«БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ СЫНАҚТАН СҮРІНБЕЙ ӨТЕ АЛАДЫ»

Қоғам
1 042 Views

Рабиға ҚУАТБЕКОВА, академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры, медицина ғылымының докторы, профессор, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты:

«БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ СЫНАҚТАН СҮРІНБЕЙ ӨТЕ АЛАДЫ»

Осындай қиын-қыстау кезеңде елімнің амандығы мен саулығы жолында өз көзқарасымды білдіру азаматтық борышым деп білем

ҚазақстанРеспубликасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің кезекті Үндеуінде әлемді дүрліктірген індеттің алдын алу мақсатында іс-шараларатқарылып, дер кезінде шешім қабылдағаны ел азаматтарына қауіп-қатердіңсейілуіне зор мүмкіншілік туғызды. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев:«Бұл іс-әрекетімізді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да, Халықаралықсарапшылар да Қазақстанның іс-қимылына оң бағасын беріп отыр. Үндеуде президентелдің жайы мен жағдайын ойлап, оның нағыз жанашыры екенін байқатты. АтаЗаңымызда «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы Адам және оның өмірі»,– дегендей, біз үшін мемлекетіміздің әрбір азаматының өмірі қымбат және олардыңтасада қалуына жол бермейміз», — деп айрықша атап өтті.

Сонымен қатар төрткүл дүниеге таралып, әлемді алаңдатып отырған дертке қарсы күресуде нақты шаралар қабылдап, ел экономикасының драйвері болып саналатын кіші және орта кәсіпкерліктің жұмысын жандандыруда жергілікті билік өкілдері толық жауапкершілікті өздеріне алып, оларға қолдау көрсету керектігіне және осы мақсатта бюджеттен 200 миллиард теңге қаржы бөлініп отырғанын баса айтты. Бұл үшін Үкімет пен Ұлттық банк үстіміздегі жылдың 11 мамырына дейін ел экономикасын қалпына келтірудегі мәселелерді зерттеп, кешенді жоспар дайындап әзірлеу керектігі тиіс. Онда дағдарыстан зардап шеккен салаларға аса қолдау көрсету шаралары қамтылады. Бұл да дер кезінде қабылданған шешім болмақ. Дегенмен, босаңсуға негіз жоқ. Аймақтарда вирустың таралу қаупін сейілту үшін санитарлық шараларды қатаң сақтау керектігіне баса назар аудару керек және төтенше жағдай режимін 11-мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын айтты.

«Бүгінде еліміз дамудың жаңа деңгейіне қадам басып отыр. Шын мәнінде, біз енді мүлде жаңа жағдайда өмір сүретін боламыз. Сондықтан, экономикаға және мемлекеттік басқару жүйесіне ауқымды әрі маңызды өзгерістер қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Иә, жаһанды тығырыққа тіреген коронавирус дерті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты да алаңдатпай қоймады. Өйткені, Елбасымыз халқымызға әрқашанда сенім артып, қолдау көрсетіп бойына рухани азық, күш — қуат беріп, жүрегіне сенім ұялататын өз Тұжырымдамасын жасады. «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы бүгінде халықтың көңілінен шығып, ерік-жігеріне жігер қосып, дертке бірлесе дауа іздеп, ортақ мақсат жолында «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» бірлесіп әрекет етуге шақырады.

Ең алдымен «Адамның өзіне деген сенімі бұл үлкен күш», – дейді Елбасы. Сенімімізді шыңдасақ, барлық қиындықтарға мойымай, талай асулардан асып, ел бірлігі мен игілігі жолында еңбектеріміз жана бермек. Сондықтан да Елбасының бұл мақаласы тағылымы мол, бірлігі мығым ел болуға шақырады деп ойлаймыз.

Биылғы жыл барлық адамзатқа оңай тиіп отырмағаны айдан анық. «Апат айтып келмейді», «Жығылғанға жұдырық» дегендей, көрші Өзбекстанның «Сардоба» су қоймасы дамбасының бұзылуына байланысты облысымыздың Мақтаaрал ауданында төтенше жағдай жарияланып, бірнеше елді мекендерді атап айтқанда, Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жаңа тұрмыс, Жаңа жол ауылындағы Жеңіс, Нұрлы жолды су басу қаупі туындап, тұрғындарды қауіпсіз жерлерге эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің өзі су басқан өңірлерді аралап, халықты сабырға шақыра отырып, аудан әкімдігімен Түркістан облысының төтенше жағдайлар қызметкерлерімен күшейтілген бағытта жұмыстар атқаруда. Іскер басшы ретінде өңірге облыс әкімінің баруы халықтың жүрегіне сенім оятып алаңдаушылықпен үрейлерін сейілтіп, үміт отын жандырғандай. Бір қуанарлығы, адам немесе мал шығыны тіркелген жоқ. Су тасқыны қаупі төніп тұрған аймақтағы ағайындарға бүгінде бүкіл ел болып алаңдаушылық білдіруде. Негізгі кәсібі мақта, бау-бақша шаруашылығы болғандықтан, егу үшін жер жұмыстарын қалпына келтіру оңай емес. Дегенмен, Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-министр Асқар Мамин мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев зардап шеккен аймақтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Иә, осындай қиын-қыстау кезеңде «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» – деп, Абай атамыз айтқандай, қазақтың амандығы мен саулығы, болашағын ойлайтын көзқарастарымызды таныта білуіміз аса қажет.

Қазағым ықылым заманнан бері парасатты, ұлы халық қой. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған құзырлы ұйымдар барлық мүмкіндікті жасауда. Барлық сынақтардан бірлігі бекем мемлекет қана сүрінбей өте алады. Сондықтан, бірлігіміз бекем болсын! Біз біргеміз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *