн режимде өзге адамның несие алғаны жөнінде алдап, оларға «Any Desk» бағдарламасын орнатқызу арқылы цифрлық кодпен оның ұялы телефонына қашықтықтан қолдануға мүмкіндік беріп, есеп-шоттағы қаражаттарды иемдену;

— өзге тұлғалардың банк кәртішкелерін сатып алып, өздерінің қылмыстық іс-әрекеттерін жасыру мақсатында осы адамдардың аттарын жамылып, жәбірленушілерді алдау.

​Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Аудан прокуратурасы азаматтарға бейтаныс тұлғаларға жеке бас деректері туралы мәліметтерді (оның ішінде жеке куәлік, банк кәртішкесі және т.б.) бермеуге және алаяқтықтың құрбаны болмауы үшін сақтық шараларын қолдануға шақырады.

Еңбекші ауданының прокуратурасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *