Бүгінгі таңда жастарды тәрбиелеу және оларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру, таңдаған мамандығы бойынша білікті ұстаздардан білім алуға жол көрсету әрбір ұстаз бен ата-ананың міндеті. Сондықтан болашақ ұрпақтың келешегіне үңіле қарап, терең көңіл бөле отырып оларға жол-жорық көрсетіп, дұрыс кеңес беруіміз ең маңызды мәселенің бірі. Заман талабы бен адамзаттың ақыл-ой санасы бірге дамымай ешқандай жетістік пен нәтижеге қол жеткізе алмайтынымызды түсінетін кез келгенін де ұмытпауымыз керек.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптарына сәйкес еліміздегі жоғары оқуорындарының білім беру қызметіне қойылатын талаптар да өзгеріп, барша жоғарғыоқу орындарына ерекше назар аударылып отыр. Жастардың білім алу ордасында білімалу үшін барша қолайлықтар мен мүмкіндіктер кеңінен жасалуы заман талабыекендігі айтпай-ақ түсінікті. Осындай талаптардың баршасына қол жеткізіп жастарүшін жылы құшағын айқара ашып тұрған университеттердің бірі – Шымкент қаласындаорналасқан «Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті».
Бүгінгі күнде университетте 50 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярланады. Оның ішінде 34 – бакалавр бойынша білім беру бағдарламасы, 13 магистратура бойынша білім беру бағдарламасы, 3 докторантура бойынша білім беру бағдарламасы және 1 жылдық сержанттық құрамға, 2 жылдық офицерлік құрамына «Әскери кафедрада» оқуға мүмкіндік алады.
Университетте: педагогика және психология, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі, музыкалық білім, көркем еңбек және сызу, денешынықтыру және спорт, алғашқы әскери дайындық, математика, информатика, физик, химия, биология, география, тарих, құқық негіздері және экономика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі, дефектология, дизайн, аударма ісі, есеп және аудит, халықаралық құқық, қаржы, кеден ісі, мемлекеттік және жергілікті басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, органикалық заттардың химиялық технологиясы, құрылыс, сәулет, инженерлік жүйелер және желілер бойынша білікті мамандарды дайындауда барлық мүмкіндіктер бірге электронды кітапхана жүйесі жоғары сапада жұмыс атқаратыны барша студенттер үшін қуанышты жағдай.
Жалпы барлық білім беру бағыттары бойынша білікті профессор-оқытушылар мен ғалымдар дәріс беріп, жастардың теориялық білімі мен практикалық тәжірибелерін арттырып келуде.
Аталмыш «Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті» жаңартылған күйде алға қарай қадам басып келуде. Оқу орнының негізі, алғашқы ректор, х.ғ.д., профессор, П.Капица атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуатбеков Әбдімұса Мұратұлының тың идеялары мен ерен еңбегінің нәтижесінде қалыптасқан. Әбдімұса Мұратұлы – әрдайым іскерлігімен, қайрымдылығымен, ұйымдастыру қабілетінің биіктігімен, талапшылдығымен ерекше тұратын. Жоғары оқу орындарын басқарғанда материалдық-техникалық базасын жақсартуға, ұлттық кадрлардың сапасын жетілдіруге, білім берудің әлемдік талаптарға сай ұйымдастырылуына, студенттер мен магистранттардың әлеуметтік жағдайына, балалар үйінде тәрбиеленген балалардың жоғары білім алуына баса мән беретін. Еліне өмірінің соңғы күндеріне дейін қайырымдылық ретінде миллиондап қаржылай көмек беріп, демеушілік көрсеткен, меценат жан еді.
Бүгінгі күнде университет президенті техника ғылымдарының кандидаты, профессор Қуатбеков Нұрлан Әбдімұсаұлы пен университет ректоры медицина ғылымдары докторы, академик Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы әке ізін ешбір қатесіз жалғастырып, университет беделін күннен-күнге асырып келуде. Жоғары оқу орындарына қойылған талаптардың ең бастысы, студенттерді заман талабына сай болған жатақханамен қамтамсыз ету мәселесі алғашқылардан болып өз шешімін тапқан. Өткен жылдың қыркүйек айында 300 орынға ие заманауи түрдегі 6 қабаттық жатақхана пайдалануға беріліп, студенттердің жүзі мен жүректеріне жылу сыйлады.
Жаңадан біткен жатақханада барлық жағдайлар жасалған. Атап айтар болсақ, үзіліссіз интернет жүйесі, жыл он екі ай ыстық және мұздай су, әрбір секцияда жеке жуыну кабиналары мен әжетханалар заман талабына сай құрылған. Әсіресе қыс мезгілінде жылыту желісі 100 пайыз істеп тұрады. Қай мезгілде болсын жанға жайлы бөлмелерде студенттердің сабақ дайындауларына барлық мүмкіндіктер жасалған.
Осындай барлық талаптарға сай оқу орнында білім алып жатқан жастардан келешекте үлкен үміт күтуімізге болады. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей аталмыш оқу орнында жас ұрпақты тәрбилеуде басты назарды ұлттық болмысымызды жастар санасына дұрыс қалыптастыруға аудару ең басты міндетке айналған.
Ұлттың байлығы оның экономикалық және табиғи ресурстарында емес, болашақ ұрпағында, елдің, ұлттың болашағын құратын балалары мен жастарында. Бүгінгі балалар болашақта ел тағдырын анықтайтын болады. Сондықтан әрбір қоғам үшін мықты, дені сау және интеллектуалды жастарды тәрбиелеу міндетті. Ел жастары – оның күші. Оларда энергияның, ерік-жігердің, қабілеттердің, құлшыныстың және ынта-жігердің шексіз қоры бар және олар ұлт тағдырын қалыптастыра алады. Сондықтан жастарды адами ресурстарды басқару тұрғысынан Қазақстанның мемлекеттік дамуының негізі деп қарастыру керек. Атап айтқанда, жастардың болашақ мамандығын таңдауы Қазақстан экономикасының мәнін анықтайды. Экономика салалары бойынша жастарды жұмыспен қамту құрылымы – бұл қазіргі уақытта қызметтің қандай салалары басым болып табылатынының көрінісі. Тұтас алғанда бүкіл қоғамның дамуы жастардың жұмысқа орналасу процесіне қаншалықты дайын болуына, жұмысқа қаншалықты ынталы болуына және өз үміттерін іске асыру үшін қандай жеке қасиеттерге ие болуына байланысты.
Келешекте қоғамнан өз орнын табатын білімді жастарды дайындау үшін де білікті мамандар мен жан-жақты заманауи талапқа сай оқу орындарын қалыптастыру қажет. Сондай заман талабына сай орны ерекше оқу орындарының бірі ретінде бүгінгі тақырыбымызға арқау болып отырған Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетін тілге алсақ қателеспейміз. Шындығында адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл — парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән.
Еліміздегі білім берудің ағымдық жағдайына талдау жасау, осы уақытқа дейін қалыптасқан білім беру жүйесінің ескіргенін, оны ұйымдастыру және құрылымдық жағынан түбегейлі өзгертудің, білім мазмұнының жаңартудың, қазіргі республика дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси, сол сияқты дамыған елдердің прогрессивті тәжірибесіне отырып, мамандарды даярлау сапасын жетілдірудің қажет екендігін көрсетті. Еліміздің алдағы ұзақ мерзімді дамуындағы басым бағыттардың бірі – білім мен ғылымды дамыту болмақ. Себебі мемлекет басшысы қойған басты талаптарының бірі – өркениеттің шалқар көшінде бәсекелестікке қол жеткізу үшін білім мен ғылымды жаңа өрістерге шығарып, интеллектуалдық серпіліс жасау бүгінгі күннің басты талабы.
Бүгінгі жастарды ертеңгі күннің көшбасшысы етуге, терең де сапалы біліммен сусындауға, өз замандастарының алдында еңсесі биік, мақсаты анық болып, қоғамнан өзінің беделді орнын табуы үшін оңтүстіктің айнасына айналған Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетіне шақырамыз. Тек оңтүстіктің ғана емес, бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша жекеменшік жоғарғы оқу орындарының арасында ерекше абыройға ие, мемлекеттік жоғарғы оқу орындарымен терезесі тең болған аталмыш университеттің жалпы техникалық базасы. Сондықтан осы мақаланы оқып отырған әрбір ата-ана мен ұстаздарға айтарымыз, өз балаңыз немесе шәкіртіңіз үшін оқу орнын таңдауда адаспай және еш екіленбей әңгімемізге арқау болып отырған Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетін таңдап, білім алушы жастарды осындағы білікті мамандардың қолына тапсырсаңыздар өз ұрпақтарыңыздың келешегі үшін үлкен жол ашып берген боласыздар. Мұндағы студенттерге жаратылған жеңілдіктер мен мүмкіндіктер басқа ешбір жоғары оқу орындарында жоқ екенін де мақтанышпен айтуымызға болады. Мысалы төлем келісім шартымен оқитын, жартылай және толық жетім балаларға, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға, мүгедектігі бар балаларға арнайы 50-100% жеңілдіктер бүгінгі нарықтық заманда әрбір отбасы үшін таптырмас қуаныштардың бірі деп білеміз. Ал ендеше, келешекте қоғамнан өзімнің абыройлы орнымды тауып, өз біліміммен қай уақытта болсын таңдаған мамандығым бойынша бәсекелестікке қатысамын деушілерді Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті жылы құшағымен күтіп алады. Қорыта айтқанда сапалы білім беру бізден, ал білікті білімнің арқасында, елге қызмет ету сіздерден ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР демекпіз.
Марат Дүйсенұлы МАМАДИЯРОВ,
Маркетинг және кәсіби бағдар беру бөлім басшысы,
Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті