ҰЯТ БОЛДЫ-АУ…

Көзқарас Рухани жаңғыру
1 156 Views

Өмірде өз шығармашылығын ғана біліп, басқа қақ-соққа араласпайтын қаламиелері болады. Даудан ада, артық сөзге жоқ олардың ұстанымы: «Бәрі уақыт өтекеле анықталады. Шала бүлініп шаршаудың қажеті жоқ. Бірден байбаламға бармай,соңын тосайық. Түбінде түсіністікке қол жеткізілетін нәрсе ғой бұл» — дегенкөзқарас. Расында да ол кейде солай. Өйткені, түрлі жағдайлардан туындаған пікір қайшылықтары келе-келе сараланып, дұрыс шешімін тауып жататыны бар.Соларды көргенде кім-кімнің де бойында: «Е, бәсе, мұның жөні осылай емес пееді?» — деген шүкіршілік ой үстемдік алады.

Мұндағы айтайық дегеніміз, біз де сол жоғарыдағыдай тәубешіл топтан едік. Бірақ… Иә, бірақ қаламгер Ғани Қариннің «Қазақ әдебиетіндегі» «Айтпайын деп айтпайсың…» атты мақаласын оқыған соң бұрынғы ұстанымымыз бұзылды. Шыдамның да шегі бар екен. Ол шарт сынды. Сенімімізге селкеу түсіп, өкінішті ой-пікірімізді айтуға бекіндік. Себебі, ондағы көтерілген жайт, абзал азамат, руханият жанашыры Бекет Тұрғараевқа жасалған қиянат туралы дабыл. Көріп тұрып көрмегенсіген көзжұмбайлыққа, біліп тұрып білмегенсіген біліксіздікке қарсы үн қатқан жанайқай. Олай дейтініміз…

Басқа басқа-ау, өзіміз сөз еткелі отырған Бекет Тұрғараев көшедегі көлденең көк атты адам емес. Ол – бір деген білікті заңгер. Жақсылық жасауға жүрегін жұлып беруге дайын жан. Ұлт мүддесі дегенде ұсақтамайтын, сол бағытта кесек сөйлеп, ірі мінез көрсететін тұлға. Туған әдебиетіміз бен мәдениетіміз жолындағы талмас, тынбас руханият жанашыры. Дәлел керек пе? Айтайық.

Соңғы жиырма жыл мұғдарында бұл ізгі ниет иесі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың10, ақын Кәкімбек Салықовтың 10, ғалым С.Қирабаевтың 8, ақын Қадыр МырзаӘлінің 14 томдығына демеушілік етті. Сондай-ақ оның Солтүстік Қазақстандағы Шалақын мен Үкілі Ыбырай және академик Е. Букетовке, Шымкенттегі өткен заман батырлары, әкелі-балалы Тілеу мен Жолдыаяқ, сонымен қатар Алматы облысындағыОрбұлақ шайқасының қаһарманы Салқам Жәңгірге ескерткіш орнатты. Ал қасиеттіҚазығұрт тауының асуындағы 1941-1945 жылдардағы соғыста осы өңірден батыстағықан майданға аттанған 410 жауынгердің есімі жазылған стелла ше? Осыларды ескеалғанда: «Бекеңнің 2002-2022 жылдар аралығында өзі қолұшын берген түрліқайырымдылық шараларын ұйымдастырып, көптеген бастамаларға мұрындық болған ізгіістері қанша екен?» — деген сауал ойға оралады. Журналистік зерттеу жүргізудің нәтижесінде бұл сұраққа да жауап таптық. Байыппен бағдарлап қарасақ, олардыңсаны Алматы қаласында 8, Солтүстік Қазақстан аймағында 14, Алматы облысында 5,Маңғыстау өңірінде 9, Оңтүстік Қазақстан аймағында 16 екен. Міне, бір меценатоның ел-жұртқа жасаған жақсылығы. Миллиардтаған қаржының үстінде отырған ТимурҚұлыбаев немесе Владимир Ким осындай қайырымдылық үлгісін көрсетті ме? Түгелдемесек те жоғарыдағыдай жақсылықтың жартысының жартысын, әйтпесе ширегінжасады ма? Ол алпауыттар қаңтар оқиғасынан кейінгі жағдайдың өзгеруіне байланысты «Қазақстан халқына» атты қорға бірдеңе қоспаса, оған дейінгі халыққақолұшын созған ештеңесін көрген де, естіген де емеспіз. Ал, зауыт, фабрикасыжоқ, мыңдаған гектар егіндік пен мыңғырған малдан ада Бекет Тұрғараев өзісекілді мұраттас қандастарымызбен үзікке қиық жалғап жүріп жоғарыдағыдай меценаттық істерге қол жеткізді. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Өйткені, оныңбәрі елдің есінде.

Осындай қайырымдылық істерді атқарып жүрген Бекең 2018 жылдан бастап ерекше бір игі істі қолға алған еді. Ол еліміз өңірлерінде бұрын болмаған «Алаш арыстары» атты ашық аспан астындағы ескерткіштер ансамблі болатын. Қазығұрт тауының жоталы жонында бой көтерген бұл архитектуралық-скульптуралық кешен даланың дара даналары, атақты үш бидің силуэтімен басталып, соңы Алашорданың тоғыз көсемі панносымен аяқталғанда, оған жұрт ерекше сүйсініп, ел қатты қуанған. Айтулы мәдениет және өнер қайраткерлері жақсы сөздерін айтып, өз бағаларын берген. Міне, 10 гектар жерді алып жатқан сол ашық аспан астындағы ескерткіштер ансамблін жасаған шығармашылық ұжым, басы Бекең болып, биылғы Мемлекеттік сыйлық бәйгесіне қатысқан еді. Өкінішке қарай… Жолы болмады емес… Бүгінгі заманның Батыраштары мен Қотыраштары оны құлатты. Тура мағынасында солай. Сөйтіп, егемен еліміздің еркіндігімен өмірге келіп, бұрынғы сәулеттік-мүсіндік өнер үлгілерінен өзгеше жасалынған есіл ескерткіштер кешені елеусіз қалды. Соның салдарынан комиссиядан өтіп тұрған бұл ұжымдық шығармашылық жұмыс кенет өтпей қалды. Ал өтпей қалған басқа еңбек ойда жоқта өтіп кетті. Парадокс… Осылайша ізгі іске бастамашы болған асыл азаматтың сағы сынды. Сөз етіліп отырған жобаға құлшына кірісіп, жандарын аямаған талантты архитекторлар мен скульптурлар тобының десі қайтты. Сонда қасиетті Қазығұрт тауында асқақтаған Алаш рухы қайда қалды? Қараулыққа барғандар арыстарымыздың аруағын күңіренту арқылы бұдан не барқадар тапты?

Бұл тақырыптағы оқиға Ғани Қариннің осы газетке шыққан мақаласында егжей-тегжейлі айтылып, баяндалған. Біз енді оны қайталап жатпай, өз ойымызды мына сөзбен түйіндейік. Көзі қарақты жұрт жақсы біледі, елімізде әр екі жыл сайын Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылатын әдебиет пен өнер, кино және сәулет саласындағы озық туындыларды саралап, баға беретін комиссия бар. Егер сол қоғамдық негіздегі құрылымның мүшелері тура биде туғандық жоқты танытса бұлай болмас еді. Мұндағы жоғарыдағыдай түсініксіз жағдай ең алғаш рет аталмыш комиссияда 2012 жылы көрініс бергені бар. Содан бері ауытқу, ыққа жығылу жиі байқалып келеді. Сондықтан Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның өнер мен сәулет саласындағы мүшелерін Президент айтқан жаңа Қазақстан талабына сәйкес жаңарту қажет. Бір кездері Парламентте 15 жыл отырған экономист Гүлжан Қарағұсова, заңгер Зағипа Балиева, бизнесмен Нұртай Сабильяновты жұрт: «Осылар депутаттық орнын жекешелендіріп алған жоқ па? Әлде бұларсыз Мәжіліс қабырғасы құлап қала ма?» — деп мысқылдайтын. Расында да ел дұрыс айтыпты. Қазір Парламент оларсыз да күнін көріп, жұмысын жалғастырып жатыр. Демек, мұндай өзгеріс Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияға да қажет. Оған лайықты көп ешкім жоқ деген сөз тууы мүмкін. Олай емес. Бар. Мәселен, руханияттағы өз салаларын жетік білетін, халықпен байланысын үзбеген, өздеріне сенімді болғандықтан биліктің де, басқаның да ығына жығылмайтын Еңбек Ері Роза Рымбаева мен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тынымбай Нұрмағанбетов кімнен кем? Бұлар жаңа адамдар. Ал жаңа адамдардың өз жаңалықтары болады. Комиссия бірте-бірте осылай жаңаруы, қайта құрылуы қажет. Сонда жоғарыдағы Бекет Тұрғараевқа жасалған қиянаттың секілді келеңсіздіктердің азаяры анық.

Жанболат АУПБАЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *