ЭЛЕКТРОНДЫҚ ШОТ-ФАКТУРАҒА ТІРКЕЛУГЕ АСЫҒАЙЫҚ!

Құқық
894 Views

Құрметті салық төлеушілер! Өздеріңізге мәлім Қазақстан Республикасында электрондық шот-фактура (бұдан әрі қарай – ЭШФ) жүйесін қолдану тегін жүзеге асырылады. ЭШФ ақпараттық жүйесіне тіркелу және электронды шот-фактураларды қолдану туралы ақпараттарды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтынан алуға толық мүмкіншілік қарастырылған.

Шот-фактураны электрондық түрде жазу үшін міндетті түрде электрондық шот-фактура жүйесіне тіркелу қажет. ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілерді ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық Кодексінің 412 бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес міндеттейді.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер шот-фактураларды электронды нысанда жазып беруге міндетті. ЭШФ ҚР Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №270 бұйрығына сәйкес жаңа үлгіде жазу қажет.

Одан бөлек егер 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер шот-фактураларды электронды нысанда жазып бермеген жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 280-1-бабында әкімшілік жауапкершілік қаралғанын ескертеміз.

Н. РАЙЫМҚҰЛОВ,

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *