ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!

Саясат Қоғам
582 Views

Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға әзірленген Шымкент қаласының Жол картасындағы шаралардың орындалу барысымен таныстырып өтсем:

Баршаңызға белгілі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына орай, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың 700-жуық ұсыныстары ескерілді. 10 басымдықтар мен 149 тармақ 475 индикатордан тұратын Жол картасын бес жылда іске асыру үшін 1,3 трлн. теңге қарастырылған. 11 айдың қорытындысы бойынша 2021 жылғы жоспарланған 122 іс-шараның бүгінгі күнге дейін 73-і (59,8%) аяқталып, 49-ы (40,2%) жылдың соңына дейін орындалады деп күтілуде

Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасы түзелген. Жол картасы 10 басымдықпен 149 іс-шараны қамтиды.

Жол картасына сәйкес 14 іс-шараға жауапты Шымкент қалалық мәслихат депутаты ретінде бекітілгенмін.

 «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласының Жол картасындағы 36-тармағына сәйкес — 100% пайыз балалар үйінің түлектерін әлеуметтік бейімдеп жұмысқа орналастыру бойынша «Шымкент Қалалық жұмыспен қамту Әлеуметтік қорғау» басқармасына» №1-984 санды депутаттық сауал жолданып, Жол картасындағы көрсеткіш-100% пайыз орындалған. Орындалу барысы төмендегідей: 2021 жылы халықты жұмыспен қамту орталығына балалар үйлерінен шыққан азаматтар қатарынан 11 азамат жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның 11 азаматына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамту шаралары көрсетілген.

 Жол картасындағы 38-тармағына сәйкес Барлық аялдамаларды мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жабдықтау бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсем.

Қала аумағында 1238 аялдама бар оның 565-і мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайлы етіп жабдықталған.

Жабдықталмағандар саны 673, 2021-2025 жыл аралығында 100% жабдықталады.

2021жылы 165- аялдама жабдықталып пайдалануға берілген.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жолдасов Ержанмен бірге, мониторинг жұмыстарын жүргізіп қала аумағындағы аялдамаларға барып, пандустардың талапқа сай жабдықталуын бақылап қайтқан болатынмын.

Басқарма басшысы қазіргі таңда аялдамаларды жабдықтау жұмыстары толығымен аяқталғандығын және талапқа сай екендігін айтып өтті.

Алдағы уақытта да мониторинг жүргізіп, бақылауда ұстайтын боламын.

Сонымен қатар 102,103,104 тармақтары бойынша Орталық көшелері бойында қоғамдық орындарда егілген гүлдер мен отырғызылған ағаш көшеттерінің өсімділігін бақылау мақсатында

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірге ағаш көшеттері отырғызылған жайларды аралап көріп шықтым.

Мекеме мамандарының тарапынан туындаған сұрақтардың жауабына алдағы уақытта депутаттық сауал жолданып бақылауда болады.

 Жол картасында көрсетілген 122- шара бойынша Мектептерде ішкі бейне бақылау камераларын орнату шарасы бойынша Білім басқармасы басшысы Жанат Арысбекқызымен мектептерде мониторинг жұмыстарын жүргіздік

2021 жылы 103- мектепке бейне бақылау камералары мен арнайы дабыл батырмалары орнатылған. Балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында барынша жұмыстар атқарылған. Білім мекемелерінде арнайы күзет мекемелері мамандары жұмыс жасайды. Және әр бір мектепке турникеттер орнатылған. Жоспар 100% орындалды.

· Заңдылық құқық тәртібі және жергілікті өзін-өзі басқару комиссиясының төрағасы ретінде Жол картасындағы 122,123 шаралардың орындалуда бақылауда.

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлау алды бағдарламаны іске асыру үшін әзірленген Жол картасында 2021 жылы 2240 жол қауіпсіздігі камералары мен 1500 қоғамдық қауіпсіздік камераларын орнату жұмыстары жасалыну тиіс болатын.

Атқарылған жұмыс барысымен танысу мақсатында Шымкент қаласы Жедел басқару орталығының жұмысымен танысып шықтым. Қазіргі таңда жоспар түбегейлі орындалып, қала аумағында 1500 бейне бақылау камералары орнатылған.

Аталған шара қала аумағындағы қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған.

Бейне бақылау жұмыстары үздіксіз 24 сағат жұмыс жасайды.

Алдағы уақытта Шымкент қаласының Жол картасындағы шаралардың орындалу барысымен таныстырып отыратын боламын.

«Әділет — ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *