ФИЗКУЛЬТУРА МЕН СПОРТ

Білім Спорт
1 587 Views

Спорт – қазіргі отбасы өмірінде маңызды орын алады. Ол адамның денсаулығын нығайтып,еңбекке деген ынтасын арттырады, организмнің үйлесімді дамуына мүмкіндіктуғызып, бос уақытты жан-жақты тиімді пайдалануға ықпал жасайды. Физкультура менспортпен тұрақты шұғылдану үшін алдымен адам, өзінің денсаулық жағдайын, жасшамасын, мамандығын және отбасы мүшелерінің өзіндік қабілет ерекшелігінескерген жөн. Үй жағдайында физкультурамен шұғылдануды дене шынықтыруданбастаған дұрыс: оны өз бетімен жасауға немесе күнделікті радио және теледидарарқылы берілетін комплексті жаттығуды пайдалануға болады. Физкультура менспорттың денсаулықты нығайтудағы ең тиімді жолы – таза ауада шұғылдануғаболатын спорт түрлері: жүру, баяу жүгіру, суда жүзу, коньки және шаңға тебу,демалыс күндері туристік саяхатқа шығу т.б. Егер мұндай мүмкіндік болмағанжағдайда, терезесі ашық бөлмеде жалпыға бірдей қарапайым жаттығулар комплексінорындауға болады (гимнастика, бір орында тұрып жүгіру, гантельмен түрліжаттығулар жасау). Стол басында отырып, жатып немесе бір орында тұрып жеңілжасалатын жатығулар комплексін құрастырып алуға болады. Ол баспен, қолмен,кеудемен түрлі қозғалыс жасаудан, сондай-ақ отырып-тұрудан, т.б. тұрады.Жаттығу комплексіне қозғалғанда буындарының бұлшықеттері шиыршық ататын –изометриялық жаттығуды қосуға болады (5 секунд ішінде максимальды күшкеенетін); бұлшықетті жиырлататын және жазылатын екі тобын бір мезгілде қатайтаотырып, жаттығуды бірнеше рет қайталау керек (әрқайсысын 15-20 минуттан). Физкультураментұрақты айналысу, әсіресе балалар үшін өте маңызды. Оны баланың өмірге келгеналғашқы күндерінен-ақ бастаған жөн. Баланы физкультурамен күнделіктішұғылдануға дағдыландыру үшін, алдымен ата-ананың өзі үлгі көрсету керек. Соңғыкездері отбасылық, командалық жарыстар (мысалы «папам, мамам, мен») кең өрісалуда. Мұндай жарыстардың бағдарламасы жүгіру турникке тартылу, граната лақтыружәне эстафета сияқты қарапайым жаттығулардан тұрады.

Мектеп жасына дейінгі және төменгі сынып балаларына әр түрлі ойындар өте пайдалы. Доппен ойналатын спорттық ойындардан басқа да бөбектерге арналған көптеген қимыл ойындары бар. Бәрінен асыратын, ең жүйрік, ең мерген бала кім екенін анықтау үшін жарыстар ұйымдастырған жөн. Баланың ойын кезіндегі қимылынан оның еңбекке деген ынта қабілетін айыруға болатынын ата-аналар естерінен шығармауы керек.

Дене шынықтырумен шұғылданғанда салмақты тек, бұлшықеттің бір бөлігіне ғана емес, бәріне бірдей түсіру – негізгі ережелердің бірі. Салмақ көбірек түсетін жаттығуларды жасаған кезде тамыр соғысының жиілігі минутына 130-дан кем болмауы қажет. Тамыр соғысының жиілігі бұдан төмен болса, онда жаттығуларды, тиімділігі кемиді. Сонымен қатар тамыр соғысының жиілігі минутына 170-тен артық болғанда жаттығуды жасауға болмайды. Жаттығу кезінде организмде шектен тыс күш түсірмеу керек, өйткені адамның жұмыс қабілеті төмендеп, қалжырауы мүмкін.

Керісінше, дене шынықтырумен шұғылданған адамның дені сергек, еңбекке ықыласты болу керек. ГТО нормаларын үнемі орындап отыратындар өзінің дене шынықтыру дайындығын қанағаттанарлық деп санап, спортпен шұғылдануды (дәрігердің байқауымен) тұрақты түрде жалғастыруға болады.

Али ТОҒЫЗОВ,

№80 мектеп лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *