Бексұлтан НҰСРҮЛЛАҰЛЫ: «ДАРАҚ БІР ЖЕРДЕН КӨГЕРЕДІ»…

Қоғам
349 Views

Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударудың тиімділігі: жұмыс күші тапшы өңірлердегі олқылықтың орнын толтырып, еңбек ресурсын ұтымды ұйымдастыруда. Елге ел қосылып, «қырдағы ел ойдағы елмен араласып», теріскейде халық саны көбейіп, өрісі кеңейіп, ырысы артып жатса, ғанибет емес пе?! Бұл жолғы кейіпкеріміз оңтүстіктің тумасы, солтүстікке орнығып, лайықты тұғырын тапқан Айту Бексұлтан Нұсрүллаұлы.

Айту Бексұлтан 1997 жылы Отырар ауданы, Қоғам ауылындадүниеге келген. Шымкент қаласындағы В.Терешкова атындағы №31 орта мектептітәмамдаған соң, 2014 жылы «Серпін» бағдарламасымен Қостанай мемлекеттікпедагогикалық университетіне оқуға түсіп, 2018 жылы осы оқу орнын тарих пәнініңмұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Талапты жас білімін одан әрмен шыңдау мақсатымен А.Байтұрсынов атындағы университетте оқып, 2020 жылы магистрантдәрежесін алып шықты.

Қостанай қаласындағы №15 жалпы білім беретін ортамектепке тарих пәнінің мұғалімі болып орналасты. Өз мамандығына жүрек таңдауымен қол жеткізген жас жігіт жұмысына білек сыбана кірісті. Ұстаз болуқиындығымен қоса қызықшылығы да қатар жүретін, жауапкершілігі мол мәртебелімамандық. Аз уақыттың ішінде әріптестері арасында құрметке бөленіп,шәкірттеріне қадірлі ұстаздардың қатарында болды. Жаңашыл, ізденімпаз ұстазретінде алған марапаттары адал еңбегінен хабардар етеді. Адам қай іске де ынтақойып кіріссе, еңбегі ақталып, абыройға бөленетіні анық. Біздің кейіпкерімізосындай жан. Шәкірттері де тарих пәні бойынша білім сайыстарына қатысып, топжарып жүр. Бұл жас ұстазды марқайтады, алға ұмтылдыра түседі. «Ақырын жүріп,анық басатын» Бексұлтанның қадамы нық, талабы биік, мақсаты айқын.

Бексұлтан «Еңбек» бағдарламасына қатысушы. Оңтүстіктен Солтүстікке қоныстанған азамат ретінде мемлекеттен қаржылай көмек алып тұрады.Жұбайы Шолпан да педагог. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Екеуі бір перзенттәрбиелеп отырған ата-ана.

Қостанайға, ортасына, ұжымына бауыр басып, туған өлкесіндей боп кетті. Баспанасы, тұрақты жұмысы, отбасы бар. «Қазақтың әр аймағы киелі атамекеніміз. Осында араласатын біраз жерлестерім бар. Олар да Теріскейдің дәм-тұзын татып, тірліктерін жасап жүр. Менің өз ойым, адам бекініп келгеннен кейін, сол жерге сіңісіп, еңбек етіп, тер төгіп, өзін жақсы қырынан көрсетуі керек. Қоныстанған өлкесінің өркендеуіне үлес қосқаны абзал. Ал, сіңіспедім, мен тұратын жер емес, жұмыс дұрыс болмады дегеннен гөрі, кірпіш болып қалануға ұмтылса, ниет, талапқа орай, Алла да қолдайды деп ойлаймын. Көп нәрсе адамның өзіне байланысты. Өз басым кері қайтатын ойым жоқ. Орнымды таптым. Жақсымыз шүкір. «Дарақ бір жерден көгереді» демей ме? Осында өсіп-өніп, көктейміз деген ниетіміз бар» дейді Бексұлтан ағынан жарылып.

Айгүл ЖАНДІЛЛАҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *