ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Ғ. СЫЗДЫҚБЕКОВКЕ АШЫҚ ХАТ

Мәселе Қоғам
208 Views

Құрметті Ғабит Әбдімәжитұлы!

Біз, Шымкент қаласының қоғамбелсенділері, Сіздің Шымкент қаласын дамыту, оның ішінде инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, дамыту бағытына қатысты қолға алған шаралар мен нақты тапсырмаларыңызды қолдай отырып, келесі маңызды мәселеге баса назар аударуыңызды сұраймыз.

Қазіргі таңда «тұрғын үй қоры» деген ұғым көп талқыланғанымен, біздің қаламызда нәтижесі көрінбей тұр. Оның басты себебі – жауапсыздық. Өз үйінің жай-күйіне, ішкі жүйесіне жауап беруді дебіздің тұрғындар өзгеге артып қойғысы келеді. Жыл сайын тұрғын үйлердің ішкі жүйесін қысқы суыққа дайындау керектігі қанша ескертілсе де, проблема азаймай тұр.

Шымкент қаласының Әділет департаменті берген мәліметке сүйенсек, қаладағы 2421 көпқабатты тұрғын үйдің тек 121-інде мүліктің меншік иелері бірлестігі (ОСИ) нысаны тіркелген. Яғни, ресми дерек бойынша 5,3%-ды құрайды деген сөз.

Алайда,  халықпенкүнделікті, тығыз байланыста жұмыс істейтін аудан әкімдіктері өз аумақтарындағыүйлердің барлығында (100 пайыз!) жәй серіктестіктер (ПТ) мен мүлік меншігініңбірлестіктері (ОСИ) құрылған, жұмыс істеп жатыр деп есеп береді. «Қағаздағы ұйымдар» қашан іске көшеді? Есесіне, негізсіз мәліметтер мен бақылаудыңжоқтығынан соңғы үш жылда бірнеше көпқабатты үйлердің ішкі жүйесіндегі ақаулардан апатты жағдайлар орын алды. Цемент зауыты аумағындағы Поповкөшесіндегі, Төлеби көшесіндегі көпқабатты үйдің жертөлесінде қараусыз қалғанжелілерден су кетіп, баспаналары жарамсыз күйге түсті. Жақында ғана Елшібекбатыр көшесіндегі 6-шы үйде ішкі су құбыры желілерінен су кетіп, жертөлегежиналған су үйдің қабырғаларына әсер берді. Егер де сол үйлерде су және кәріз желілеріне қызмет көрсету жөніндегіпайдалану ұйымдарымен келісім-шарт түзілген болса, су кету жағдайы бірденанықталып, дер кезінде алдын-ала шаралар қолданылар еді. Оны бақылап,көпқабатты үйлердің жәйін зерттеп, тұрғындарды осы ретте тәртіпке шақыратын «Тұрғынүй инспекциясы»  және Шымкент қаласыныңқалалық орта сапасы және бақылау басқармасы аудан әкімдіктері тұрғындарғабірлестік құрып, ішкі жүйені реттеу бойынша қызмет көрсетуші ұйымдарменкелісімге отыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр деумен шектеледі!Заңда барлығы тайға таңба басқандай жазылып қойған.  Мысалы, Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының 1997жылғы 16 сәуiрдегi №94 Заңының (әрі қарай – Заң)  2-бабына сәйкес, Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

12) кондоминиум объектісін басқару – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қауіпсіз және жайлы тұруына (болуына) жағдайлар жасауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану мәселелерін шешуге және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға бағытталған іс-шаралар кешені;

16-6) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі – мүліктің меншік иелері бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;

46) уәкілетті орган — тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

6-бап. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша қызметтер көрсетуді сервистік қызмет субъектісі мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасымен немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамымен не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушымен немесе басқарушы компаниямен не уақытша басқарушы компаниямен жасалатын шарт негізінде жүзеге асырады.

Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері мен сервистік қызмет субъектісі арасында жеке-дара шарт жасасу арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша қызметтер көрсетуге жол берілмейді.

10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті

10-2) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

10-11) мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;

10-23) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

10-25) мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік пен көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания немесе сервистік қызмет субъектілері арасындағы шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;

10-26) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын әзірлейді және бекітеді.

10-3-бап. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті

2. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:

3) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

Сонымен қатар, Заңның 10-3 бабын басшылыққа алсақ, жергілікті атқарушы органның құзыретіне тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі шараларды ұйымдастыруды және жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік-техникалық зерттеп-қарау жүргізу жұмыстары кіреді.

42-бап. Кондоминиум объектісін басқару нысандары

1. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін мына кондоминиум объектісін басқару нысандарының біреуін таңдауға міндетті:

1) мүліктің меншік иелері бірлестігі;

2) егер пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің саны отыздан аспаса, көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі (жай серіктестік);

2. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері осы баптың 1-тармағында айқындалған кондоминиум объектісін басқару нысандарын таңдауда және ауыстыруда ерікті болады.

41-2-бап. Тұрғын үй инспекциясының елді мекендер шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды және елді мекендер шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының өкілеттіктері

1. Тұрғын үй инспекциясы:

1) көппәтерлі тұрғын үйді мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастыру;

2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тізбесін, кезеңдері мен кезектілігін айқындау;

3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу;

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

5) осы Заңды және кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қағидаларды бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынулар) шығару және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;

6) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерi өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу;

2. Тұрғын үй инспекциясының өкiлеттiгіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мәселелер кіреді.

3. Тұрғын үй инспекциясының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Алайда, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жоғарыда көрсетілген Заң нормаларына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен кондоминиум обьектісін басқару және оны күтіп-ұстау бойынша мүліктің меншік иелері бірлестігін немесе жай серіктестігін құру бойынша жұмыстар, көппәтерлі тұғын үйге(кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу жұмыстары жүргізілмей, еш қадағалаусыз қалуда.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №108 бұйрығы.

22. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы не басқарушы компания және сервистік қызмет субъектілері арасында бір жылдан аспайтын мерзімге жасалған шарттарға сәйкес сервистік қызмет субъектісі жүзеге асырады.

Меншік иелерінің бірлестігі институтын енгізуге бағытталған реформаның соңына дейін жеткізілмегенін Ел Президенті Қ. Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында нақтылап берді. «Жалпы, мүлік иелерінің бірлестігінің реформасына қатысты көп қателік жібердік. Әкімдер Үкіметпен бірге бұл жағдайдан шығудың жолын табуы керек, өйткені жағдай өте маңызды. Мәслихаттар, Мәжіліс, Сенат болсын, барлық деңгейдегі депутаттардың осы мәселені қолдауына және шешімін табуға белсенді қатысуына үміттенемін. Менің ойымша, бұл мәселені шешуге байыпты қарау керек. Жалпы, бізге, тексерілген инфрақұрылымдық саясат қажет», — деді Президент.

Бақылау мен қадағалаудың төмендігі салдарынан 2023 жылдың қаңтар айында, қысқы суықта қаладағы 252 көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелеріндегі су құбырларына мұз қатып, тұрғындар мен бірқатар нысан иелері сусыз қалған. Апатты жағдай қайталанбасын десек, шұғыл түрде әрбіріміз қаладағы тұрғын үйлердегі жағдайды тиісті басқарма, инспекция қатаң бақылап, алдын алу шараларын пысықтауы тиіс! Қазіргі кезде қаладағы әрбір үшінші үйдің ішкі жүйесі тозған, жәй және күрделі жөндеуді қажет етеді.

Биыл ауа райы бізге қарасып тұр, әлі де қатты суық бола қойған жоқ. Тұрғын үйлерде шұғыл түрде мүлік меншігінің бірлестігін тіркеп, заңдастыруды міндеттеу қажет боп тұр. Кезек күттірмейтін осы мәселені шешуге нақты тапсырма беріп, қатаң бақылауға алсаңыз!

Құрметпен,

Бегімқұл ТӨЛЕНТАЕВ,

Төлебай ҚАРАМЕНОВ,

Жарқынбек СЕЙТІНБЕТ –

қоғам белсенділері,

Шымкент қаласы Тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы саласы бойынша аймақтық кеңес сарапшылары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *