ЦЗЯНСИ ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІ ЕҰУ-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТУҒА МҮДДЕЛІ

Білім Саясат
330 Views

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Цзянси провинциясының (ҚХР) халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Ху Шичжун бастаған делегация келді. Сапар мақсаты – жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Қытай делегациясымен ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов кездесті. Ол аспан асты елінің қонақтарына университет туралы, оның халықаралық білім беру кеңістігіндегі жетістіктері және әлемдік рейтингтердегі көрсеткіштері туралы қысқаша айтып берді.

Бүгінде ЕҰУ Қытайдың 20 университетімен ынтымақтастық орнатқан. Университетте Конфуций институты және қытай филологиясы кафедрасы жұмыс істейді. Әр түрлі мамандықтарда Қытайдан 100-ден астам білім алушы, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Сиань шет тілдер университеті мен Шанхай шеттілдер университетінен 10-ға жуық студент оқиды.

«Қазір біз «Биология», «Химия» және «Қолданбалы химия» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында Наньин педагогикалық университетімен байланыс орнатылған. Сонымен қатар Нанкай университетімен магистратурада деңгейінде «Экономика», «Халықаралық сауда» және «Қаржы» бағдарламалары бойынша бірлесе жұмыс жасаймыз. Бұл бағдарламаларды сәтті аяқтаған түлектер ЕҰУ дипломын алады», — деп атап өтті ЕҰУректоры.

Ерлан Сыдықов Цзянси провинциясының өкілдерін академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ынтымақтастыққа, ғалымдарды бірлескен ғылыми жұмыстар мен басылымдар дайындауға тартуға шақырды.

Цзянси провинциясы халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Ху Шичжун ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.

«Біз білім беру мәселесіне үлкен көңіл бөлеміз. Біздің провинцияда 45 миллион халық, 119 ЖОО бар, білім алушылардың деңгейі 57,7пайызды құрайды. 47 ЖОО шетелдік студенттерді қабылдауға құқылы. Қазір бізде халықаралық ынтымақтастық бойынша 87 жоба бар, әртүрлі елдерде 14 Конфуций институты ашылды.

ЕҰУ мен Цзянси провинциясы арасында білім берусаласындағы ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар деп санаймын. 1901 жылы құрылған Юцзян университетінде әртүрлі салаларда 88 бакалавр бағдарламасы бар.Университет өзінің ауқымды халықаралық ынтымақтастығымен белгілі және қытайтілін оқыту орталықтарының бірі ретінде танымал. Осыған байланысты бүгінгі сапардың мақсаттарының бірі – кәсіби байланыстар орнату және білім берусаласындағы ынтымақтастықты нығайту. Сіздің университетіңіздің де студенттердідаярлауда мол тәжірибесі бар екеніне көзіміз жетіп отыр, сондықтан біз белсенді түрде тәжірибе алмасуымыз керек», — деп түйіндеді сөзін Ху Шичжун.

Кездесу нәтижесінде тығыз ынтымақтастық және одан әрі жоғары оқу орындары арасында меморандумдарға қол қою туралы шешім қабылданды.

ЕҰУ-нің Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *