ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН 10 ТҰЛҒА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Қоғам Құқық
980 Views

Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасының бастамасымен пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларды жұмыспен қамту мақсатында «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті.

Шараға қатысқан 20-ға жуық кәсіпорын 1,5 мыңнан аса бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге қатысушы пробация есебінде тұрғандар осындай шаралардың қажеттілігі мен жұмысқа орналасу кезінде маңыздылығын айтты.

Нәтижесінде 10 тұлға жұмысқа орналасуға жолдама алды.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 603 немесе 79 пайыз жазасын өтеуші азаматтар жұмыспен қамтылғанын (орташа саны – 1523) еске сала кеткен жөн. Аталған өндіріс орындарында ағаш, темір бұйымдарын, пластикалық терезелер мен есіктер, жиһаздар әзірлеу, нан өнімдерін, шырын шығарумен және көкөністерді консервілеумен, тігін шеберханаларында киім тігумен, сондай-ақ қоян, күркетауық асыраумен жазасын өтеуші азаматтар айналысуда. Түзеу мекемелерінде 14 жеке бизнес субъектілері өз кәсібін ашып, онда 166 сотталған азаматтар жұмыс істеп жүр.

Шымкент қаласының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *