ЖАСТАРҒА АШЫЛҒАНДАҢҒЫЛ ЖОЛ

Қоғам
789 Views

Сен үшін Отан сертім сол

Неден де болса тайынбас.

Киелі менің өрісім

Барлығы-дағы сен үшін.

Байтақ ел, сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттар мен ұлыстар құралған халықтың ауызбіршілігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан – өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.

Д. Кожамжарова басқаратын көпсалалы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде әртүрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері білім алады.

Шетелдік студенттер жергілікті оқушылармен бірге әртүрлі пәндерді оқып, мамандық алады. Тұңғыш Елбасымыздың Қазақстандағы толеранттылық мәселесіндегі саясаты университеттің қабырғасында, әрбір факультет пен жоғары мектепте, сондай-ақ әр кафедрада жүзеге асырылады. Шетелдік студенттерге ауызбіршілігімізді танытудың үлгісі болып «Ақпараттық технологиялар және «Энергетика» жоғары мектебінің «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасында оқитын 25 шетелдік жеке бір тобы болып табылады. Кафедраның оқытушылары мен тәлімгерлері оқудың алғашқы күндерінен бастап пәндерді сапалы оқыту үшін барлық жағдайларды жасауға әрекет жасайды, университеттің саясаты мен ережелерін түсіндіреді, тәлімгерлік сағаттарда Қазақстан халықтарының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстырады. Осылайша, олар үшін қазақ және орыс тілі курстары арнайы жасалды. Өйткені, Қазақстанға келген кезде осы тілдерді нашар білуі анықталды.

Білім беруді интернационализациялау — халықаралық, мәдениетаралық немесе жаһандық өлшемдерді жоғары білімнің мақсаттарына, функцияларына және процестеріне біріктіру үдерісі.

Қазір бәсекеден тыс қалған бірде-бір сала жоқ. Ал барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына тәуелді. Мұны «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев ерекше атап көрсетті: «Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атауды ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Рухани жаңғыру саясатында М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының оқытушылары білім беруді ұйымдастыру мен сапасына қойылатын жаңа талаптарға сәйкес студенттерді дайындауда. Өйткені жоғары оқу орнының қазіргі бітірушісі тек арнайы білімі мен дағдылары ғана емес, сондай-ақ жетістікке жету және жетістікке жету қажеттілігін сезінуі тиіс және еңбек нарығында сұранысқа ие екенін білуі керек.

Сондықтан, «ЭжДЭЖ» кафедрасының оқытушылары студенттерге білім жинақтауға қызығушылық, өзіндік жұмыс және үзіліссіз өзін-өзі тануды үйретеді. Осы мақсатқа жету үшін оқытушылар сыртқы және ішкі оқыту мотивациясын пайдаланады.

Осылайша студенттерді оқыту болашақ мамандарға теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгеруге көмектесетін жүйелік білімді қалыптастыруға бағытталған, олар өзгеретін жағдайларға бейімделуге, тәжірибелік тұрғыда шешімдерді жасауға және іске асыруға мүмкіндік береді.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Озық 30 елдің қатарына қосылуға үлкен септігін тигізіп отырған осы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті — Қазақстан Республикасының ірі және көп салалы университеті, аймағымыздың инфрақұрылымының дамуы мен қалыптасуына, Халықаралық қоғамдастықтағы интеграция мен жаһандану үрдістеріне белсенді қатысатын ғылыми-білім беру, интеллектуалдық, мәдени орталығы. Университет 75 жылдан аса тарихы бар жоғары техникалық және гуманитарлық білім берудің екі үлкен мектебінен құралады. Қазіргі кезде университетте 1461 оқытушы ғылыми-педагогикалық іс-әрекетпен айналысуда. Соның ішінде 2 Ұлттық ғылым академиясының академигі, 117 ғылым докторлары мен профессорлар, 500-ге жуық ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет етедi. ОҚМУ-де 81 мамандық бойынша күндізгі және сыртқы оқу түрлерінде 25 мыңға жуық студент білім алуда. Олардың ішінде 5265 студент мемлекеттік грант бойынша оқиды. Университеттің материалдық-техникалық базасы өте бай, атап айтқанда, заманауи үлгідегі он оқу ғимараттарынан, алты студенттер жатаханасынан және екі спорт кешенінен тұрады. Университет барлығы 457 оқу, 130 зертханалық аудиториялармен және 55 компьютерлік класстармен жабдықталған. Оқу процессінде 1861 компьютер, соның ішінде 1560 жаңа үлгідегі компьютерлер, 1641 Интернет желісіне қосылған компьютерлер қолданылады. Университетте Карьера, маркетинг және IT орталығы жұмыс істейді. Орталықтың негізгі міндеті — кәсіпорындар және ұйымдармен тығыз байланыс жасау негізінде университет бітірушілерінің жұмысқа орналасуына ат — салысу, еңбек және білім нарығындағы қызмет көрсету мен маркетингтік зерттеулер жүргізу болып табылады.

Сонымен қатар жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл. Өйткені Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында оны – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі. Өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.

Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселені шешу барысында елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», тағы басқа бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып отыр. Мұның үстіне Тұңғыш Президент айтқандай XХI ғасыр — білім, ғылым, бәсеке ғасыры болмақ!

Біздің жастарымыз қазақ елінің үлкен өмірге қадам басқалы отырған жас азаматтар. Біздің Отанымыз — егемен, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Біздің мақсатымыз – осынау кең-байтақ еліміздің келешекте еңселі де іргелі елге айналуына сүбелі үлесімізді қосу. Болашақта даласы дарқан, жері құт Қазақстанның дамыған елдер қатарынан көрініп, алынбайтын қамалдай мықты да еңселі ел болатындығына сенеміз!

— Мен қазақпын, Биікпін, Байтақ елмін!

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Г. Е. САХМЕТОВА,

Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ

«Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының Доктор PhD.

И. К. КУЛМАХАНОВА,

аға тәлімгері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *