Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өз-өзімен саналы түрде жұмыс істеуі, өз-өзіне баға беруінің нәтижесі, идеалдылықты қалыптастырып, өзін-өзі кемелдендіруге және өзін-өзі тануғаұмтылу. Тәжірибе көрсеткендей, адам өзін-өзі тәрбиелеу жайлы бозбала шақта ойлана бастайды. Себебі бұл процесс психологиялық есейгендікпен – өз-өзіне баға беру мен өзін-өзі байқауға қабілеттілігімен байланысты. Дәл бозбала шақта «идеалды» өзің жайлы алғашқы ойлар пайда бола бастайды. «Осы шақтағы – мен» мен «қалауыңдағы – меннің» арасындағы айырмашылық байқала бастайды.
Жасөспірім өзініңидеалды бейнесіне жақындау үшін алдына мақсат қояды. Алайда барлық жасөспірімөзін-өзі тәрбиелеумен айналыспайды. Себебі мұның болашақ өмірі үшін қаншалықты маңызды болатынын барлығы түсіне бермейді. Әдетте өзін-өзі тәрбиелеумен еріккүші дамыған және өзін-өзімен жұмыс істеу дағдысы бар балалар айналысады. Жасөспірімдер өзін тұлға ретінде тәрбиелеу барысында қандай да бір нәтижеге жетулері үшін кейбір факторларды ескеруі тиіс, әсіресе мұны мұғалімдер қаперінде ұстағаны жөн.
Тәрбиелеудегі факторлардың бірі еліктеуге тұрарлық идеалдарды дұрыс қалыптастыруға көмектесуболып табылады. Бұл балаларға табысты, тағдыры еліктеуге тұрарлық танымал адамдардың биографиясымен таныстыру арқылы іске асады. Таңдалған кейіпкердің биографиясындағы өз-өзімен жұмыс істеген кездеріндегі деректерге аса назар аудартып айту керек.
Ұжымда нақты бір орынға ие болу сынды өзін-өзі тәрбиелеу факторлары да ынталандырады. Сонымен қатар тәуір орынға ие болу үшін лайықты болу және ерен еңбектену керектігін түсіндіреді. Бұл жағдайда педагогтың міндеті – жасөспірімдердің назарын мінезінің кейбір тұстарына білдіртпей аударту арқылы олардың тәртібін түзеу болып табылады. Мысалы, біреулерде – бұл қызбалық, екіншілерінде – ұжымның басқа адамдарына деген менсінбеушілік, тағы басқа болуы мүмкін.
Өзін-өзітәрбиелеудегі тағы бір маңызды фактор – жасөспірімдердің қатарластарының оң және теріс әрекеттері болып табылады. Оң әрекеттің бәрі түсінікті, тек бастысы – асыра сілтеудің қажеті жоқ, біреудің баласын оған мысал болатын баланың көзінше асыра мақтауға жол бермеңіз. Әйтпесе кері механизм орын алуы мүмкін – оң әрекет теріс әрекет деп қабылдауы мүмкін.
Себебі жасөспірімдердің жаны нәзік келеді. Сондықтан құрдасына жасалған мақтау сөзді өзінің дәрменсіздігі деп қабылдауы мүмкін. Сонымен қатар біреумен салыстырмай-ақ, басқа жасөспірімдердің бойындағы жағымсыз қасиеттерге баға беруге болады. Әсіресе мұндай қасиет «тәрбиеленушінің» бойында бар болған жағдайда. Кейде біреулердің жағымсыз қылықтарын сөгу жасөспірімді өз қылықтары жайлы ойлануға итермелейді.
Өзін-өзі тәрбиелеу факторлары жасөспірімдерде ішкі қарсылық пен өзін-өзімен жұмыс істеуқажеттілігін тудыратын психологиялық механизм сияқты әсер етеді. Мұндайқажеттілік әрбір жасөспірімде пайда болады, ал педагогтың міндеті – соны сезіп,түзу жолға бағыттау болып табылады.
Акбархон САРМАНОВ,
Шымкент аграрлық-техникалық колледжі оқытушысы.