ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ ШЫМКЕНТТІК ХҚО-ҒА ОНЛАЙН КЕЗЕК БРОНДАЙ АЛАДЫ

Қоғам Құқық
430 Views

Шетел азаматтары кезекті алдын ала жоспарлап, ЖСН қалыптастыру мемлекеттік қызметін SMS-хабарлама арқылы ала алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қалалық филиалының өкілдері  айтып берді.

«Қазір бұл қызметті eGovKzBot2.0. телеграм-боты арқылы, ұялы телефонмен алуға болады. ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады. Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына sms келеді. ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны және шетелдік төлқұжатты көрсету арқылы кезек талоны берліледі», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шетел азаматтарына ЖСН алу үшін ХҚО-ға қайта жүгінудің қажеті жоқ. Дайын құжат шетел азаматының өтініште көрсетілген қазақстандық ұялы телефон нөміріне SMS арқылы жіберіледі. Нөмірді төлқұжат ұсына отырып сатып ала алады.

Яғни, онлайн брондаудың негізгі шарты – қазақстандық ұялы байланыс операторы нөмірінің болуы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *