ӘДІЛДІК ОРЫН АЛУЫН ТАЛАП ЕТЕМІЗ!

Мәселе Экономика Қоғам
846 Views

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВҚА

Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы НЫҒМАТУЛИНГЕ

ӘДІЛДІК ОРЫН АЛУЫН ТАЛАП ЕТЕМІЗ!

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Су ресурстары комитетіне қарасты «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорынының нұсқауымен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы К-19 каналына Пилоттық бағдарлама ретінде су өлшеу автоматтандыру қондырғысы орнатылған. Алайда бұл қондырғының орнатылуына қарсылық білдірген Су метрология филиалының мамандары мен басшылары қудалауға ұшырап келеді. Яғни, «К-19 каналына қойылған автоматтандыру қондырғысы дұрыс таңдалмаған. Сол себепті, бұл қондырғы судың көлемін дұрыс есептей алмайды» деген сөздері Шымкент қаласындағы «Су Метрология» филиалы басшыларына таяқ боп тиген. Осыдан кейін, «Қазсушардың» ІТ саласы бойынша атқарушы директоры Тастан Наримбаев Филиалдың басшыларын қызметтерінен босатқысы келіп, «Арыздарыңды жазыңдар, өз еріктеріңмен қызметтеріңнен кетіңдер, кетпесеңдер статьямен жұмыстан босатамыз» — деп қорқытып кетеді.

Т. Наримбаев

Пилоттық бағдарлама бойынша, Т.Наримбаев Министрлікке «СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ» — деп жалған ақпараттар береді. Соның нәтижесінде, 5 жылдық мемлекеттік бағдарлама түзіліп, 120 каналға автоматтандыру жүйесін орналастыру үшін жобалау сметалық құжаттары дайындалуда.

Жалпы, «Су-Метрология» мамандары су өлшеуді автоматтандыру қажет дейді. Республика бойынша бірыңғай базасын түзіп цифрлы форматқа өткізуін барынша қолдайтындығын айтады.

Өз қателігін мойындағысы келмеген Тастан Наримбаев, өзінің құрған жұмыс тобымен 2021 жылы 4 – 6 мамыр күндері тексеріп «Су-Метрология» филиалы бойынша 24 күн бойы функционалдық талдау туралы 11 парақта есебін жазады. Сол жазған есебі негізінде, 2021 жылдың 31 мамырында кешкі сағат 18-ден 28 минут өткен кезде филиалға хат жолданады. Хатта филиалдың басшылары 1 маусым күні саған 12-00 ге дейін (яғни үш сағаттың ішінде) түсініктеме жазып беруін талап етеді. Бас метролог С.Бекжанов іс-сапарда, бас экономист кезекті еңбек демалысында болуына байланысты 11 парақта жазылған сұрақтарға үш сағат ішінде толыққанды түсініктеме беру мүмкін емес. Сол себепті, сол күні, филиал тарапынан, мерзімін бір аптаға созуын өтініп Қазсушарға хат жолданған. Хат жауапсыз қалды. «Түсініктемені уақытында бермедіңдер» деген себеппен, 2021 жылдың 4-ші маусымы күні директорға, директордың орынбасары мен бас метрологіне «сөгіс» жариялайды.

Бұл жағдаймен келіскісі келмеген «Су-метрология» ұжымы 2021 жылы мамыр айында әлеуметтік желі арқылы ҚҰРМЕТТІ ЕЛ БАСШЫЛАРЫ СІЗДЕРГЕ АШЫҚ ХАТ жолдаған. Бұл жөнінде, «Әділет. Рухани жаңғыру» республикалық қоғамдық саяси газеті 2021 жылдың 9 маусымында «Су шаруашылығы құрдымға кетіп барады, мамандар дабыл қағуда…» атты ауқымды материалын жариялады.

Ұжымның ұсынысы бойынша, су шаруашылығында 25 – 30 жылдық стаждары баркәсіби мамандар филиалдың бас метрологі болып жұмыс істеп жүрген Сұлтанбек Бекжановты директордың орынбасары — бас метрологі ретінде, 5 жылдан берідиректордың орынбасары болып қызметте жүрген Құрманәлі Қойшыбаевты бас инженерқызметтеріне тағайындау туралы Қазсушарға екі рет (2021 жылғы ақпан, сәуірайларында) жолданған ұсыныстар жауапсыз қалады. Есесіне, Тастан Наримбаевтыңұсынысы бойынша Әбділлаев Серікті филиалдың бас инженері, одан кейіндиректорының орынбасары – бас метрологі лауазымына тағайындайды. Сондықтан,Қойшыбаев пен Бекжанов, 2021 жылдың маусым айында, өздерінің қызметтерінен кішіқызметке ауысуға МӘЖБҮР болады.

Әбділлаев Серік қызметке тағайындалған күннен бастап филиалдың атқарған жұмыстарын тексеріп, тырнақ астына кір іздеп, мәлімет бермеген, айтқанына көнбеген мамандарды қудаулауға түсіріп, айрандай ұйып отырған ұжымның тыныштығын бұзған. Төрт ай ішінде, Қазсушардың бас директорына екі рет қызметтік жазба жазып, филиалдың қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру үшін комиссия жіберуін өтінген. Екінші рет, 2021 жылдың 1-ші қазан күні жазылған қызметтік жазбасында, «тексеру» деген сөз жиырма рет қайталанады екен. Осыдан кейін, Тастан Наримбаевтың ұсынысымен тағайындалған Серік Әбділлаевқа, ұжымның ішінен іріткі салып, арандатушылық жасау тапсырмасы болған, — деген ой өздігінен туындайды. Әбділлаевтың қызметтік жазбасында келтірілген «жалған жала жабу» фактісі бойынша, жапа шегуші тарапынан сотқа шағым тапсырылды.

С.Әбділлаевтың қыспағына шыдай алмаған ұжым мамандары, кәсіподақ ұйымыныңжиналысында орын алып жатқан жағдайларды талқыланып, Серік Әбділлаевты қызметінен босатуын сұрап, Қазсушардың Бас директорына 15 маман қол қойғанұжымдық хат жолдайды. Көшірмесін тіркеп, «Әділет» газетіне араша түсуінсұрайды.

С.Әбділлаевты қызметінен алу туралы 15 маман қол қойған ұжымдық хатты да«Қазсушар» ат үсті қарап, Әбділлаевтың берген түсініктемесіне сүйеніп, орнындақалдырды. Керісінше, С.Әбділлаевтың жазған қызметтік хаты бойынша филиалдың қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру комиссияның актісіне сүйеніп, 2021 жылдың29 қараша күні филиал директорына «қатаң сөгіс» жариялайды. Комиссияныңактісіндегі өтірік – шыны аралас 16 түрлі кемшілік келтірілген. Зерттепқарасақ, әрбір жұмыс атқаратын мекемелерде орын алатын қателіктер менкемшіліктер. Мекеменің қаржылық жағдайын жақсарту үшін болған қызметтер.

С. Брекешев

Осыдан кейін, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстары министріСерікқали Аманғалиұлы Брекешевке Су метрология филиалы ұжымына жасалып отырғанқудалаушылықты тоқтатуын, ұжым мамандарына араша түсуін сұрап 2021 жылдың қазанайында хат жазып. Одан кейін онлайн кездесу өткізіп орын алып отырған жағдайментаныстырып, комиссия түзуін және комиссия мүшелігіне «Әділет. Рухани жаңғыру»газетінің де редакторын қосуын сұраған болатынбыз. Министр өз кезегінде,айтылған мәселелерді зерттеп зерделеу, комиссия түзіп анықтауды Су ресурстарыкомитетіне жүктеп қойды. Алайда, комитет тарапынан комиссия түзілген жоқ. Суресурстары комитеті, Газет тарапынан қойылған мәселелерге жауап дайындауын (қойбағуды, қасқырға сеніп тапсырғандай) Қазсушарға тапсырады. Қазсушар мамандарымен Серік Әбділлаевтың дайындаған жауаптары бойынша, жауап хатты редакцияға Суресурстары комитеті 2021 жылдың желтоқсан айында почта арқылы жіберген. Жауапхаттың мәтіні бойынша «Су-метрология» филиалын «даттап», Тастан Наримбаев пенСерік Әбділлаевты «ақтап» жазған. Қудалаудың басты себепшісі болып тұрғанмәселе, Мақтарал ауданындағы К-19 каналына қойылған суды өлшеудің автоматтандыру пилоттық программасын тәуелсіз мамандардан құрылған комиссияныңсараптамалық қорытындысын ұсынбаған. Филиал мамандарының атқарған жұмыстарын С.Әбділлаев өзі ғана орындаған болып көрсеткен, соған ұқсаған жалған берілген ақпараттарға сүйеніп берілген жауапқа қанағаттанбадық.

Осы мәселені айтып, Су ресурстары комитетімен хабарласқан едік, екі күнненкейін үш адамнан құралған комиссия (Су ресурстары комитетінің қызметкері -А.Байбеков, Қазсушар кәсіпорнының ішкі бақылау бөлімі басшысы — И.Баженова,және Қазсушар кәсіпорнының заң бөлімінің басшысы — Е.Қошанов) 2021 жылғы 23желтоқсанда келіп, «комиссия болып келдік, комиссияға мүше ретінде Сіздекеліңіз», — деген соң «Су-Метрология» филиалына бардық. Барған кезде,білгеніміз «Қазсушар» республикалық кәсіпорнының ішкі бақылау бөлімінің басшысы Индира Баженова «Су-Метрология» филиалының 2021 жылғы тауарлар мен қызметтердімемлекеттік сатып алу заңына сәйкестігіне мониторинг тексеру өткізіп, алдын аладайындап қойған мәліметі бойынша филиалдың директоры Есқыдыр Чунетовтың үстіненхаттама толтырып қойған екен. «Министрден сұраған өтінішіміз бойынша қойылғанмәселелер 7 – 8 тармақтан тұратын басқа жағдайлар. Сол жағдайларды талқылауүшін, осы отырған кабинетке «Су метрология» филиалы мамандарын шақырып, тыңдапкөрейік», деген едік. Қазсушардан келген комиссия көнбеді. Ұжыммен кездескісікелмеді. Сол күні түстен кейін кетіп қалды. 24 желтоқсан күні, Газетіміздіңжурналистері барып филиал мамандарымен кездесу өткізді. Анықталғаны,«Су-Метрология» ұжымы мамандарының арасында моральдық-психологиялық жағдайтөмендеген, арандатушылыққа жол берілген, мамандар ертеңгі күні не боларын білмей,үрейленіп отыр. Серік Әбділлаевтың бұл ұжымнан кеткенін қалайды, ол отырғанкезде жағдай жақсармайды, тыныштық орнамайды. Хат жазған 15 маман қудалауғатүседі, жұмыстан босайды. Бұларға қарап отырған отбасыларының жағдайы неболмақ?!

«Су-Метрология» филиалы Республиканың барлық аумағында 15 түрлі қызметтержәне метрологиялық жұмыстарды атқаратын өзін-өзі қаржыландыратынмамандандырылған жалғыз мекеме. Бюджеттен бір теңге қаржы алмайды. Филиалбасшыларының жұмысты дұрыс ұйымдастыруының арқасында, өткен жылменсалыстырғанда экономикалық жағдайы жақсарып, филиал мамандарының айлық жалақысы170 пайыздан жоғары болған. Айлық жалақы уақтылы төленіп отырған, мамандарғадем алыс орындарына филиал атынан жолдамалар берілген. Қазақстан Тәуелсіздігіқарсаңында бір айлық жалақы мөлшерінде сыйақы төленген. «Қазсушар» кәсіпорнынан тексеріп келген комиссия, филиал басшысы қызметтік құқығын пайдаланып,филиалдың қаржысын ысырап еткен немесе жымқырған, мамандарға зәбір көрсеткендеген мәліметтер жоқ. Атқарылып жатқан жұмыстар филиалдың қаржылық өндірістікжағдайын жақсарту үшін орындалған. Қосымша қызмет түрлерін орындау мақсатында,су қоймалары мен гидротехникалық құрылымдарды көп факторлы тексеруден өткізумақсатында аккредитациядан өту туралы куәлігін алған, оған қажетті болғанқосымша жабдықтар мен аспаптар алуға қол жеткізген.

Е. Чунетов

«Қазсушар» республикалық кәсіпорны 2021 жылдың қорытындысын талқылаймыздеп, республика бойынша барлық филиал директорларын 26 — 28 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласына шақыртып алған. Қазсушар басшылары осы күндері«Су-Метрология» филиалының директорымен мәселелерді талқылайтын шығар — депкүткен едік. Олай болмады. 29 желтоқсан күні жұмыста отырған жеріне,зейнеткерлікке шығуға бір жыл ғана мерзімі қалған «Су-Метрология» филиалыныңдиректоры Есқыдыр Чунетовпен еңбек шартын бұзу туралы БҰЙРЫҚ жіберген.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Су шаруашылығында 25 – 30 жылдық стаждары бар Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтында білім алған, кәсіби мамандар, қудалаушылық құрбаны болып 2021 жылдың соңғы айларында Батыс Қазақстан, Ақтөбе филиалдарының директорлары қызметтерінен шеттетілді. Енді міне, «Су-метрология» филиалының директоры да қызметінен қуылды. Лауазымдық қызметін асыра пайдаланып, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік мекемесінің басқарушы директоры Тастан Наримбаевтан құтқаруыңызды өтініп сұраймыз. Су шаруашылығы еліміздің экономикасында сүбелі орны бар сала екенін, Өзіңіз айтып жүрсіз. Бұл салада осы күндері, орын алып отырған жағдайларға бей-жәй қарап отыру мүмкін емес.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

«Әділет. Рухани жаңғыру» республикалық газеті Сіздің саясатыңызды қолдап, Тәуелсіз еліміздің өркендеуіне бар күш жігерін салады. Қазақстан Республикасының Конституциясының кепілі ретінде мемлекетіміздің әрбір азаматының қорғайды, құқығын таптатпайды, араша түседі — деп сенеміз.

Әділ ҚЫРАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *