ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ ҮЛГІСІ

Білім Тұлға
71 Views

Қуатбеков әлемінің ең биік көкжиегі академик ағаның қайырымдылық қыры десек тіпті қателеспейміз. Саналы ғұмырын білім мен ғылымғаарнаған жанның осының бәріне уақыт және қаржы тауып жатқаны таң қалдырады.Туған жері Арыс ауданының Талдықұдық елді мекеніндегі № 41 разъезіндегібастауыш мектепке және туған ауылына әр жыл сайын «Туған жерге тағзым» аттыакция өткізіп отыруы, мектепті оқу құралдары, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуі, ең бастысы сол мектептің ең үздік оқушыларына арнайы Қуатбековатындағы стипендия тағайындауы қандай құптарлық іс. Алыс ауылдағы кішкентайғана шәкірттердің жүрегіне білім беріп қана қоймай, болашаққа деген сәулеліүміттің отын жағудың ғажайып дәстүрін қалыптастырған аға әрекетіне қалай ризаболмассың. Халық даналығы «жетім көрсең жебей жүр» дейді, бұл қағидатты қапысызорындайтын Әбекеңнің осы бағыттағы тірліктері де сан алуан. Арыс қаласындағыбалалар үйіне 2004 жылдардан бері үзбей қамқорлық жасап келеді, атап айтқанда балалар үйіндегі үлгерімі жақсы он оқушыға арнайы стипендия тағайындауы,сонымен қатар балалар үйіндегі мектеп бітірушілердің жоғары оқу орнына түсуінеықпал етуі, ақысыз негізде білім алуына әкелік қамқорлық жасауы Қуатбековқамқорлығының айнымас бір бөлшегі. Бала десе бауыр еті езіліп тұратын ағаОңтүстік Қазақстан облыстық «Қорған» балалар қоғамдық қорының да басдемеушілерінің бірі.

Қуатбеков қамқорлығының өзіміз үнемі байқап, көріп жүрген келесі бір қырын айта кетудің де реті келіп тұрғандай. Жыл сайын Қазақстан халықтар Достығы университетің дайындық курсына алыс-жақын шетелдерден жүздеген шәкірттер келіп оқиды. Алыс Монғолия, шығыстағы Қытай, көршілес Өзбекстан, теңіз жағалауындағы Түркиядан келіп білім іздеген жас өркендердің, яғни қандас бауырларымыздың жан-жүрегіне жақын жүретін адамның бірі университет президенті Қуатбеков. Ол әрқашан сол шәкірттердің мұң-мұқтажын, сапалы білім алуын, ас-ауқатын, киім-кешегін, тіпті бос уақыттары бола қалған жағдайда қалай демалыс ұйымдастыруға болатынына дейін өз қадағалауына алып жүреді. Алыстан келген жас ұланның білім жолындағы сапарының баянды болуына қарлығаштың қанатымен су сепкендей қамқор болып жүретін мұндай ағалар да сиреп барады. Айтар ойымызды түйіндеуге қарай ойыссақ. Қуатбеков әлемінің қыр-сырын бірер әңгімеде айтып тауысу мүмкін емесін жоғарыда ескерттік. Ал енді ардақты аға жайында сыр шерткенде айтылуға тиісті жағдаят – Қуатбеков Әбдімұса Мұратұлының ұстаздық қасиеті. Ол ғалым ретінде дүниенің түкпіріне танылып жатса да, қайырымдылық қасиетімен жас ұрпақ жүрегіне жол тауып жатса да ұстаздық еңбегінің арқасында осындай жетістікке жетіп жатқанын үнемі айтып отырады. «Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» (Ы.Алтынсарин) дейтін қағиданың мәні мен маңызы тым тереңде.

Елбасы өткен жылғы Жолдауларының бірінде мұғалім мәртебесі жайында: «Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз»,- деп нақты айтты, тек оны басшылыққа алып, жүзеге асыру – парыз. Қоғам күн сайын түзеліп, мемлекеттің іргетасы бекіп, көп жағдаяттарға бақылау жасай бастады. Ұлы педагог Ахмет Байтұрсынов «Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек», — деп айтқан қанатты қағидасын үнемі есте ұстауымыз қажет. Бұдан түйетініміз көргені көп, түйгені мол, ғылымға қадам жасаған күнінен бастап, аудиторияға кіріп бала оқытқан, шәкірт тәрбиесінен бір күн де қол үзбеген ұстаз ағаның еңбегі жанды, бұл күндері өзі басқарып отырған оқу орнында да ұстаздар дайындауға қатты көңіл бөліп отырады.

Академик Қуатбеков Оңтүстік өлкесіндегі аса ірі, жаңа сапада, жаңа технологиялармен сабақ беретін Қазақстан халықтар Достығы университетінің президенті, мәуелі бәйтеректей жемісін шашқан биік шынар, осы және басқа да аға қасиеттерін айтуды келер күннің еншісіне қалдырып, бүгінгі әңгімені аяқтасақ. Бүгінгі айтпақ ойымыздың түйініне тоқталайық. Қуатбеков әлемінің ешкімге ұқсамайтын екі-үш қасиеті жайында ғана айттық, дәлірек айтқанда ғылымға деген шексіз адалдығы, адамзат баласына жақсылық жасауға асығатын дана қасиеті, «елді түзеуді бала оқытумен» ұштастырған ізгі ниетінің бәрі көпке үлгі. Мейірім шуағы мол ағаның әр ісіне сәттілік, жеміс тілейміз, менің бұл тілегімді ардақты ағаның қамқорлығын көрген мыңдаған шәкірттері де қолдайды деген сенімдемін. Ұмытпай тұрғанда асыл ағаны туған күн мерекесімен де құттықтауды жөн көріп отырмыз. Оңтүстік аймағындағы білім мен ғылымның сөзсіз көш басында тұрған, шапағаты мол ректорларының ортасында өзіндік орны бар, сонымен қатар қайырымдылық жасауда талай жанға үлгі-өнеге көрсетіп жүрген «Атымтай жомарттық» өнегесі, ең бастысы аты алтын әріппен жазылатын ұстаз ағаның жақсы күндері, мерейлі істері әрқашан жалғаса берсін деген жақсы тілектер Қуатбеков әлемінің шамшырағы болып жана берсін!

М. МАМАДИЯРОВ,

академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Қазақстан тарихы жәнеәлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты, доцент.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *