Әбдіманап ТӨЛЕБАЕВ: «БАСЫМЫЗДАН ӨТІП ЖАТҚАН СЫНАҚТАРДЫ ЛАЙЫҚТЫ ЖЕҢЕ АЛАТЫНЫМЫЗҒА СЕНІМДІМІН»

Денсаулық Қоғам
916 Views

Мемлекет басшысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметті күшейту, жаңа комитет құру, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердіңмәртебесі мен беделін арттыру туралы шешімі дер кезінде қабылданған шешім.Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан коронавирус пандемиясы жағдайындамемлекеттік шекаралар, оның ішінде әуе, автомобиль және теміржол көліктерінөткізу пунктерінде тәулік бойы санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды,азаматтарға медициналық бақылауды жүргізуде денсаулықты қадағалаушы мамандардыңеңбегі орасан зор. Халық денсаулығын сақтау ісінде еңбек етіп жүрген медицинақызметкерлері, олардың ішінде санитарлық дәрігерлер де әрқашан ерекше құрметкеие. Себебі, медицина кәсібі — адамгершіліктің асылы. Осыған орай, Қоғамдықденсаулық сақтау, халыктың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы,медициналық көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы, дәрiлiк заттар мен медициналықбұйымдардың айналысы, техникалық регламенттер мен нормативтiк құжаттардабелгiленген, сондай-ақ тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы талаптардыңсақталуын бақылау және қадағалау салаларында, қала аумағында реттеушi, iскеасыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚазақстанРеспубликасы денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасы денсаулықсақтау министрлiгiнiң Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы менқауiпсiздiгiн бақылау комитетiнің аумақтық бөлімшесінің жай-күйі және әлемдіжайлаған індеттің Шымкент қаласына қатысты мәліметтерімен етене танысумақсатында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудепартаментінің басшысы Төлебаев Әбдіманап Қошқарұлымен әңгімелескен едік.

– Әбдіманап Қошқарұлы, коронавирус індетінің қаупі сейілмей тұрғаны белгілі. Күн сайын жаңа жағдайлар анықталып тіркелуде. Осыған байланысты, қазіргі таңда Шымкент қаласының эпидемиологиялық жағдайы қандай?

– Бүгінгі күнге қаламызда эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып тұр. Бір күнде 03 сәуірде COVID-19 инфекциясымен 65 жағдай тіркелді, оның ішінде симптоммен -36, симптомсыз-29. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 11 жағдай тіркелді.

Бүгінгі күнгі динамика бойынша ауырғандардың ішінен симптоммен медициналық ұйымдарға қаралғандардың сандарының 55,3 пайызын құрайды.

Эпидемиологиялық жағдайды былтырғы жылдың өсімімен көрсететін болсақ, 2020 жылдың 24 наурызынан 2021 жылдың 03 мамыры аралығында COVID-19 инфекциясының 9727 жағдайы оның ішінде (5425 симптоммен, 4302 симптомсыз) тіркелген, өсу көрсеткіші — 0,7%. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 922,8 құрады.

Барлығы 28861 қарым-қатынаста болған адам анықталып, медициналық бақылауға алынған, бүгінгі күні карантиннен алынғаны – 26019 адам. 6782 адам сауығып шыққан, 103 адам қайтыс болды, 2842 адам емделуде.

2021 жылдың 1 қаңтар мен 03 мамыр аралығында COVID-19 инфекциясымен 4215 жағдай тіркелді, оның ішінде симптоммен -2614, симптомсыз-1601. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 600 жағдай тіркелген.

Ұйымдастырылған мекемелердің арасында тәркіленуі бойынша барлығы 3600 коронавирус инфекциясының ошағы анықталған. Оның ішінде 487 ұйымдастырылған ұжымдарда тіркеліп отыр.

Қазіргі таңға 2486 белсенді ошақ қадағалануда. Оның 2263 үй ошақтары, 223 ұйымдастырылған ұжымдардағы ошақтар.

Барлық тіркелген ұйымдастырылған ұжымдарда індетке қарсы іс-шаралар жүргізілген, қаулылар шығарылған, 12405 қарым-қатынастағылар анықталып, COVID-19-ға зертханалық тексерілген.

– Індет жұқтырғандар арасында медицина қызметкерлері бар ма?

– Иә, өзге науқастарға ем іздеп, өмірін бәйгеге тігіп, індетпен күресте аянбай жүрген қызметкерлер арасында да өкінішке орай, індет анықталды. Яғни Шымкент қаласында 42 медициналық ұйымда медицина қызметкерлері арасында 98 жағдай коронавирустық инфекциясы тіркелген. Оның ішінде 93 COVID-19 диагнозы расталған және 5 анықталмаған пневмониясымен ауырғандар (U07.2).

– Білім ошақтарындағы індеттік ахуалға тоқталып өтсеңіз?

– 2021 жылғы 1 қаңтардан 3 мамырға дейін оқушылар арасында COVID-19 зертханалық расталған 394 жағдай тіркелген.

2020-2021 оқу жылының басынан мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – КВИ) 419 жағдайы тіркелді. 419 жағдайының 142 күндізгі (оффлайн) режимде, 277 оқушы қашықтықтан (онлайн) форматында оқығаны анықталды. Бүгінгі таңда 15 мектепте карантин жарияланған.

– Коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша қандай шаралар жүзеге асырылуда?

– Барлығы 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап 3-мамырына дейінгі өсіммен 483 санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіліп, 13179 нысан түсіндіру жұмыстарымен қамтылды.

Соның ішінде: 7669 тағам нысандары, 4157 коммуналдық нысандар, 923 өнеркәсіптік нысандар, 430 балалар және жасөспірімдер нысандары.

Санитарлық-ағарту жұмыстарымен қамтылған 7669 тағам нысандарының ішінде карантин талаптарын бұзған 205 қоғамдық тамақтану орындарына хаттама толтырылып, 13856415 теңгеге айыппұл салынды. Барлық объектілерде коронавирустық инфекцияның (COVID -19) таралуына жол бермеу бойынша санитариялық-ағарту, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласында 18 жолаушылар тасымалдайтын мекемелер бар, 64 бағытта күнделікті 872 көлік құралдары бағыттарға шығады. Бүгінгі күні барлығы 346 қоғамдық көліктер санитариялық ағарту, ақпараттық түсіндіру жұмыстарымен қамтылды.

2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап өсімімен Шымкент қаласы бойынша мобильдік (мониторингтік) топтардан түскен ақпаратты қабылдау және өңдеу үшін құрылған Бірыңғай Үйлестіру орталығынан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына 202 жедел хабарлама келіп түскен. Барлық жедел хабарламалар бойынша тексерулер жүргізіліп, 183 нысанға 186 айыппұл салынды (оның ішінде 174 — жеке тұлға, 11 жеке кәсіпкер, 1 заңды тұлға). Тексеру нәтижесі бойынша 26 нысанның ісі әкімшілік сотқа жолданып, 18 нысан бойынша сот шешімі қабылданды. Соттың шешімімен 13 нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды және 15 нысанға ӘҚБК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша жалпы сомасы 1.951.610 теңгеге айыппұл салынды.

Мониторинг қорытындысы бойынша өсімімен 1563 жауапты тұлғаға (жеке тұлға — 1476, жеке кәсіпкер — 45, заңды тұлға — 7, лауазымды тұлға — 35) хаттама толтырылып, жалпы сомасы 95 896 960 теңгеге айыппұл салынды.

– Шаһарымыздағы ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстарының қарқыны? Жалпы екпе егу жұмыстары қалай өрбуде?

ВАКЦИНАЦИЯ бойынша бүгінгі күнге Шымкент қаласында коронавирусқа қарсы «SPUTNIK V», «КазВак» вакциналары 124175 адамға салынды. COVID-19 қарсы екпе егу пункттерінің қатары артты. Қазіргі таңда екпе егу пункттерінің саны 43-ке көбейді.

Емханалардағы екпе егу кабинеттерінің барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Екпе салатын қызметкерлер арнайы оқытудан өткен. Қаламызда 1 ақпаннан 04 мамырға дейін РФ және Қарағанды фармкешенінде (ҚФК) өндірілген «Гам-Ковид-Вак — Sputnik V» және отандық «КазВак» вакцинасының бірінші компонентімен 124157 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы екпемен қамтылды. Оның ішінде 13666 — медицина қызметкерлері, 20973-і мұғалімдер мен тәрбиешілер, 918-і полицейлер мен 7957 басқа күш құрылымдарының қызметкерлері, 1569 мемлекеттік қызметкерлер, 6444 созылмалы аурулары бар Д есептегілер, 57 медико-әлеуметтік мекемеден, 3834 студенттер және қалған 68739-і басқа да санаттағы азаматтар мен қала тұрғындары.

01.02-04.05.2021ж аралығында «Sputnik V» вакцинасының екінші компонентімен 21451 адам егілді. Оның 6791-медицина қызметкерлері, 5177-і мұғалімдер, 252 полицейлер мен 1475 басқа күш құрылымдарының қызметкерлері, 119 мемлекеттік қызметкерлер, 897 созылмалы аурулары бар Д есептегілер, 1 медико-әлеуметтік мекемеден,304 студенттер және 6435 қалғандары басқа да санаттағы азаматтар.

Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қарсы екпе егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Екпеден кейін асқынулар тіркелмеді.

Сонымен қатар Шымкент қаласында 26 сәуірден бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген «QazVac» қазақстандық вакцинаның бірінші партиясы қолданысқа енді.

QazVac – коронавирустық инфекцияға қарсы белсенділігі жойылған вакцина, бұлшықет ішіне енгізуге арналған суспензия, 0,5 мл/доза, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) спецификалық профилактикасына арналған. Вакцинация 18 және одан үлкен жастағы адамдарға ұсынылады.

Вакцинация 21 күндік интервалмен екі рет салынады.

Вакцинациялау кезінде тұрғындар өндірушілер бойынша вакцинаны таңдап, ұсыныс айта алады (QazVac немесе Sputnik V).

– Бұқаралық ақпарат құралдары және халықпен байланыс жұмыстары жүйелі түрде атқарылып жатыр ма? Сондай-ақ, жарияланған материалдар, негізінен, қандай тақырыптарды көздейді?

– Ағымдағы жылдың бүгінгі күніне дейін Шымкент қаласы санитариялық — эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі — Департамент) және басқармалары мамандарымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын жақсарту мақсатында санитариялық-ағарту, ақпараттық түсіндіру жұмыстары бойынша газеттерге 68 мақала жарияланып, телеарналар және радиода 69 сұхбат берілген және сала тақырыптары бойынша 7 дөңгелек үстел, 5 брифинг, 141 семинарлар өткізіліп, 196 оқылған дәрістер, 1079 — әңгімелер жүргізіліп, 140 — санбюллетень шығарылған және 1 аудио, бейнеролик түсірілген.

Бұдан басқа, қазір көпшіліктің жаңалықтар мен пайдалы ақпараттарды интернеттегі әлеуметтік желілерден қарауына байланысты, ағымдағы жылдың осы жыл басынан бүгінгі күнге дейін ақпараттық порталдарға (сайттар) 58 мәлімет орналастырылды. Ал департаменттің ресми интернет-ресурстарына мемелекеттік және орыс тілдерінде 228 мәлімет орнатылды.

Департаменттің және аумақтық басқармалардың әлеуметтік желілердегі (Facebook. Instagramm. VK) парақшаларымен күнделікті жұмыс атқарылып, бүгінгі күнге 2145 аса мәліметтер орналастырылған. Әлеуметтік желілерге орналастырылып жатқан материалдар негізінен күнделікті коронавирус инфекциясының алдын-алу, мониторинг топтарының жұмыстары және инфекциялық, инфекциялық емес аурулардың алдын алу, департамент және басқармалармен атқарылып жатқан жұмыстар, сонымен қатар бүгінгі күннің өзекті мәселесі – сыбайлас жемқорлықпен күресу тақырыбында орналастырылуда.

– Қазір кез келген саланы пандемияға де­йінгі және пандемиядан кейінгі деп бөліп қарастыратын болдық. Бұл өзгеріс ең бірінші кезекте денсаулық сақтау саласына қатысты болғаны сөзсіз. Ендеше, осы әлемге қауіп төндірген індетке қатысты және де алда келе жатқан айтулы мереке Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай оқырмандарға, яғни халыққа айтар сөзіңіз?

– Індет біздің денсаулығымызға әлі де қауіп төндіруде. Мен өзімнің әріптестеріме – дәрігерлер мен санитарлық дәрігерлерге сенемін. Медицина қызметкерлері өздерінің азаматтық және кәсіби парыздарын абыроймен атқарып жүр.

Біз негізгі сақтық шараларын қатаң сақтап, санитарлық кеңестерді жүзеге асыруды жалғастыра беруіміз керек. Біздің денсаулығымыз өзіміздің жауапкершілігімізге байланысты. Біздің басымыздан өтіп жатқан осы сынақтарды біз лайықты жеңе алатынымызға сенімдімін.

Сондай-ақ, барша халықты алдағы 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Шаттыққа толы осы күндер Қазақстандағы барлық азаматтардың мерейін үстем еткен, ұрпаққа үлгі болған, тағылымы терең тарихи мейрамдар! Бұл – Отан қорғаушылардың бұрынғы және қазіргі кездегі даңқты ерліктеріне сый-құрмет көрсетілетін айрықша күндер. Сондықтан, бізге жеңістің, тәуелсіздіктің, еркіндіктің дәмін таттырған ардагерлерімізді ұмытпайық, қадірлейік, есімдерін, ерліктерін естен шығармайық.

– Ашық сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан А.СӘКЕНҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *