БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ МАҚСАТСЫЗ ЖҰМСАЛУ ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ

Құқық
692 Views

Түлкібас ауданының прокуратурасы аудандық білім бөлімінде 5 млн. теңгеге бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалу дерегін анықтады.

2016-2017 жылдары және ағымдағы жылдың 4 айында аудандық білім бөлімі 46 қызметкерге ай сайын бес мың теңгеден еңбекақыға қосымша төлемдер жүргізіп отырған. Қосымша төлем жұмысшыларға еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстардағы еңбегі үшін төленіп тұрған. Алайда олардың еңбек жағдайларын зиянды деп тануға аттестаттау мамандандырылған ұйымдармен жүргізілмеген.

Жалпы заңсыз төленген қаржылар соммасы 5 млн. теңгені құраған. Прокурорлық қадағалау актісімен бүгінгі күнге бюджетке 1 млн. теңгеден астам залал өндіріліп, заң бұзушылыққа жол бергендер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *