ҒАБИДОЛЛА ӘБДІРАХЫМОВ АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН БА?

Қоғам Құқық
244 Views

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Тарап жатқан деректерге қарағанда,Ғабидолла Әбдірахымов, Кәрім Мәсімов және есімдері әзірге аталмай отырған тағы3 азамат «Alageum Group» компаниясының басшыларынан қомақты сомада ақша алғанкөрінеді.

Негізі Ғ. Әбдірахымовтың үстінен іс қозғалды дегенақпарат бірқатар БАҚ беттерінде мамыр айының соңында жарияланған болатын. Алайда құзырлы органдар ресми мәлімет таратқан жоқ. Ал экс-әкімнің өзі бұлақпаратты жоққа шығарған еді.

Дегенмен, күні кеше Алматы қалалық полиция департаменті танымал кәсіпкердің арызы бойынша Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Алматы қаласының полиция департаменті ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігімен ЕРДР-да тіркелген. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы Қылмыстық іздестіру департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция өкілі.

Белгілісі, полицияға арызды 19 мамыр күні «Alageum Group» құрылтайшысы және төрағасы Сайдулла Қожабаев жазған. «Forbes» журналында еңтабысты 50 бизнесменнің тізімінде тұрған кәсіпкер арызында бес адамның, соныңішінде Әбдірахымов пен Мәсімовтың ірі көлемде ақша алғанын жазған. Әңгіме 2-3миллион доллар жайында. «Негізі олар он миллион сұраған», — деп жазды бұлтуралы журналист. М. Козачков.

Айта кетейік, бұл қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оған қоса, мүлкі тәркіленеді, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруы мүмкін.

Д. ӨМІРБЕК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *