МОНОПОЛИЯЛАРҒА ҚАРСЫ ОРГАН ҚҰҚЫҚ БҰЗҒАНДАРДЫ ЖАУАПҚА ТАРТПАҒАН

Қоғам Құқық
729 Views

Түркістан облысы прокуратурасының наразылығы бойынша Мамандырылған ауданаралық әкімшілік соты монополияларға қарсы органның «Қуат-Жылу орталық-3» МКК-на қатысты әкімшілік өндірісін қысқарту туралы заңсыз қаулысын бұзды. Тұтынушыларға техникалық құжаттарын табыстау мерзімдерін бұзғаны үшін уәкілетті орган кәсіпорынға қатысты әкімшілік құқық- бұзушылық туралы хаттама толтырылғаны (ӘҚБтК-нің 164б. 4.б) анықталды. Бұдан кейін де әкімшілік құқық бұзушылықтың анық құрамы болуына қарамастан, аталған әкімшілік іс өндірісі негізсіз тоқтатылған.

Бұл шешім заңсыз қабылданғандықтан облыс прокуратурасы оған сот тәртібіне сәйкес наразылық келтірді. Соттың қаулы-сымен прокуратураның наразылығы қана-ғаттандырылып, «Қуат-Жылу орталық-3» МКК-на 2 693 600 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Заңсыз шешім қабылдаған уәкілетті органның лауазымды тұлғасы сыбайлас жемқорлық санатында бұдан да бұрын жасаған құқықбұзушылығы үшін қылмыстық жазасын өтеу үстінде.

Түркістан облысының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *