ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНЕ ОҚУҒА ТҮСУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ

Білім
955 Views


Құрметті талапкерлер – 2021!

Бүгінде М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжі – еліміздің оңтүстік өңіріндегі темір жол саласы бойынша білім беретін бірден бір оқу орны. Темір жолдың мемлекет үшін стратегиялық маңызға ие сала екенін ескерсек, біздің колледждің түлектеріне еңбек нарығында әрқашан да сұраныс бар. Колледждің нарықтағы қажеттілігін анықтайтын басты факторлар, ол – заманауи материалды-техникалық база, білікті оқытушы және икемді, ынталы, білімді студенттер.

Шымкенткөлік колледжінде 6 мамандық бойынша білікті мамандар даярланады.

ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ МАМАНДЫҚТАРЫ

Мамандық шифры Мамандықтың аталуы Біліктілік 9 сыныптан кейінгі оқу мерзімі 11 сыныптан кейінгі оқу мерзімі
1 07130600 Темір жолдың электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету 4S07130603 — Техник-электромеханик 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
2 07160500 Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету 4S07160503 -Техник-электромеханик 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
3W07160501 — Локомотив машинисының көмекшісі (түрлері бойынша) 2 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай
3 10410200 Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару 4S10410205 – Техник организатор перевозок 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
4   07140700 Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару 4S07140703 — Техник-электромеханик   3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
5 07320800 Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы 4S07320083 — Техник- путеец-строитель 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
6 07140900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар 3W07140901 — Телекоммуникациялық байланыс жүйелер технигі 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
  • Қысқа мерзімді оқу курстары – Жолаушылар пойызының жол серігі, электровоз және тепловоз машинисінің көмекшісі, жол монтері, электромонтер және т.б. курстарына тыңдаушылар қабылданады.

Шымкент көлік колледжін бітірген түлектер Академияда оқуды қысқартырылған мерзімде жалғастыра алады (2-3 жыл мерзімде).

Колледж директоры Салықбаев Нұрдәулет Пернеханұлының басшылығымен барынша бәсекеге қабілетті, білікті кадрлар даярлау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Ол үшін колледжде оқу өндірістік база, оқу зертханасы, асхана, дәрісханалар, оқу және спорт залдары жұмыс істеп тұр.

Мекен жайымыз: Шымкент қаласы, Ж. Аймауытов көшесі, № 1 үй.

Бізбен байланысыңыз: +7 701 222 20 10

 shymkent_qazatk www.shymkent-kazatk.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *