«ШӘКӘРІМ» ӨЗБЕК ТІЛІНДЕ

Руханият Әдебиет
107 Views

Академик Ерлан Сыдықовтың «Шәкәрім» кітабы өзбек тілінде жарық көрді

Тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың «Шәкәрім» кітабы Ташкент қаласындағы«Muharrir nashriyoti» баспасынан өзбек тілінде жарық көрді. Еңбектіңшығарылымы белгілі қазақ ақыны, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығынаорайластырылған.

Ерлан Сыдықовтың «Шәкәрім» кітабы оқырмандардың қалың қатарына қолжетімді болды. Оны өзбек тіліне академик, Өзбекстан жазушылар одағының мүшесі Абдулла Рустамов кәсіби түрде аударды. Кітап арқылы өзбекстандық оқырмандар көрнекті қазақ ойшылының, ғалымның және композитордың тұлғасымен кеңінен таныса алады.

Кітапта Шәкәрім Құдайбердіұлының тарихи, публицистикалық, философиялық еңбектері ғылыми және азаматтық ұстанымдар тұрғысынан талданған. Белгілі ақынның отбасы арқылы дала қазақтарының күнделікті тұрмыс-тіршілігі, ұлт тарихы көрініс табады. Кітап авторы тарапынан терең ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізілген.

Кітап алғаш рет 2012 жылы «Жизнь замечательных людей» сериясымен жарық көрген болатын. ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың бұл еңбегі бұған дейін қытай, түрік, ағылшын және украин тілдеріне аударылғанын айта кеткен жөн.

«Әділет-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *