ЕҰУ-нің ҮЗДІК ҒАЛЫМДАРЫ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРМЕН ШӘКІРТАҚЫЛАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Білім Қоғам
526 Views


Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін жоғары наградаларға ие болды. Оларды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов марапаттады.

Қазақстан ғылымының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін жаратылыстану ғылымдары саласындағы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» Халықаралық кафедрасының профессоры Қайрат Кутербеков пен Жалпы биология және геномика кафедрасының меңгерушісі Рахметқажы Берсімбай ие болды.

Инжиниринг және технологиялар саласындағы сыйлықты Е инженерлік бейіндегі зертхана қызметкері Артем Козловский мен Техникалық физика кафедрасының профессоры Тұрлыбек Нұрахметов иеленді.

Әлеуметтік ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықты Экономика және кәсіпкерлік кафедрасының профессоры Үрпаш Шалболова алды. Гуманитарлық ғылымдар мен өнер саласындағы үздік деп тарих ғылымдарының докторы Сатай Сыздықов, теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының профессоры Шолпан Жарқынбекова, филология ғылымдарының докторы Жантас Жақыпов, жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының профессоры Сәуле Тәжібаева танылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдың қорытындысы бойынша бекіткен сыйлықтар мен стипендия иегерлері де салтанатты түрде марапаттады.

Алтынсарин атындағы сыйлыққа Ғайни Ділімбетова, Күлжанат Болатбаева, Майра Рахымжанова, Сәулет Әбенова, Дина Әкіміш («ЖОО білім беру жүйесінің экологиясы студенттердің рухани санасын жаңартудың инновациялық жолы ретінде» атты еңбегі үшін) ие болды.

«Жетекші ғалымдар» санатындағы мемлекеттік ғылыми стипендияның иегерлері болып, Алма Дәулетбекова, Шолпан Жарқынбекова және Перизат Сейітқазы танылды. «Жас ғалымдар» санатының үздіктері: Арай Аманова, Әсел Нұрышева, сондай-ақ Серікбол Шаймардан.

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары жоғары ғылыми әлеуеті мен кәсібилігін тағы да дәлелдеді. Баршаңызды лайықты марапатпен құттықтаймыз!

ЕҰУ-нің ғылым және коммерцияландыру департаменті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *