◷ 25 Қараша 2026

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ШОТ-ФАКТУРАҒА ТІРКЕЛУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Құрметті Түркістан облысының қосылған құн салығын төлеуші тұлғалары, өздеріңізге мәлім болғандай, Қазақстан Республикасында Электрондық шот-фактура жүйесін қолдану тегін жүзеге асырылады. Шот-фактураны электрондық түрде жазу үшін міндетті түрде электрондық шот-фактура жүйесіне тіркелу қажет. Электрондық шот-фактураны жазу ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті оператор болып табылатын электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жүзеге асырылады.

Салық төлеушілерге Электрондық шот-фактураны жазу келесідей артықшылықтарды береді:

- Қағаз тасығышта шот-фактуралардың жазып беру мерзімі 7 күн болса, ЭШФ жазып беру мерзімі 15 күнге ұлғайтылған.

- ЭШФ-ны шетел валютасында жазып беру мүмкіндігі.

- Өз қызметкерлеріне шот-фактураларды жазу бойынша құқықтарды табыстау мүмкіндігі.

- Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері жазып берген ЭШФ-ны басқару мүмкіндігі.

- Барлық шот-фактураларды электрондық түрде жазып берген жағдайда іске асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.07 және 300.08).

- Мөр дайындауға қағазды үнемдеу және қаражатты үнемдеу.

- Алушыға ЭШФ-ны орналасқан орнына қарамастан жедел жеткізу, сондай-ақ сатып алушы мен өнім беруші арасында ЭШФ АЖ-да хабарларымен жедел алмасу мүмкіндігі.

- Қателерді болдырмау мүмкіндігі, өйткені ЭШФ АЖ форматтық – логикалық бақылауға тексеру жүргізеді.

- Жеке алғашқы бухгалтерлік құжаттарды қосымша ресімдеуді болдырмау (тауарлық – көліктік жүкқұжат, төлемге арналған шоттар, сондай-ақ ЭШФ-да шарттың жеке деректемелерін көрсету мүмкіндігі).

- Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда ЭШФ АЖ-ден «Қазынашылық-клиент» АЖ-ге төлеуге арналған шотты автоматты қалыптастыру, бұл төлемге электрондық қаржы құжаттар қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Н.РАЙЫМҚҰЛОВ,

Түркістан облысы бойынша МКД Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының жетекші маманы.

Тиесілі мақалалар