«ЕЛГЕ ЕЛ ҚОСЫЛСА ҚҰТ»

Қоғам
401 Views

«Еңбек» бағдарламасымен теріскейге орнығып, адал еңбегімен нан тауып, өз арбасын өзі сүйреп ғана қоймай, оңтүстіктегі қалың қазақтың арасынан азаматтардың сол жаққа көшіп келіп, орналасып, сіңісіп кетуіне оң ықылас танытып жүрген азаматтар бар. Осындай белсенді азаматтың бірі Серік Өтебайұлы Әлтаев.

С. Әлтаев былай дейді.

— 2019 жылы Түркістан облысы, Арыс қаласында жарылыс болған жылы әйелім, 7 баламмен Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы, Власовка ауылына көшіп келдік. Бұл жақта сегізінші перзентіміз өмірге келді. Өзіміз алдында сол жаққа қоныс аударуға ниет қылып жүргенбіз. Бағдарламамен толықтай таныстық. «Құланның қасуына, шүріппенің басуы» дей ме, осындай ниетте жүргенімізде солтүстіктен келген үгіт-насихат тобымен кездесуіміз, олардың түсіндірме жұмыстары оң әсерін тигізді.

Өзім Арыста теміржолда 20 жылдан астам байланыс және белгі беру дистанциясы ШЧ-38 мекемесінде жұмыс істегенмін. Соңғы жылы диспетчер болдым. 2017 жылы басқа қалаларда жұмыс жасадым.

Сонымен үш жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Власовка ауылына кеп орналастық. Алты ай тұрып, қыстап шыққаннан кейін маусым айында Қызылжар ауданына көштік. Мемлекеттің берген үйінде тұрып жатырмыз. Үйіміз кең, жаңа, таза, жылы. Айына 12 мың теңге төлеп тұрамыз. Жағдайымыз жақсы. Суыққа да үйренейін дедік. Таза 6 ай от жағамыз. Көмірді өзіміз сатып аламыз. Келгелі «Қиялы» элеваторында (астық сақтайтын қойма) бас энергетик боп жұмыс істедім. Осы жердің автоматикасына, электр желілеріне жауап беретінмін. Қызылжарға көшіп келгенде «Қызылжар-Сүт» мекемесіне электрик боп жұмысқа кірдім. Одан шығып «Ақжол» партиясының облыстық филиалының төраға орынбасары болып қызмет еттім. 1 жылға жуық жұмыс істеп, одан да шығып кеттім. Менің басты мақсатым – теріскейде халық санын көбейтуге, тапшы мамандардың орнын толтыруға атсалысу. Сонымен бірге, инвестиция тартып, жаңа жұмыс көздерін ашуды көздейміз. Қоғам белсендісі Бурахан Дағановтың осы бағыттағы батыл іс-шаралары көптің игілігі үшін кәдеге асуда. Қоғамдық қор ұйымдастырып жатырмыз. Ондағы мақсатымыз – жаңадан көшіп келген жерлестерімізге алғашқы көмегімізді көрсетіп, жан-жақты қолдау көрсету. Жұмысқа орналасып, орындарын табуға қолымыздан келгенше жәрдем беруіміз керек. Жер алып, кәсіп бастауына жағдай жасалуын қадағалауымыз тиіс.

Мені не қынжылтады? Мені қынжылтатыны, жоспарға сәйкес Оңтүстіктен азаматтарды топырлатып шақырып алады. Оларды көбіне ауылдарда салынған үйлерге апарып қоныстандырғанымен, көпшілігіне ауылдан жұмыс табылмайды. Ең болмаса аудан орталғына қоныстанса да ауылға қарағанда жұмыс көздері табылады ғой.

Қызылжарға 4,5 мыңнан астам оңтүстіктің тұрғыны көшіпкелсе, оның 600-ге жуығы қайта көшіп кеткен. Мұндай мәселелерді шешудің негізгібір жолы – жұмыс көздерін ашу деп ойлаймын. Яғни, инвестиция тарту керек. Өзімқазір осы бағыттағы жоспарларым бойынша жұмыс жасаудамын. Биогаз зауытын ашуүшін облыс әкімдігі, инвесторлармен сөйлесіп жатырмын. Бір ауылды газбенқамтамасыз етуге қол жеткізсек деймін. Шетелдік инвесторларға ватсап желісіарқылы жобаларымды жібердім. Олар қызығушылық танытып отыр. Жақында шетелдікекі инвестор келмек. Жобаны қолға алып, жұмыс бастағаныма енді ғана бір айболады. Алдымен жұмыс көздерін дайындап, сосын оңтүстіктен тұрғындарды ұялмай,сенімді шақыруға болады. Сосын Солтүстікте негізі көптеген жұмысшы,қызметкерлер жетіспейді. Ал, Тимирязев, Ғ.Мүсірепов, Ақжар аудандарындағыауылдарда мемлекеттің салған үйлерінің көбісі қаңырап бос тұр. Ол ауылдардажұмыс табыла қоймайды. Үкімет осындай кереғар тұстарды реттесе дейміз. Тәуекелет, ағайын! Кең байтақ жеріміздің қай бұрышы да өз жеріміз. Теріскейде тігілгенотаулардың саны көбейіп, түтіні түзу ұшса, осында еш жатсынбастан тіршіліктіңқазанында қайнап жатсақ, керегеміздің кеңейгені емес пе?!

Айгүл ЖАНДІЛЛАҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *