БІР ЖЫЛДА АЛТЫ МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАБЫЛДАДЫ

Құқық
831 Views

Азаматтардың шағымдарын жедел әрі тиімді шешу мақсатында өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласы прокуратурасы (қала прокуроры – Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев) жанынан Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылған.

Ұлт жоспарының 100 қадамын іске асыру үшін құрылған орталық, құқықтық қызмет көрсетуді бір жерде біріктіруге арналған.

Өткен кезеңде орталықта 20 заңдық қызмет тегін негізде көрсетілді.

Бүгінгі таңда орталықтың қызметін 6 мыңға жуық азамат пайдаланып, осының 3 мыңға жуығын прокурорлар жеке қабылданған.

800-ден аса азамат адвокаттардың қызметін пайдаланса, 858-медиаторлардың, 600-әкімшілік және мемлекеттік кіріс органдарының қызметіне жүгінген. 62 тұлға пробация қызметкерлерінің және психологтардың қызметтерін пайдаланған.

Прокуратура органдары басшылығының жеке қабылдау жұмыстарының аясында қала прокуроры 100 азаматы жеке қабылдады.

ҚҚҚО азаматтарды қабылдайтын фронт-кеңсе қызметін атқаруда. Мұның негізгі жұмыс қағидасы – ол азаматтармен жұмыс жасауда сервистік тәсілді қолдана отырып, прокуратура алаңында кең заң қызметтерін ұсыну.

Орталық Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі 3, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ғимаратында орналасқан.

Шымкент қаласының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *