ҚОҒАМДАҒЫ ӘДІЛЕТТІЛІК ОЙЛЫ ЖҰМЫСТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Қоғам
934 Views

Туған жері шырайлы Шымкент қаласын жан-жақты дамытуға, халықтың заманауи деңгейде өмір сүруіне осы елдің азаматы ретінде өз үлесінқосуды – парызым деп санаған азамат – Данабек Ержанұлы.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев және Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз еліміздің болашағы жастармен тығыз байланысты екенін үлкен мінберлерде, халыққа арнаған жолдауларында атап айтқан болатын. Осы тұрғыдан да патриоттық рухпен ел болашағына, өз халқына адал қызмет етуді мақсат еткен, асқақ рух пен әділдікті басты ұстаным санайтын «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы депутаттық фракциясының мүшесі, қалалық мәслихаттың депутаты, Шымкент қаласы мәслихатының Заңдылық, құқық тәртібі және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Данабек Исабеков бүгінде елге берген уәдесінің үдесінен шығып жүргені белгілі.

Мәселен, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетовпен 2021 жылғы 25 қаңтарда бекітілген Шымкент қаласының мәслихаты хатшысы мен тұрақты комиссиялары төрағаларының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, 2021 жылғы 9 ақпанда Н.Назарбаев даңғылы, №10 мекен-жайында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылып, өткізілген. Аталған қабылдауға қатысқан қала тұрғыны Сұлушаш Сұлтанбайқызы №141 автобусының бағытын өзгерту бойынша арнайы өз өтінішін білдірген.

Нәтижесінде, Данабек Исабеков 17 ақпан күні Ш.Қалдаяқов көшесінде жолаушылар көлігі басқарма басшыларымен кездесіп, тұрақты комиссия қабылдауында болған. Қала тұрғындарының атынан Абай ауданының азаматы Сұлушаш Құрашеваның көтерген мәселесі бойынша №141 автобус маршрутының ыңғайлылығын қарастырған. Кешенді схемасының тиімділігін түсіндіріп, бір жұмадан соң кездесіп, көтерілген мәселенің шешімін табуға ықпал жасаған.

Осыған орай, жоғарыда айтылған мәселе бойынша №141 автобусы бағытының не себептен өзгертілгендігі және орнына басқа қандай маршруттағы жолаушылар көлігі қойылғандығы туралы мәліметті ұсынып, Ш.Қалдаяқов көшесін жолаушылар көлігімен қамтамасыз ету мәселесін қолданыстағы заңнама аясында қарап, тиісті шаралар қабылдау үшін Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасовқа қызметтік хат жолдаған.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы әзірленіп, қазіргі уақытта оны іске қосу жұмыстары жүргізілген.

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы депутаттық фракциясының мүшесі, қалалық мәслихаттың депутаты Данабек Исабеков: «Тұрғындардың игілігі үшін қолдан келгенді жасап жатырмыз. Бас­ты міндетіміз – халық үшін жұмыс жа­сау. Осы бағытта ісімізді алға домала­та береміз, – дейді.

Сондай-ақ, «Тұрғындарда көбінесе әлеуметтік мәселелер, жеке шаруасы, баспана, жұмыссыздық, ауыз сумен қамтамасыз ету, жол жөндеу секілді бәрімізге белгілі түйткілдер кездеседі. Уәде берген соң, оны орындауға күш салу қажет. Адамдардың мұң-мұқтажының мәнісін жете түсініп, оның уақытында шешілуіне бел шешіп кірісіп, заңды нәтижесіне қол жеткізе алсаң, бұл әлеуметтік әділдік үшін өте қажет мәселелер. Халыққа адалдық бір адамға адалдықтан басталады. Біз депутаттың биік мәдениеті мен адамгершілік асыл қасиеттерін осы тұрғыдан түсінеміз», – дейді Халық қалаулысы.

Иә, қорыта келе айтарымыз, өзгерістер жолында ел қамы, ұлт мүддесі, әлеуметтік жағдайлар мен қоғамдағы әділеттілік ойлы жұмысты қажет етеді. Барлығы да орынды болуы керек. Ең бастысы осындай абыройлы ел азаматтарының халыққа қолайлы, басқару жүйесіне ыңғайлы аса қажет игі шаралары толастамай, күн тәртібінен түспегені жөн дейміз.

А.СӘКЕНҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *